Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Кітапханалар

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасы


Мекен-жайы:Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 11/1
Тел: 24-54-24; 24-54-34
Факс: 8 (3232) 24-54-24
E-mail: vkosbs@mail.kz

Ногасбаева Гүлмира Қайырғазиновна Директор: Ногасбаева Гүлмира Қайырғазиновна

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана – Шығыс Қазақстан облысындағы көзі көрмейтін мүгедектер мен олардың отбасы мүшелеріне, жанары сөнген адамдар мен нашар көретіндерді ақтаумен айналысатын адамдарға қызмет көрсетеді.

Кітапхананың кітап қорында түрлі жанрдағы басылымдар мен әдебиеттер бар:қазақ және орыс тілдеріндегі рельефтік-нүктелік (Брайл бойынша), магниттік ленталар («сөйлейтін» кітаптар) , рельефтік-графикалық құралдар.

Кітапханада жанары нашарлаған адамдарды әлеуметтік қорғау және оларды ақтау жөніндегі әдебиеттер де жинақталған.

Кітапхана стационарлық (абонемент, оқу залы, фонотека) қызметімен қатар, стационардан тыс қызмет түрлерін де пайдаланады (кітапхана пункттері, үй жағдайында қызмет көрсету және сырттан оқитын абонемент).

Кітапханада поэзияны сүюшілер мен рельефтік-нүктелік жазумен оқитын брайлистер үйірмесі жұмыс істейді. Кітапхананың оқу залында, сол сияқты, облыстық аурухананың көз микрохирургиясы бөлімінде, қалалық «Үлбі» дәрігерлік-әлеуметтік орталығында дауыстап оқу үйірмесі жұмыс істейді. Бұл Кітапхананың оқу залында осы қызметті атқаратын арнайы кітапханашы бар. Кітапхана көзі нашар көретін балалардың балабақша – мектебінің тәрбиешілеріне де көмек береді.

Бет өзгертілді: 16-07-2015