Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әкім аппараты

Ұйымдастыру –инспекторлық жұмыс бөлімі

Мусинова Альмира Аскерхановна Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы Мусинова Альмира Аскерхановна

Атқаратын қызметтері: Қала әкімі аппараты басшысының қолдауымен жұмыс атқарады. Бөлім жұмысына басшылық етіп, ұйымдастырады, бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттігін анықтайды. Бөлімнің жұмысын жоспарлауды, облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдылық бөлімшелерімен қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бөлімнің істер номенклатурасын жүргізуді, бөлім қызметкерлерінің құпия режимін сақтауды ұйымдастырады. Бөлімнің қызметшілерін құзырлығындағы бөлімдерге бекітеді. Бас инспекторлар арасында өзара алмасуды анықтайды. Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдермен, облыстық және қалалық сайлау комиссияларымен, облыстық және қалалық мәслихаттарымен өзара ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекет хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімінің, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындалуын бақылауды ұйымдастырады. Бөлім өкілеттілігіне енетін мәселелер бойынша облыс әкімінің және облыс әкімінің аппарат басшысының атына қызметтік хаттар мен ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады. Негізгі іс-шаралардың ай сайынғы жоспарларды, негізгі іс-шаралардың апта сайынғы жүйелік жоспарларды әзірлеуді ұйымдастырады. Облыс әкімдігінің жұмыс жоспарына ұсыныстарды жинауды, пысықтауды және әзірлеуді ұйымдастырады. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды ұйымдастырады. Облыс әкімінің, қалалар мен аудандардың әкімдерінің халық алдында есеп беруін өткізуді қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындықты және оны өткізуді қамтамасыз етеді, сайлаушылардың тізімін тоқсан сайын салыстыруын, ОСК, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен, облыстық және қалалық мәслихатпен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекет хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппарат басшысының, қала әкімі және әкімдігінің, қала әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қаланың мемлекеттік органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді. Қала әкімінің, қала әкімінің аппарат басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларына сәйкес құрылымдылық бөлімшелердің басшыларына міндетті түрде орындалатын тапсырмаларды береді. Қала басшылығының тапсырмасы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық бөлімдердің қызметіне кешендік тексерулерді ұйымдастырады, олардың жұмыс әдісін және түрін жетілдіруге көмектеседі. Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Әкімшілік-аумақтық құрылым сұрақтарымен айналысады. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің қызмет тиімділігінің ай сайынғы бағалауын ұйымдастырады. Бөлім меңгерушісі өз қызметін жүзеге асырған кезде Ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтауға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейбір іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

Телефон:8 (7232) 26-65-36, Е-mail: almira_musinova@mail.ru

Бет өзгертілді: 18-11-2015