oskemen.vko.gov.kz / Әкім аппараты
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әкім аппараты

Азаматтарды қабылдау

Тұрғындармен жұмыс / Есептер

2017 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратына және дербес бөлімдерге түскен жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен жұмыс туралы ақпарат

2017 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратына және дербес бөлімдерге 11045  жеке  және заңды тұлғалардың арыздары түсті, оның ішінде 9575 жеке тұлғалардан болса, 1470 заңды тұлғалар арыздары.
Аталған кезеңде Өскемен қаласы әкімі аппаратымен дербес бөлімдерге түскен арыздардың жалпы санынан 3858 арыз оңды шешімін тапты.

Көтерген мәселелері бойынша арыздар келесі бағыттарды қамтиды:
- арыздардың 80 % жер және сәулет мәселелері (бұрыннан бар үйлерге, саяжайларға, гараждарға және қосымша жер учаскелерін беру туралы, сондай-ақ, жайларды қайда жоспарлауға рұқсат);
- 10 -  % - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері (тұрғын үй бөлуді тездету, қаланың шалғай аудандарында жол, тұрғын үй жөндеу, қарды тазалап, шығару, ШСФ орнату, ПИК жұмысына шағымдар);
- 7 -  % әлеуметтік сипаттағы сұрақтар (білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту);
- 3 -  % - тағы басқада сұрақтар;

Есеп беру кезеңінде қала басшысымен және дербес бөлім басшыларымен жеке қабылдауларда 1091 жеке және заңды тұлғалар қабылданды.
Өскемен қаласының әкімі Қ.М. Тұмабаевпен 2017 жылы қаланың шалғай аудандарында Аблакетка, ЖМК, Үлбі кентінде, Жыланды, Ахмер, Меновное, Ново-Явленка, Прудхоз, Новотроицкое, 20-шы, 22-ші, 23-тұрғын аудандардың, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының филиалында орынға барумен қабылдаулар жүргізілді, қабылдау барысында 149 арыз қаралды. Қаланың шалғай аудандарында қала әкімі тұрғындарды қабылдаудан бөлек, аудан қайтаркерлерімен кездесу өткізді.
Аталған кезеңде жалғыз басты зейнеткерлер мен көп балалы аналарға көмір, отын жеткізілуде және азық-түлікпен көмек көрсетілді. Көптеген арызданушыларға балаларды мектепке әзірлеуге көмек берілді.
Орынға бару қабылдаулары нәтижесінде тұрғындар көтерген мәселелер оң шешімін тапты. Мысалы:

  • Аблакетка аумағында Челюскин көшесіндегі жолдың бөлігі жөнделді, № 13 мектеп жанындағы апаттық жағдайдағы талдар кесілді. Левобережная көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолынан көпірге дейінгі аралық абаттандырылды, СЭС су қоймасынан өтетін жаяу жүргіншілер көпіріне темір тіреуіштер және қарды ұстап тұратын құрылғылар орнатылды, бұл қысқа уақытта көпірден еркін жүруге мүмкіндік береді. Аталған мәселелер жылдар бойы шешімін таппай келген.
  • Куленов кентінде Вартинян-Дружба Народов көшесінде жолдың бөлігі жөнделді, талдарды кесу жүзеге асырылды;
  • «Звезный» бағбандық серіктестігінің кіре берісі жөнделді;

Көптеген арыздар бойынша қала әкімі хаттамалық тапсырмалар берілді, ол арыздар өздерінің оңды шешімдерін 2018 жылы табады.
Қала әкімімен арыздардың орындалуы бойынша жұмыс апта сайын бақылауға алынады.
Барлық толғандыратын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Өскемен қаласы әкімінің аппаратына Пермитин көшесі, 17 мекен жайы бойынша, 26-85-68 телефонына сағ 8.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз хабарласа алады.

Өскемен қаласы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі 2015 жылдың 9 айына арналған ақпарат

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына ағымдағы жылдың 9 айында 13478 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнамада өзгертулер есебінен  2952 өтінішке азайғаны байқалады (16430 өтініш).

Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
- 60% – жер мәселелері бойынша (ЖТҚ жер телімдерін бөлу, ұзарту,  нысаналық мақсатын өзгерту, гараж және саяжай телімдерін жекешелендіру және т.б.);
- 20% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (үйлердің құрылысы, жолдар, аулалық аумақтарды көркейту, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер және әр түрлі сұрақтар (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау);
- 10% – әр түрлі сұрақтар.

Көрсетілген кезеңде оңды шешілгені:
2015 жылдың есеп беру кезеңінде 300 қала тұрғынына 12 млн. 297 600 теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, 5014 адам жұмысқа орналастырылды.
Қыркүйек айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қаланың кәсіпорындарымен бірлесіп, 1 млн. 974 мың 840 теңге сомасында 334 баланы мектепке дайындауға көмек көрсетілді.
Қала басшылығымен 51 жеке және заңды тұлғаларды қабылдау өткізілді, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 9 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 271 өтініш қабылданды, қала тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың 59-ы қанағаттандырылып, 212 сұраққа түсіндірмелер берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда қала әкімі аппаратында апта сайын аппараттық кеңесте қала әкімімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша талдау жүргізіледі. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қала әкімі аппаратында және мемлекеттік басқару органдарында ай сайын «Бақылау күндері» өткізіліп тұрады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс қала әкімімен үнемі бақылауға алынған.
Жеке және заңды тұлғалар барлық өздерін толғандыратын мәселелер бойынша Пермитин көшесі, 17 мекенжайындағы, телефоны 268568, Өскемен қаласы әкімдігіне өтініштерін білдіре алады. 

Өскемен қаласы әкімі аппараты
жалпы бөлімінің басшысы  С. Бахтиярова

Өскемен қаласы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі 2013 жылдың 9 айына арналған ақпарат

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына ағымдағы жылдың 9 айында 6672жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеке пәтер иелері кооперативтеріне арыздану есебінен 74 өтінішке көбею байқалады (6598 өтініш).

Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
-60% – жер мәселелері бойынша (жер учаскелерін бөлу және ұзарту және т.б.);
- 20% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (жолдар, аулалық аумақтарды көркейту, КСТ орнату, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау);
- 10% – әр түрлі сұрақтар.
Келіп түскен өтініштердің 576 - оңды шешілді, 5383 - ҚР заңнамасына сәйкес түсінік берілді және 713 - өтініш орындалуда тұр.
Көрсетілген кезеңде 80 өтініш қайталап  түсті, олар негізінде тұрғын үй бөлу, материалдық көмек көрсету, жеке пәтер иелері кооперативтерінің іс-әрекеті бойынша болды.

Сенім телефоны арқылы - 1018 ауызша өтініштер келіп түсті, соның ішінде - 765 оңды шешілді, 8 - жұмыс бақылауында тұр, 245 - ҚР заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді. Көрсетілген өтініштерде қала тұрғындарының жеке пәтер иелері кооперативтерінің іс-әрекеттеріне наразылықтарын, қураған ағаштарды кесу, су-, электрмен қамтамасыз ету мәселелерін жиі қозғайды.

Қала басшылығымен 34 жеке қабылдау өткізілді, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 9 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 325 өтініш қабылданды, қала тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың - 76 қанағаттандырылып, 249 – түсіндірмелер берілді.
2013 жылдың есеп беру кезеңінде 1554 қала тұрғынына 19 млн. 89 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, 2449 адам жұмысқа орналастырылды.
2013 жылғы 1 ақпанда 70 жастан асқан қала тұрғындарына 2013 жылға қалалық қоғамдық көлікте тегін жолу жүруді ұсыну тәртібі туралы Келісімге қол қойылып, өтемақыны төлеу және осы жеңілдіктерді беру тәртібі анықталды. 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 47 млн. 192 мың теңге сомасында 15859 атаулы жол жүру билеттері берілді. 

