Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Кітапханалар

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Мекен-жайы: 492000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 102
Факс: (8 3232) 26-30-87. Тел: 26-13-33, 26-39-46
e-mail director@pushkinlibrary.kz
Web-site http:// www.pushkinlibrary.kz
http://vkonline.ukg.kz

Кабиба Мурзакановна АкжигитоваДиректор - Кабиба Мурзакановна Акжигитова

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 1896 жылы 26 наурызда қалалық халыққа білім беру Қоғамының бастамасымен құрылды. Бүгін А.С. Пушкин атындағы ШҚОК аймақтық ақпарат, білім, мәдениет және демалыс орталығы болып табылады.

Кітапхана ұжымының шығармашылық идеялары мен алдыңғы қатарлы бастамаларының арқасында көптеген жобалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Шетелдік грант берушілердің қолдауына ие болған бұл жобалар кітапхананың қазіргі заманғы жоғары технологиялық орталыққа айналуына жәрдемдесті. Кітапхана қазір облыс тұрғындары мен Орталық Азия елдері кітапханашыларының білім көтеретін орталығына айналған.

Кітапханада Интернет–зал, Интернетті қоғамдық пайдалану орталығы, Құқықтық ақпараттың Ашық Орталығы, Оқу-лингвистикалық орталық, «Ағылшын тілі балаларға» мектебі, Анықтама қызметі және тағы басқа бағдарламалар жұмыс істейді. Кітапхана қызметінің дәстүрдегі түрлері -мен бірге жаңа ақпараттық қызмет түрлері ұсынылады – қашықтан қызмет көрсету, виртуалды анықтама қызметі, құжаттарды электронды түрде жеткізу.

Кітапхананың қызметі, ақпараттық ресурстары мен қызмет түрлері, кітапхана бағдарламалары мен іс-шаралары жөніндегі мәліметтерді сіз А.С.Пушкин атындағы кітапхананың вeб-сайтынан ала аласыз http://www.pushkinlibrary.kz

Бет өзгертілді: 16-07-2015