Құрылыс

Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер

2018 жылдың 9 айына тұрғын үй және инженерлік-коммуникация құрылысы бойынша ақпарат

Өскемен қаласының құрылыс бөлімімен 2018 жылы келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1) Тұрғын үй құрылысы
Ағымдағы 2018 жылы, 2017 жылдан өткен объектілерді ескере, жалпы ауданы 117 467,92 ш.м. (1 613 пәтер) болатын 16 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, жалпы сомасы 13 785 819,2 мың теңге, соның ішінде:
- Кредиттік тұрғын үй желісі бойынша 10 көп қабатты тұрғын үй (49 поз. 117-118 поз.,120 поз., 121 поз., 120/2 поз., 122 поз., 58/2 А поз., 60А поз., 63А поз., 61/1А поз.) жалпы ауданы 77 465,3 ш.м. (1 018 пәтер) жалпы сомасы 9 146 333,2 мың теңге;
- ЖАО кезекте тұрғандар үшін 2 тұрғын үй (54/1 поз., 58/1 поз.) жалпы ауданы 20 613,1 ш.м. (315 пәтер) жалпы сомасы 2 274 027,8 мың теңге;
- «Нұрлы Жер» бағдарламасы бағытында 4 тұрғын үй – жалдамалы баспана сатып алу құқығынсыз (30А поз., 36 поз., 35/1 поз., 35/2 поз.) жалпы ауданы 19 390,2 ш.м. (280 пәтер) жалпы сомасы 2 365 310,6 мың теңге.
Ағымдағы жылы 6 көп қабатты тұрғын үйді (бұдан әрі-КҚТҮ) пайдалануға беру күтілуде жалпы ауданы 42 207,86 ш.м. (610 пәтер) соның ішінде: несиелік тұрғын үй – 3 КҚТҮ жалпы ауданы 14616,5 ш.м. 195 пәтер (120/2 поз., 122 поз., 121 поз.); жалдамалы тұрғын үй бойынша – 2 КҚТҮ жалпы ауданы 20613,06 ш.м. 315 пәтерге (54/1 поз.,58/1 поз.); сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бойынша – 1 КҚТҮ жалпы ауданы 6978,3 ш.м. 100 пәтерге (30А поз.).
Ағымдағы жылдың 9 айында 2 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 8788 ш.м.м (125 пәтер), жалпы сомасы 809,213 млн.теңге.

2) Білім беру объектілерінің құрылысы
2017 жылы 4 білім беру объектісінің құрылысы жүргізілуде, жалпы 2300 оқушы орынын қамтамасыз етеді, жалпы сомасы 5 436,738 млн.теңге, соның ішінде:
- «Өскемен қаласындағы Жаңа Согра кентіндегі №23 орта мектеп» КММ-ге қосымша корпус салу;
- ШҚО, Өскемен қаласы 19 тұрғын ауданындағы 37/2 поз. ауданындағы Уалиева к-сі бойындағы 1000 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылысы;
- ШҚО, Өскемен қаласындағы Ахмер кентіндегі 1000 орындық мектептің құрылысы;
- ШҚО, Өскемен қаласындағы Согринская к-сі,138 А орналасқан жылыжай бөлігін «№18 орта мектеп» КММ гаражы етіп қайта жаңарту.
Ағымдағы жылы «ШҚО, Өскемен қаласындағы Согринская к-сі,138 А орналасқан жылыжай бөлігін «№18 орта мектеп» КММ гаражы етіп қайта жаңарту» объектісін пайдалануға беру жоспарлануда.
3) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту
Жалпы сомасы 30 186,666 млн.теңге болатын тұрғын үйлерге және әлеуметтік объетілерге 59 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 18 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды пайдалануға беру жоспарлануда, жалпы ұзындығы 84,35 км, жалпы сомасы 8 604,86 млн.теңге, оның 9 ай ішінде жалпы ұзындығы 28,53 км болатын 5 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы пайдалануға берілді, жалпы сомасы 2 669,113 млн.теңге.

4) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
2018 жылдың 9 айы ішінде 39 жобаның ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды.

5) инженерлік желілерді қаланың коммуналдық қызмет теңгеріміне тапсыру
Жылумен қамту, сумен қамту және канализация, транспорттық коммуникация желілерінің 72 объектісін тапсыру жоспарлануда, оның ішінде 9 айдың ішінде жалпы сомасы 624,22 млн.теңге болатын 22 объект берілген, соның ішінде сумен қамту және канализацияның 14 объектісі 185,219 млн.теңге, жылумен қамту 8 объектісі сомасы 439,003 млн.теңге.

 

Бет өзгертілді: 16-11-2018