Қыркүйек айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аяқталды. Қаланың кәсіпорындарымен бірлесіп, 1 млн. 985 мың 300 теңге сомасында 4912 баланы мектепке дайындауға көмек көрсетілді.
Қала басшылығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда 9 «Бақылау күндері» өткізіліп, онда мемлекеттік басқару органдары басшыларына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жайлы ескертулер жасалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған.

Өскемен қаласы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерімен жұмыс жөніндегі 2013 жылдың 1 жартыжылдығына арналған ақпарат

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына ағымдағы жылдың 1-ші жарты-жылдығында 4423жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 236 өтінішке азаюы байқалады (4659 өтініш).

Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
-60% – жер мәселелері бойынша (бөлу, нысаналық мақсатын өзгерту және т.б.);
- 20% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (жолдар, аулалық аумақтарды көркейту, КСТ орнату, «Термомодернизация» бағдарламасы бойынша үйлерді, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау);
- 10% – әр түрлі сұрақтар.
Келіп түскен өтініштердің 416 - оңды шешілді, 3472 - ҚР заңнамасына сәйкес түсінік берілді және 535 - өтініш орындалуда тұр.
Көрсетілген кезеңде 72 өтініш қайталап  түсті, олар негізінде тұрғын үй бөлу, материалдық көмек көрсету, «Термомодернизация» бағдарламасы арқылы үйлерді сапасыз жөндеу, Ахмер ауылы мен 23-ші шағын аудандарды электр жарығымен қамтамасыз ету және жолдарын жөндеу бойынша болды.
Сенім телефоны арқылы - 798 ауызша өтініштер келіп түсті, соның ішінде - 532 оңды шешілді, 14 - жұмыс бақылауында тұр, 252 - ҚР заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді. Көрсетілген өтініштерде қала тұрғындары қар тазалау, қоқыс шығаруға, қураған ағаштарды кесу, су-, электрмен қамтамасыз етуді өшіру мәселелерін жиі қозғайды.

Қала басшылығымен 24 жеке қабылдау өткізілді, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 5 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 184 өтініш қабылданды, қала тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың - 44 қанағаттандырылып, 140 – түсіндірмелер берілді.
2013 жылдың өткен кезеңінде 1249 қала тұрғынына 15 млн. 071 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, 1390 адам жұмысқа орналастырылды.
2013 жылғы 1 ақпанда 70 жастан асқан қала тұрғындарына 2013 жылға қалалық қоғамдық көлікте тегін жолу жүруді ұсыну тәртібі туралы Келісімге қол қойылып, өтемақыны төлеу және осы жеңілдіктерді беру тәртібі анықталды. 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 46 млн. 990 мың теңге сомасында 15279 атаулы жол жүру билеттері берілді. 

Қала басшылығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда 7 «Бақылау күндері» өткізіліп, онда мемлекеттік басқару органдары басшыларына жауаптардың сапасыз дайындалатындығы жайлы ескертулер жасалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған.

Өскемен қаласы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерімен жұмыс жөніндегі 2013 жылдың 5 айына арналған ақпарат

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына ағымдағы жылдың 5 айында 3737жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 162 өтінішке азаюы байқалады (3899 өтініш).

Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
-60% – жер мәселелері бойынша (бөлу, нысаналық мақсатын өзгерту және т.б.);
- 20% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (жолдар, аулалық аумақтарды көркейту, КСТ орнату, «Термомодернизация» бағдарламасы бойынша үйлерді, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау);
- 10% – әр түрлі сұрақтар.
Келіп түскен өтініштердің 365 - оңды шешілді, 2847 - ҚР заңнамасына сәйкес түсінік берілді және 525 - өтініш орындалуда тұр.
Көрсетілген кезеңде 41 өтініш қайталап  түсті, олар негізінде тұрғын үй бөлу, материалдық көмек көрсету, «Термомодернизация» бағдарламасы арқылы үйлерді сапасыз жөндеу бойынша болды.

Сенім телефоны арқылы - 739 ауызша өтініштер келіп түсті, соның ішінде - 475 оңды шешілді, 16 - жұмыс бақылауында тұр, 248 - ҚР заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді. Көрсетілген өтініштерде қала тұрғындары қар тазалау, қоқыс шығаруға, қураған ағаштарды кесу, су-, электрмен қамтамасыз етуді өшіру мәселелерін жиі қозғайды.

