Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Мұражайлар

Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайы Өскемен қаласы

Басшы жайлы мәлімет
Директор - Қалиева Нұржази Әнуарбекқызының2 арнайы мәдениеттану білімі бар: Өскемен мәдени-ағарту училищесі және Н.К.Крупская атындағы Ленинград Мәдениет институты. Еңбек жолын ауылдық мәдениет үйі директорының лауазымынан бастады, одан әрі аудандық мәдениет үйі және аудандық киножелісінде әдіскер, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында бөлім меңгерушісі, бөлім бастығы, ШҚО мәдениет басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 2009 жылдың қаңтарынан ШҚ өнер мұражайының директоры.
Мәдениет қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет граматосымен, облыстық мәдениет басқармасының граматосымен, Мәдениет қызметкерлерінің Республикалық кәсіподақ кеңесінің естелік медалімен марапатталған. Санкт-Петербур, Крым, Норвегия, Оңтүстік Корея, Франция, Италияда шығармашылық сапарларға, конференцияларға, тағылымдамаларға қатысты.

Тел.: 8(7232) 26-19-81
Факс: 8(7232) 26-52-63
Email: buhmuzart_vko@list.ru

Шығыс Қазақстан өнер мұражайы 1 шілде 1990 жылы ашылған. Мұражай ХIХ ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 18.02.1991 жылғы ҚазСРО мәдениеті жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің шешімімен облыстық этнографиялық мұражайдан берілген 90-нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстар, өнер мұражайының ашылуына негіздеме болды. Кейін, 1991 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі, шығысқазақстандық суретші Агейкин Леонид Евтихиевичтің жанұясы 1000 кескіндеме және графикалық жұмыстарын мұражайға сыйға тартты.

Мұражай қызметінің бағыттары Мұражай қызметінің бағыттары– Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын пластикалық өнер, әдебиет және музыка бағыттары бойынша зерттеу және көпшілікке тарату.
Қызмет түрлері:
- Жинақтау
- Сақтау
- Көрме
- Ғылыми зерттеу
- Ғылыми-әдістемелік
- Ғылыми-ағарту
- Экспедициялық

Мұражай қоры 8022 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор – 5036 жәдігер; ғылыми-қосымша – 2986 сақтау бірлігі. Негнізгі қорда пластикалық өнер 2749 жәдігерді, әдебиет – 1115 жәдігерді, музыка – 450 жәдігерді құрайды. Мұражайда балалар шығармашылық қоры құрылған, онда 450 кескіндеме және графикалық жұмыстар бар.
Мұражайдың экспозициялары мен көрмелері - ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының қорытындысы. Мұражайда тұрақты әрекеттегі және жылжымалы көрмелер өтетін бес экспозиция залы қызмет етеді.
Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту қызметі жылдарында мұражайда шығармашылық дәстүрлер қалыптасты:
Жыл сайын, 11 жыл бойы облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналып қатысатын балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтеді;
Соңғы жылдары «Мәңгілік мұра» атты Алтай-Тарбағатай өлкесінің облыстық күй өнерінің фестивалін өткізу дәстүрге айналды;
Жыл сайын мұражай аясында «Көңіл саздары» атты композиторлардың облыстық байқауы өтеді:
5 жыл бойы Халықаралық поэзия күніне арналған «Свободной музы приношенье...» атты облыстық поэзия байқауы өтеді.

