Мәдениет

Мұражайлар

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Тарихи - мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ

Байланыстар

Мекенжайы:
070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Потанин көшесі, 27/1
тел.   8 (7232) 53-65-37. факс. 8 (7232) 70-17-94
e-mail: vko-nasledie@mail.ru

Директор туралы

Сүлейменов Талғат ИсатайұлыСүлейменов Талғат Исатайұлы, 1978 жылы дүниеге келген. 2002 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология және журналистика институтының «Орыс филология» бөлімін аяқтады, филолог-бакалавр біліктілігін иеленді.

2002 - 2005 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасында әдіскер-социолог, әдіскер-психолог болып жұмыс істеді. 2005 – 2011 жылдар аралығында Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС-і директорының орынбасары қызметін атқарды;

2011 жылдан ШҚО мәдениет басқармасының «Тарихи – мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ директоры қызметіне тағайындалды.

Мекеме қызметінің негізгі бағыттары:

Мекеменің негізгі міндеті:
– облыстың тарихи–мәдени мұра нысандарын анықтау, есепке алу, қорғау, тиімді пайдалану және насихаттау;
-  Қазақстан Республикасының құндылықтарын танытатын және мәдениет пен өнер ескерткіші ретінде қаралатын объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізу үшін анықтау және дайындау;
- тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша барлық жұмыс түрлеріне ғылыми-жобалық құжаттамаларды қарастыру және келісу;
- тарих және мәдениет ескерткіштерін тиімді пайдалану мен күтіп ұстауын, сондай-ақ археологиялық және ғылыми – қайта қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын қадағалау.

Жұмыс  кестесі:  сағ. 9.00 ден 18.00 ге дейін.
демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

Бет өзгертілді: 16-07-2015