Қала басшылығымен 20 жеке қабылдау өткізілді, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 4 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 151 өтініш қабылданды, қала тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың - 39 қанағаттандырылып, 112 – түсіндірмелер берілді.
2013 жылдың өткен кезеңінде 982 қала тұрғынына 9 млн. 966 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, 1094 адам жұмысқа орналастырылды.
2013 жылғы 1 ақпанда 70 жастан асқан қала тұрғындарына 2013 жылға қалалық қоғамдық көлікте тегін жолу жүруді ұсыну тәртібі туралы Келісімге қол қойылып, өтемақыны төлеу және осы жеңілдіктерді беру тәртібі анықталды. 2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 13 млн. 246 мың теңге сомасында 14979 атаулы жол жүру билеттері берілді. 

Қала басшылығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда 6 «Бақылау күндері» өткізіліп, онда мемлекеттік басқару органдары басшыларына жауаптардың сапасыз дайындалатындығы жайлы ескертулер жасалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған.

2013 жылдың І тоқсанына қала әкімінің аппаратында және Өскемен қаласының  мемлекеттік басқару органдарында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойыншажұмыс қорытындысы туралы ақпарат

2013 жылдың І тоқсанында мемлекеттік басқару органдарына 24591жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түсті, олардың 1995  қала әкімі аппаратын түсті. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізінде жер және нысандарды қайта жаңарту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы санының азаюы байқалады, 2012 жылы (2173 өтініш).
Көрсетілген мерзімде ұжымдық – 51, қайталай – 18 өтініш,  7 арыз-шағым келіп түсті, олар келесідегі сипатта:

Келіп түскен өтініштер

Ұжымдық

Қайталай

Арыз-шағымдар

ТҮКШ мәселесі бойынша

31

12

4

Құрылыс мәселесі бойынша

6

3

3

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  мәселесі бойынша

4

4

-

Денсаулық сақтау мәселесі бойынша

-

-

-

Жер пайдалану және сәулет мәселесі бойынша

2

1

-

Білім беру сұрағы бойынша

2

-

-

Кәсіпкерлік мәселесі бойынша

5

-

-

Барлығы

51

18

7

Осылайша, 2012 жылдың І тоқсанында қайтадан 15 адам өтінішін білдірсе, 2013 жылдың І тоқсанында 18 адам өтініш білдірді. Талдау жасау барысында көбею себебі тұрғын үймен қамту, «Термомодернизация» бағдарламасы бойынша сапасыз жүргізілген жұмыстар және қаланың шалғай аудандарның жолдарын жөндеу мәселесі бойынша өтініштер есебінен екендін көрсетті.

Қала әкімі аппаратының виртуалды қабылдауына 2013 жылдың І тоқ-санына 3 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Қала әкімінің, әкімнің орынбасарларының, әкім аппараты басшысының жеке қабылдауларында 60жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
Көрсетілген мерзімде тоқсанда қала әкімі қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының бірінші орынбасарының, ақсақалдар кеңесінің, ардагерлер кеңесінің, өзін-өзі басқару кеңесінің төрағаларымен бірге жеке және заңды тұлғалармен 3көшпелі қабылдау өткізді.

