Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Кітапханалар

Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мекен-жайы:
070002, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,  
Өскемен қаласы,
Е.П.Славский атындағы жағалау, 22
E-mail: ukcbs@mail.ru
Web-site: http://kitaphana.kz

Директоры - Букобаева Анаргүл Әмірбекқызы
Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 1980 жылдан бері бар, оның құрамына орталық қалалық, орталық балалар кітапханалары мен қаланың шағын аудандарында орналасқан 10 филиалдар кіреді. Кітапханалар 10 жалпықалалық, сондай-ақ, өздерінің мақсатты бағдарламалары мен жобалары арқылы жұмыс жасайды.

Кітапхана жұмысын, ақпараттық және бос уақытты ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірген кітапханалар әр түрлі бұқаралық топтармен жұмыс жасайды: интеллигенция, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыссыздар. Қаланың әрбір алтыншы тұрғыны орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің пайдаланушысы.

2001 жылы қала әкімшілігінің қолдауымен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларын автоматтандыру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда орталық қалалық кітапхана мен 4 филиалдардың кітапханалық үрдістері автоматтандырылған, 5 Интернет-сыныптар істейді, тегін электрондық каталог пен үш тілдегі өз Web-сайттары бар. Кітапхананың пайдаланушылары «Юрист» құқықтық базасына және ағылшын тілді EBSCO базасына тегін кіре алады.  

 Жыл сайын кітапханаларда 1500-ден аса шаралар ұйымдастырылып тұрады, олардың 700 өзін-өзі басқару комитеттерімен, мектептермен, мектептен тыс мекемелермен және басқа да жастардың ұйымдарымен бірлесе өткізіледі. Кітапханаларда 27 оқырмандар клубтары мен әр түрлі бағыттардағы әдеби бірлестіктер жұмыс жасайды.

Бет өзгертілді: 16-07-2015