Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Мұражайлар

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК

Байланыстар

Мекенжайы:
070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Қ. Қайсенов көшесі, 40
Тел. 8(7232) 25-54-60
 e-mail:  kmuzej@bk.ru

Директор туралы

Нұрғазиева Светлана Константиновна Нұрғазиева Светлана Константиновна, 1955 жылы туған. 1980 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих және қоғам тану пәндерінің оқытушысы, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер мамандығы бойынша тарих-педагогика факультетін бітірді. 1980 жылдан 1987 жылға дейін Өскемен қаласындағы № 33 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жұмыс істейді. 1991 жылдың мамыр айынан бастап, директордың орынбасары, 2011 жылдың тамыз айынан - мұражай директоры болып қызмет атқарады.

Мұражайды дамытудағы жетістіктері үшін Облыс Әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Мұражай жұмысының басты бағыттары

Ғылыми-зерттеу жұмыстар ғылыми-жаратылыстану, археологиялық, этнографиялық, тарихи бағыттар бойынша жоспарлы түрде жүйелі жүргізілуде. Ғылыми қызметкерлер 28 ғылыми тақырып бойынша ауқымды көкейтесті тақырыптарды игеруде, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары халықаралық бағдарламалар аясында жүргізілетін жоспарларға енгізілген, атап айтқанда, «Қазақстандық Алтайдағы сақ-скиф мәдениеті. Мәдениет тектестігі мен сабақтастығының мәселелері», «Орталық Азия далаларының мысы мен қалайысы» және «Алтай-Саян эко-аймағының Қазақстандық бөлігіндегі биологиялық алуан түрлілікті сақтау және үздіксіз дамыту» тәрізді ауқымды ғылыми тақырыптар бойынша көтерілетін мәселелер егеменді еліміздің келешегі үшін маңызды болып саналады.

Табиғат бөлімінің ғылыми қызметкерлері еліміздегі айрықша қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты жүзеге асырылатын жобаларды дайындауға белсенді қатысып келеді: олардың жұмыс жоспарлары облыстағы Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар (АҚТА) сызбаларын дайындау, сол бойынша табиғат қорғау ісіне тікелей қатысты нақты жұмыстарды жүзеге асыру енгізіліп, облысымыздағы Марқакөл, Батыс Алтай қорықтарында, Катон-Қарағай Ұлттық табиғи бағында ғылыми бағдарламалар бойынша жұмысты жүзеге асырып келеді. Аталған жұмыстардың барлығы (WWF, NABY, ПРООН, ГЭФ және т.б) тәрізді жаhандық экоқорлар мен халықаралық ұйымдардың жобалары шеңберінде жоспарлы жүйелі түрде жүргізілуде. «Шығыс Қазақстанда қар барысы мен арғалы арқардың таралуын сақтау» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды айрықша атап өтуге болады. Мұражай қорларын жабдықтау бойынша атқарылған жүйелі жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде мұражай қорлары ондаған аса қызықты топтамалар жиынтығымен толықты.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан мұражайларының ішінде археологиялық топтамалардың ақпараттық маңызы ең жоғары болумен қатар, аса ірі археологиялық топтамаларды көп шоғырландыруымен ерекшеленеді. Аталған топтама Черников С.С., Арсланова Ф.Х., Самашев З.С., Ткачев А.А. тәрізді  танымал археологтардың зерттеу жұмыстарының және мұражай қызметкерлерінің қазба жұмыстарының негізінде қалыптастырылды.
Мұражай жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты нәтижесі – экспозициялар болып табылады. Мұражай өмірімен экспозициялар егіз ұғым.
Қазіргі кезде мұражайда алты экспозиция залы ашылып тұрақты қызмет көрсетуде.

Жұмыс  кестесі:  сағ. 9.00 ден  17.00 ге дейін
Демалыс күні  - сейсенбі

Бет өзгертілді: 16-07-2015