Елді мекеннің
атауы

Қабыл-данған тұлғалар

Бақылауға алынды

Қарау қорытындысы

түсінік берілді

оңды шешілді

жұмыста

Үлбі ауданы
№ 37 ОМ

5

-

3

1

1

ЖМК ауданы
№ 26 ОМ

7

1

4

-

2

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында

15

11

4

-

-

Барлығы

27

12

11

1

3

2013 жылдың 1 тоқсанындақала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарына 242жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті, олардың 242 - бақылауға алынған, 209 - түсіндірме берілді, оңды шешілгені – 33, сондай-ақ филиал директорлары жеке сұрақтары бойынша 112 азаматты жеке қабылдаған.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешім қабылдау үшін Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаев бірнеше рет қаланы аралады, аралау барысында Тәуелсіздік даңғылы № 5/1 үйдің тұрғындарының үй маңында автокөліктерге тұрақ үшін алаң ұйымдастыру; Аврора және Паровозный аялдамалары арасында аялдама кешенін ұйымдастыру және оны автобус бағыттарының жұмысына қосу туралы сұрақтар оңды шешілді. Кәсіпкер Д.К. Амреноваға бұрыннан бар дүкенінің маңында аумақты көріктендіруге қосымша жер телімі бөлінді.
Красин кенті ауданында Кожедуба көшесінің тұрғындары көктемгі кезеңде үйлерді су басу мәселесін көтерді және қала әкіміне кент тұрғындарының көпшілігі қоқыс шығару бойынша ұйымдармен шарт жасаспайтынын айтып, әкімнен сол тұрғындарға әкімшілік шаралар қолдануын сұрады.
Қала әкімі Согра кентіндегі Скалистая к., 3 орналасқан жеке питомникке барып, питомниктегі жануарларды ұстау жағдайымен танысты, сонымен қатар қала әкімі үй аулаларына келу жолдарын аралады, қоқыстардың шығарылуын тексерді және барлық өтініштер бойынша мемлекеттік басқару органдарының бірінші басшыларына тапсырма берілді және бақылауға алынды
2013 жылғы 1 ақпанда 70 жастан асқан қала тұрғындарына 2013 жылға қалалық қоғамдық көлікте тегін жолу жүруді ұсыну тәртібі туралы Келісімге қол қойылып, өтемақыны төлеу және осы жеңілдіктерді беру тәртібі анықталды. 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 16 млн. 200 теңге сомасына 13500 атаулы жол жүру билеттері берілді. 
2013 жылдың 1 тоқсанында 145 қала тұрғындарына 2 млн. 727 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар 340 адам жұмысқа орналасты.
Көрсетілген мерзімде 558жеке және заңды тұлғалардан телефон арқылы ауызша өтініштер келіп түсті, барлығы бақылауға алынды, олардың – 325 оңды шешілді, қалғандарына ҚР заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда қала әкімі аппаратында апта сайын мерзімдері және сапалы орындалуына талдау жүргізіледі. Әрбір 10 күнде қала әкіміне есеп беру ұсынылады. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2013 жылғы І тоқсанда қала әкімнің орынбасарлары және қала әкімі аппараты басшысының жанында мемлекеттік басқару органдарымен 3 «Бақылау күндері» өткізілді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойынша мемлекеттік басқару органдарымен 15 «Бақылау күндері» өткізілді. Күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптардың мерзімдері мен сапасы туралы сұрақ қаралады.
Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевпен мемлекеттік басқару органдарының басшыларына өтініштердің өз мерзімінде орындалуына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптар сапасына бақылауды күшейту, атқарушы органдардың жұмысын үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, қала жұртшылығына жүргізілетін жұмыстар туралы түсіндірмелер беру тапсырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған.

