Цифрлық сауаттылық

Халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту

Өскемен қаласы тұрғындарының цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде ағымдағы жылы халықты цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту жұмыстары жалғасуда.
«Өскемен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Өскемен қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп  маусым, тамыз айларында цифрлық сауаттылық жөнінде халыққа оқу-үйрету семинарын өткізеді.
Барлық ниет білдірушілерді компьютерді пайдалану дағдыларын, интернетте ақпарат таба білуді, электрондық және ашық үкімет сервистерін пайдалана білуді, электрондық сауда, қызметтерді алу және төлеу дағдыларын сандық құрылғыларды пайдалану дағдыларын арттыруға шақырамыз.

Оқыту 5 оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
1. "Ашық үкімет".
2. "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер".
3. "Электрондық сауда".
4. "Базалық сандық дағдылар".
5. "Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары»
Келіп қатысуларыңызға болады. Байланыс телефондары: 26-89-65, 57-79-76.

 

Хабарлама

23/07/2019
Өскемен қаласы тұрғындарының цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту Толығырақ...
1