Өнер мұражайы облысымыздың 15 ауданында экспедициялық зерттеулер өткізуде. Экспедицияның мақсаты: шығысқазақстандық суретшілердің, халық шеберлерінің, ақындардың, жазушылардың, композиторлардың туындыларымен мұражай қорын толтыру үшін жаңа есімдерді ашу, шығармашылық, өмірбаян, библиографиялық және басқа ақпараттық материалдар жинау.
2000 жылдан бастап мұражайда 10 сәуір күні Кёнигсберг қамалының шабуылына қатысушылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өтеді.
Пластикалық өнердің үздік туындылары «Қазақстан суретшілері» атты тұрақты әрекеттегі көрме экспозициясында бар. Мұнда өте бағалы кескіндемелік және графикалық туындылар ұсынылған: Еркін Мергеновтің мүсін жұмысы; Гүлфайруз Исмаилова, Амандос Ақанаев, Шаймерден Сариев, Абдрашид Сыдыханов, Сахи Романовтардың кескіндеме жұмыстары; Евгений Сидоркин, Фатима Молдабаева, Эдуард Чубуктардың графикалық жұмыстары. Отандық кескіндеме шеберлерінің шоқжұлдызында лайықты орын алған Шығыс Қазақстанның суретшілері: Виктор Титов, Марат Жүнісов, Леонид Агейкин, Валерий Рапопорт, Николай Аштема, Габдулмади Меркасимов, Қайсан Қадырбеков, Марат Смаилов, Булат Исин, Виктор Шмидт.
«Жер жаңғырығы» атты тұрақты әрекеттегі көрмеде Шығыс Қазақстанның өңіріне лайықты қазақ музыкалық аспаптары ұсынылған. «Әдебиет» қорынан үздік туындылар «Өлке әдебиетінің тарихы» атты тұрақты көрменің экспозициясында ұсынылған.
Біздің мұражайдың қызметтері
Мұражайда «Көркемсурет салонының» көрме залы жұмыс істейді, онда қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығымен танысып ғана қоймай, олардың туындыларын да сатып ала алады.

Мұражай педагогикасы бөлімімен кіші, орта және жоғары сынып оқушылары үшін «Өнер әлеміне кір» атты авторлық мәдени - білім беру мұражай педагогикасы бағдарламасы бойынша мұражай сабақтары өткізілуде. Мұражай сабақтары кескіндеме, графика, мүсін, СҚӨ туындыларын зерттеу бойынша әдебиет, музыка, бейне, иллюстративтік және дидактикалық материалдарды қолданумен әртүрлі интерактивтік түрлермен өтеді. Сабақтардың көпшілік бөлігі қор туындыларының негізінде жасалған және отандық, әлемдік көркем мәдениетінің мәнмәтінінде өңірлік бейнелеу өнерін ұғуға арналған.
Қала және облыс мекемелерінде мұражай күндері өтеді – бөлім қызметтерінің бағыттары бойынша іс-шаралар кешені: жылжымалы көрмелер, мұражай сабақтары, дәрістер-концерттер, авторлармен кездесулер (жазушылар, ақындар, суретшілер).

Мұражайда «Евразия» шығармашыл жастар клубы жұмыс істейді. Жас ақындар және авторлық әндерді орындаушылар кездеседі. Клуб мүшелері әрбір дүйсенбіде сағат 16.00-де жиналады.
ШҚӨМ қор материалдары негізінде (бейнелеу өнері, әдебиет, музыка) өңірлік компоненті бойынша дәрістер, дәріс-концерттер
Көрмелерді ұйымдастырып өткізу бойынша кеңестік-әдістемелік көмек.
Қала ұйымдарындағы жылжымалы көрмелер:
- балалар шығармашылығы;
- фото;
- танымал суретшілер

Мұражайдың мекен жайы:
Тоқтаров көшесі, 56.
Жұмыс уақыты және күндері:
Күнделікті мұражай ашық.
Дүйсенбі – бейсенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Жұма, сенбі, жексенбі – 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мұражайға ұжыммен келуге тапсырыс, экскурсия жүргізуші және дәріскер қызметтері алдын-ала қазақ және орыс тілдерінде 26-19-81 телефоны бойынша іске асырылады.
Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есебі бойынша жүргізіледі. Тегін қызмет көрсету санатына жататын тұлғалар: балалар үйінің, интернаттардың тәрбиеленушілері; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілгендер; шұғыл қызметтің әскери қызметшілері.

Бет өзгертілді: 16-07-2015