2012 жылдың 3 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына және мемлекеттік басқару органдарына есеп беру кезеңінде 16528жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде қала әкімінің аппаратына 2117түсті. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізінде нысандарды қайта жаңарту мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы санының көбеюі байқалады.
Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
-65% – жер мәселелері бойынша (бөлу, нысаналық мақсатын өзгерту және т.б.);
- 15% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (жолдар, аулалық аумақ тарды көркейту, КСТ орнату, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау;
- 10% – әр түрлі сұрақтар.
2012 жылдың 3 тоқсанында Өскемен қаласының әкімімен 17 жеке қабылдау, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 4 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдауға 89 жеке және заңды тұлғалар өтініштерін білдірді. Өз өтініштерінде тұрғындар сумен қамту, тұрғын үй бөлу, кәсіпкерлік қызметі үшін сауда павильондарын орнату, жұмысқа орналастыру, материалдық көмек бөлу, автобус бағыттары қозғалысы мәселелерін көтерді.
Есеп беру кезеңінде келесі өтініштер оң шешілгенін атап өтуге болады:
- қалалықтарға 1 млн. 592 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар 196 адам жұмысқа орналасты;
Тамыз айында қаланың кәсіпорындарымен бірлесіп, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілдіп, 4488 баланы мектепке дайындауға көмек көрсетілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау Бағдарламасын іске асыру бойынша қала тұрғындарына түсіндірме берілуде, 2012 жылы Өскемен қаласына 300 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.
Южно-Ауыльская көшесі тұрғандарының сумен қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі өтініштері бойынша қазіргі уақытта «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Эзоп» ЖШС «ШҚО Өскемен қаласының Южно-Ауыльской көшесі бойынша су құбырлары желісінің құрылысы» жобасы әзірленіп, ол қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама алу үшін «Шығысмемсараптама» МКК жіберілді.
О. СаверскаяныңБажов және Пржевальский көшелерінің қиылысындағы жолды жөндеу сұрағы оңды шешілді. Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Бажов және Пржевальский көшелерінің қиылысы үйлерді су алудан сақтауға мүмкіндік беретін, жұмсақ асфальт-бетон жамылғыларымен жабылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда қала әкімі аппаратында апта сайын мерзімдері және сапалы орындалуына талдау жүргізіледі. Әрбір 10 күнде қала әкіміне есеп беру ұсынылады. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2012 жылғы 3 тоқсанда қала әкімнің орынбасарлары және қала әкімі аппараты басшысының жанында мемлекеттік басқару органдарымен 9 «Бақылау күндері» өткізілді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойынша мемлекеттік басқару органдарымен  43 «Бақылау күндері» өткізілді. Күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптардың мерзімдері мен сапасы туралы сұрақ қаралады.
Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевпен мемлекеттік басқару органдарының басшыларына өтініштердің өз мерзімінде орындалуына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптар сапасына бақылауды күшейту, атқарушы органдардың жұмысын үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, қала жұртшылығына жүргізілетін жұмыстар туралы түсіндірмелер беру тапсырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған.

Азаматтардың өтініштеріне шолу және оларды қарауды ұйымдастыру және нәтижелері – 2012 жылдың 8 айы бойынша есеп

Өскемен қаласы әкімінің аппаратына және мемлекеттік басқару органдарына 2012 жылдың 8 айы бойынша 33712 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде қала әкімінің аппаратына 6009 түсті. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізінде пәтерлердің жобасын өзгерту бойынша өтініштер есебінен  және «Терможаңғырту» бағдарламасы қызметі бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы санының көбеюі байқалады.

Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
-70% – жер мәселелері бойынша (бөлу, нысаналық мақсатын өзгерту және т.б.);
- 15% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (жолдар, аулалық аумақ жағдайы, КСТ орнату, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер (материалдық көмек, шағын несиелер бөлу және т.б.);
- 5% – әр түрлі сұрақтар (ӨБК шағымдар, сауда сұрақтары және т.б.).

2012 жылдың 8 айы бойынша Өскемен қаласының әкімімен 8 жеке қабылдау, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 7 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдауға 121 жеке және заңды тұлғалар өтініштерін білдірді. Өз өтініштерінде тұрғындар сумен қамту, тұрғын үй бөлу, кәсіпкерлік қызметі үшін сауда павильондарын орнату, жұмысқа орналастыру, материалдық көмек бөлу, автобус бағыттары қозғалысы мәселелерін көтерді.

