Мәдениет

Кітапханалар

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы

Мекен – жайы:492020 Қазақстан, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 19
Тел. 47-59-51; 47-59-64
Факс 47-59-51
http://www.alkor94.kz/VKNTB/
E-mail: DNE@sigma.kz

Директор: Борисович Галина Августиновна

1957 жылы Шығыс - Қазақстан Совнархозының техникалық кітапханасы құрылды. 1965 жылы облыстық ғылыми-техникалық кітапхана статусын алды, кітап қоры отандық ғылыми – техникалық, өндірістік, экономикалық, оқу және анықтамалықтардан тұратын арнайы әдебиеттермен жабдықталды.

1999 жылы ол «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Республикалық ғылыми-техникалық қазыналық кәсіпорнының Шығыс – Қазақстан филиалы деп өзгертілді.

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: ғылым мен техника саласының отандық және бүкіләлемдік жетістіктерін көрсететін анықтама-ақпараттық қор құру; ғылыми - техникалық ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды кітапханалық-ақпараттық қызметпен қамту, кеңестік және т.б. көмек беру

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Республикалық ғылыми-техникалық қазыналық кәсіпорнының Шығыс – Қазақстан филиалы жыл сайын 1300 ден астам ұжымдық пайдаланушыларға және 4 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Жыл сайын 500 мыңнан астам дана түрлі құжаттар беріледі.

Ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, қызметкерлер, ұйым. кәсіпорын басшылары, оқытушылар, студенттер: кәсіпкерлер, пенсионерлер кітапхана оқырмандары болып табылады.

Пайдаланушыларға филиалдың электронды мәліметтер базаларынан жедел іздеу жүргізетін дисплей залы, Интернет, электронды почта ұсынылған

Бет өзгертілді: 16-07-2015