Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Кітапханалар

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Мекен-жайы:Өскемен қаласы, Космическая, 6/2
Тел: 22-33-34, 22-33-37
E-mail uklibrary@newmail.ru

Директор – Карчалова Кулзада Каратаевна

Кітапхана балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттық, білім және бос уақытын өткізетін орын. Шығыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының әдістемелік және үйлестіруші орталығы болып табылады.

Балалар кітапханасы 1959 жылдан бастап жұмыс істейді. 2003 жылы кітапхана жасөспірімдер кітапханасы статусын алды.

Кітап қоры 130175 дана кітап, брошюра, кинофотодокументтен тұрады. Кітапхананың пайдаланушылары 15182 адам. 2001 жылдан бастап электронды каталог жүргізіледі.

Кітапхана мектеп, лицей, гимназиялардың тәрбиелік және оқу процесстеріне ықпалдық жасай отырып, олармен тығыз байланыста жұмыс істейді, Оқырмандарға арналған тақырыптық көрмелер, шолу, лекциялар, кітапханалық сабақтар, байқаулар, мейрамдар мен ойындар, музыкалық және театралды қойылымдар ұйымдастырылады.

Оқушылар топтарымен төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізіледі: «Слабая техника чтения», «Чтение в помощь школьной программе», «Қиын балалар».

Кітапханада балалар мен жасөспірімдерді психологиялық және әлеуметтік тұрғыда қолдайтын қызмет жұмыс істейді.

Бет өзгертілді: 16-07-2015