Есеп беру кезеңінде келесі өтініштер оң шешілгенін атап өту қажет:
- қала тұрғындарына 2 млн. 896 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар 350 адам жұмысқа орналасты;
- А.М. Смаилованың К. Маркс көшесінде, 4 позиция, «А» блогы, даулы тұрғын үй мәселесі бойынша, «ОМКО» ЖШС оңды шешілді;
- Р.Ж. Лалазаның өтініші бойынша «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ шатыр мен бөлгіштерді жөндеуге көмек көрсетілді және 40000 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
- 2 топ мүгедегі Б.К. Раимбековтың жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ «Лихарева 2» жеке пәтер иелері кооперативіне аула сыпырушы болып жұмысқа орналасты.
- Г.П. Федосеенконың өтініші бойынша -  Пермитин көшесі, 31 аулаға кіре берісте еріген және жаңбыр суларын бұру мәселесі бойынша, мердігер кәсіпорынмен жоғарыда аталған кіре берісте дренажды құдық бойынша жұмыстар орындалды. 
- З.К. Смагзамованың өтініші бойынша – 2-ші Гурьевская тұйық көшесінде қиыршық таспен жабу ағымдағы жылдың мамыр айында мердігер ұйымдар күшімен жүргізіледі.
- оралман М. Ағайынбайдың 3,5 жастағы қызын емдетуге Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласына баруға көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш оңды шешілді. Оған операцияға және жол жүруіне 500 мың теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жақсартуда қала әкімі аппаратында апта сайын мерзімдері және сапалы орындалуына талдау жүргізіледі. Әрбір 10 күнде қала әкіміне есеп беру ұсынылады. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2012 жылғы есеп беру кезеңінде қала әкімнің орынбасарлары және қала әкімі аппараты басшысының жанында мемлекеттік басқару органдарымен 19 «Бақылау күндері» өткізілді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойынша мемлекеттік басқару органдарымен 72 «Бақылау күндері» өткізілді. Күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптардың мерзімдері мен сапасы туралы сұрақ қаралады.
Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевпен мемлекеттік басқару органдарының басшыларына өтініштердің өз мерзімінде орындалуына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне дайындалатын жауаптар сапасына бақылауды күшейту, атқарушы органдардың жұмысын үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, қала жұртшылығына жүргізілетін жұмыстар туралы түсіндірмелер беру тапсырылды.
Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс талдауы жүргізілді және қала әкімдігінің отырысында тыңдалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс үнемі бақылауға алынған және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өскемен қаласының әкім аппаратының 2012 жылдың маусымдағы жұмысы туралы ақпарат

2012 жылдың маусымында Өскемен қаласының әкім аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 651 өтініш түсті. Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қарау үшін барлық өтініштер бақылауға алынды.
Өскемен қаласының әкімі Тәукебаев Серік Шәуенұлы Ағайынбай Михуаның туа біткен екі көзінің ауруынан азап шегіп жүрген 3 жасар қызы Қырмызыға Санкт-Петербург қаласында операция жасауға материалдық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта баланың көру қабілеті қалпына келуде.
Қала тұрғындарының сансыз көп шағымдары бойынша Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Желякова стихиялық саудамен күрес бойынша шаралардың жүргізілуіне күнделікті бақылауды жүргізеді. Жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде 60 астам  заңсыз орнатылған дүңгіршектер шығарылды.
Қала әкім аппаратында үнемі Бақылау күні жүргізіледі. 2012 жылдың 6 маусымында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғазиев әкім тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша бақылау күнін өткізді. Негізгі акцентті орындалудың сапасы мен мерзіміне жасады.
Тұрғын үйлерді терможетілдіру Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Д.Ю. Кавригинмен маусым айы бойы апта сайын осы Бағдарламаның іс-әрекетінің тетігін түсіндіру бойынша халықпен көшпелі кездесулер жүргізілді.
2012 жылдың 1 маусымында Өскемен қаласының әкім аппаратының басшысы Е.А. Набиевпен ЖКТ ықшам ауданында көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар  Қ.Сәтпаев атындағы даңғылды көгалдандыру, көңіл көтеретін орталықтардың, клубтардың құрылысы, қаңғыбас иттерді аулау, сонымен қатар терможетілдіру бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді жөндеу сұрақтарын көтерді.
Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Таукебаевпен апта сайын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс пен қала әкімдерінің Актілері мен тапсырмаларын орындау, сонымен қатар туындаған проблемалы сұрақтарды шешу туралы орындаушылық тәртіп бойынша аппараттық кеңес өткізеді.
Барлық тапсырмалар ерекше  бақылауда тұр.

Бет өзгертілді: 09-10-2018