Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әкім аппараты

Әкім аппараты

Өскемен қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары, әкім аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау
КЕСТЕСІ

Лауазымы Аты-жөні Қабылдау күні мен уақыты Байланыс телефоны
Өскемен қаласының әкімі Ерлан Қапарұлы Аймұқашев
Айдың төртінші сәрсенбісі сағ.15.00-ден 26-49-30
26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Ержан Смағулұлы Қоңырбаев Айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Арман Мұхтарханұлы Искаков Айдың екінші және төртінші бейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен  қаласы  әкімнің орынбасары Ольга Александровна Булавкина Айдың бірінші және үшінші бейсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68
Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Ержан Айткенович Шурманов Айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағ. 15.00-ден 26-85-68

 

Конырбаев Ержан Смагулович Өскемен қаласы әкімінің орынбасары - Конырбаев Ержан Смагулович

Атқаратын қызметтері: Қала әкімі болмаған уақытта оның міндеттерін атқарады және қаланың атқарушы биліктерінің қызметтеріне шұғыл басшылықты жүзеге асырады. Көріктендіру, пайдалану, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру сұрақтарына басшылық жасау. Қаланың жолаушылар көлігі және байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жылу-, энерго-, сумен жабдықтауды пайдалану, қалада тұрғын үй құрылысын дамыту Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру. Төтенше жағдайлардан сақтандыру және оның салдарын жою, құрылысы аяқталған тұрғын үй, өндірістік, азаматтық-тұрғын үй және коммуналдық тағайындалған нысандарды, пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы жөніндегі ведомствоаралық және қалалық комиссияларға, жер қатынастары және қала құрлысы мәселелері бойынша басшылық жасау. Төтенше жағдайлар болған кезде қалпына келтіру жұмыстарына басшылық жасау, жұмылдыруға дайындық сұрақтарын шешу. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінің қызметтерін үйлестіру.

Апта сайын, әр сейсенбіде:әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қабылдау күні сағат 14.00-ден жүргізеді

Телефон: 8 (7232) 26-12-15 Е-mail: e.konyrbayev@akimvko.gov.kz
   
Булавкина Ольга Александровна Өскемен қаласы әкімінің орынбасары - Булавкина Ольга Александровна

Атқаратын қызметтері: Қаланың әлеуметтік-мәдени дамуының басымды бағыттарын анықтау, қаланың білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ішкі саясат саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарын жүзеге асыру. Мемлекеттік тіл саясаты, идеологиялық қамтамасыз ету, қоғамдық келісім, әскери-патриоттық тәрбие, отбасы және неке сұрақтарын жүзеге асыру. Қаланың дамытудың маңызды сұрақтары бойынша әлеуметтік-саяси процесстерді, саяси жағдайдың мониторингін және қоғамдық көзқарасты зерттеуді жүзеге асыру. Адам құқығын қорғау облысындағы халықаралық ұйымдармен, қоғамдық және діни ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен өзара қарым-қатынас жасау. Жалпы мемлекеттік мерекелер, қоғамдық-саяси акциялар, науқандарды, референдумдар мен барлық деңгейдегі депутаттарды сайлауды дайындауды ұйымдастыру және өткізу. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау. Қаладағы жағдайды тұрақсыздандыруға бейім процестерге превентивтік шаралар әзірлеу және жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау. Ішкі саясат, білім беру, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша), қалалық ардагерлер кеңесінің қызметтерін үйлестіру. Зейнеткерлердің мәселелерін шешу жөніндегі жұмысшы тобының, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша, отбасы және гендерлік саясат ісі бойынша, ономастикалық, награда жөніндегі, қалалық әскери комитеттің шақыру комиссиясы, қалалық сайлау комиссияларының жұмыстарына басшылық жасау.

Апта сайын, әр сейсенбіде:әр айдың бірінші және үшінші бейсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қабылдау күні сағат 14.00-ден жүргізеді

Телефон: 8 (7232) 26-35-31 Е-mail:  o.bulavkina@akimvko.gov.kz
   
Искаков Арман Муктарканович Өскемен қаласы әкімінің орынбасары - Арман Мұқтарқанұлы Искаков

Атқаратын қызметтері :Қалалық бөлімдердің қаржы-экономикалық анализ, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм қызметін үйлестіру. Салық басқармасы, статистика, ауыл шаруашылығы органдарымен, Қазақстан Республикасының әділет департаментмен, қаржы институттарымен, шағын бизнес субъекттерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ассоцияциялармен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бірлестіктерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру бойынша комиссиямен, кәсіпкерлік мәселесі бойынша сараптаушы кеңесті, инфляциялық үрдістерді бақылау бойынша қалалық штабты, бюджеттік қаражатты игеру бойынша жұмыс тобын, жұмыс істемейтін кәсіпорындар және мекемелермен жұмыс бойынша жұмыс тобын, қала тұрғындарының өтініштерін қарастыру бойынша жедел штабын, қала кәсіпкерлігін дамытудағы кедергілерді жою, «Ең үздік кәсіпкер» байқауын өткізу бойынша жұмыс тобын басқару. Ағымдағы, алдағы жоспарлау мен болжау мәселелері, кірісті қамтамасыз ету, қалалық бюджеттің шығыс бөлігін орындау, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, экономика саласындағы бағдарламаларды іске асыру, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ауылшаруашылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Қабылдау уақыты:сағат 14.30-дан әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі. Қабылдауға жазылуды әкім аппаратының жалпы бөлімінің маманы сағат 14.00-ден жүзеге асырады.

Телефон: 8 (7232) 26-06-56, Е-mail:
   
Шурманов Ержан Айткенович Қала әкімі аппаратының басшысы - Шурманов Ержан Айткенович

Атқаратын қызметтері :Қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Қала әкімінің қалалық мәслихатпен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігімен, Меновной ауылдық округімен, Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» ҚМКК, қалалық сайлау комиссиясымен өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету. Қала әкімі тағайындайтын кадрлар жөніндегі келісілген ұсыныстарды зерделеу және енгізу, қала әкімі аппаратының кадрлық сұрақтарын шешу. Қаладағы басқару органдарының құрылымын жетілдіру қызметтерінің тиімділігі жөніндегі, қызметтік автокөлікті пайдалану сұрақтарын шешу. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс және қала әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауда әкім аппаратының, қалалық басқару органдары-ның қызметін үйлестіру. Қала әкімі аппаратының бөлім басшыларын, қалалық мемлекеттік басқару органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды дайындау. Қала әкімі аппаратының: бақылау-инспекторлық және кадрлық жұмыс, жалпы, қаржы-шаруашылық, заңгерлік бөлімдерінің, қала әкімі аппаратын техникалық қамтамасыз ету қызметін үйлестіру. Референдумдар мен барлық деңгейдегі депутаттарды сайлауды дайындауды ұйымдастыру және өткізу. Конкурстық, тәртіптік, аттестациялау, аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру.

Апта сайын, әр сейсенбіде:әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қабылдау күні сағат 14.00-ден жүргізеді

Телефон: 8 (7232) 26-35-23 Е-mail: e.shurmanov@akimvko.gov.kz
   
Қала әкімінің кеңесшісі -

Атқаратын қызметтері: Қалалық бөлімдері мен мекемелердің жұмыс жағдайының талдауын; жұмыстың, бағдарламалардың, іс-шаралардың ағымдағы және болашақтағы жоспарларды әзірлеуге және құруға қатысуды; мемлекеттік органдардың қызметін жетілдеруге бағытталған құрылымдық басымдықтарды аңықтауды.

Телефон: 8 (7232) 26-64-07, Е-mail:

Бет өзгертілді: 09-03-2017