Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімі

Өмірбаян

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына кірішулер, қош келдіңіздер!

Өскемен – үш ғасырлық тарихы бар даңқты қала, қала тұрғындары жеткен жетістіктерін мақтан тұта отырып, әрқашан салт-дәстүрді сақтауда. Еліміздің металлургиялық жүрегі, республикалық хоккейдің отаны, Алтайдың қазақстандық бөлігінің әкімшілдік орталығы...

Осындай қаланы басқару – күрделі, жауапты және өте қызықты. Өмір сүру жағдайын жақсартуға жан-тәнін салу, тіпті шешімін табу қиынға соғатын мәселелерді қарастыратын команданы құру – міне, Өскемен қаласының әкімдігінде қызмет жасаудың басты мәні.

Бұл сайттан сіздер қала әкімдігінің халыққа жәрдемдесуі, қаланы көркейту және дамыту жолында атқарып жатқан істері, осы бағытта сан қилы қиындықтармен күресіп келе жатқаны туралы мәлімет ала аласыздар. Мұнда респи және анықтамалық ақпарат, бөлімдер мен бағыттардың қызметі туралы, қала өмірінің барлық салалары туралы мәліметтер орналастырылады. Виртуалды қабылдау, фотогалерея, күнделікті жаңартылып отыратын жаңалықтар, пайдалы сілтемелер – біз Өскемен қаласы туралы айтып беру үшін барлық жағдайды жасадық!

Қош келдіңіздер!

Құрметпен,
Өскемен қаласының әкімі - Аймұқашев Ерлан Қапарұлы

akimӨмірбаяны

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы

1970 жылы 18 наурызда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірлген. 1998 жылы – Павлодар университеті, мамандығы - экономист-менеджер.  
Еңбек жолы
08.1992-08.1996 жж.  Павлодар педагогикалық институтының Спорттың бұқаралық түрлері кафедрасының оқытушысы, Павлодар қаласы
09.1996-04.1998 жж - «Данат» ЖШС менеджері, Павлодар қаласы
05.1998-12.2000 жж. – Павлодар облысы әкімінің істері басқармасының бас маманы
12.2000-03.2001 жж.  - Павлодар облысы әкімінің істері басқармасының хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
04.2001-11.2001 жж. – «Ертіс» спорт клубы қоғамдық қорының атқарушы директоры, Павлодар қаласы
12.2001-12.2002 жж. – Павлодар облысы туризм және спорт департаментінің бастығы
12.2002- 07.2003 жж. – Павлодар облысы әкімінің көмекшісі  
07.2003-01.2007 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі
01.2007-02.2010 жж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарт бойынша әскери қызметінен өтті, Астана қаласы
02.2012-03.2012 жж. – Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесінің (Министрінің) Хатшылығы басшысының міндетін атқарушы, Мәскеу қаласы
03.2012-12.2014 жж. - Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесінің (Министрінің) Хатшылығы басшысы, Мәскеу қаласы
2015 жылдың ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысы.
2016 жылдың  20 сәуір айынан бастап Өскемен қаласының әкімі.

Лауазымдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру. 
Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне басшылық жасау, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтары.
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар, бюджеттің орындалуына бақылау жасау.
Қалалық бюджеттік комиссиясына басшылық ету. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша, болашақтағы және ағымдағы шешімдерін, міндеттерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаланың дамуы мен қызмет көрсетуі, реформалау жөніндегі шешімдері мен өкімдерін шешу. Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, қалалық ішкі істер басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, сот органдарымен, әскери прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, экономикалық және Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз қылмысына қарсы күрес жөніндегі департаментімен, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, атқарушылық тәртіп, Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызпен және қылмыспен күрес сұрақтарын шешуде келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.

Міндеттерді бөлу:

Аудан бойынша жалпы бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің шешімдерімен өкімдерді орындау жөнінде стратегиялық және ағымды міндеттерді, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу, басқару құрылымын оңтайландыру. Кадрлық саясатты жүргізеді.

Бюджетті қалыптастыру жұмысын басқарады, жергілікті бюджетке кірістерді уақытында түсетіндігіне бақылау жасайды және бекітілген бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджет құралдарын пайдалануын қамсыздандырады.
Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы жоғары органдарға ұсыныс енгізеді.
Аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді.
Прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, қаржы полициясы аралығында ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қылмыс және Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын бақылайды.

Мекенжайы:Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019 Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 17.
әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі қабылдау күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізеді

Азаматтарды қабылдау: әр айдың төртінші сәрсенбісі, сағ.15.00.де
Қала әкімінің қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі – 8 (7232) 26-35-44
Азаматтардың қатынасу бөлімінің телефон нөмірі – 8 (7232) 26-85-68
Е-mail: e.aimukashev@akimvko.gov.kz

Өскемен қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары, әкім аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау
КЕСТЕСІ

Лауазымы Аты-жөні Қабылдау күні мен уақыты Байланыс телефоны
Өскемен қаласының әкімі Ерлан Қапарұлы Аймұқашев
Айдың төртінші сәрсенбісі сағ.15.00-ден 26-49-30
26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Ержан Смағулұлы Қоңырбаев Айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Арман Мұхтарханұлы Искаков Айдың екінші және төртінші бейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Ольга Александровна Булавкина Айдың бірінші және үшінші бейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Ержан Айткенович Шурманов Айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68

 

Әкім блогы

Бет өзгертілді: 20-01-2017