Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қала туралы

Оқиғалар жылнамасы

Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.-І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында “алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж.Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылыІ Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдыңмамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж.– Покров шіркеуі салынды.
1902 ж.Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж.“Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен “Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдыңқазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- “ Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдыңжазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдыңкүз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдыңбас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың4 сәуір күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж.,қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылыРубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж.– астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат (бұрынғы облыстық Атқару комитеті) қазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.-Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.
1941 жылдың8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.-Мыс өндіретін электролит зауытының құрылысы басталды.
1947 ж.,қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.-Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл– түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - “Гинцветмет”- “ Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертілді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж.Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж.3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір - Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдыңаяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1960., 19 сәуір- Өскемен су қоймасына су жіберілді.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж.,11 тамыз - Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз - Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз - Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан - Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – “Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. - Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз - Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.
1970., қазан - “Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде- Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір- Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша– Жаңа Согра поселкесінде бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КПСС ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр- Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек- Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан– Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр– Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, “ Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша– О.Бөкеевтің “ Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз- Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж.,-Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан– қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж.,облыстық типография құрылысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
1990ж., 12 қыркүйек- Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жарылыс болды.
1992.ү қаңтар- Қалпына келтірілген Троицк Храмына “Христос Вседержитель” иконы қайтарылды.
1994 ж.,- қаңтар- Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.
1996 ж., қаңтар– 70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.
1997., мамыр– Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.
1998 ж., 25 қазан– Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
1999 ж.,Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.

Бет өзгертілді: 16-07-2015