Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Мәдениет

Кинотеатрлар

"Юбилейный" кинотеатры
"Эхо" кинотеатры
"Kinoplexx" кинотеатры

"Юбилейный" кинотеатры

Мекен-жай:ШҚО Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 59
"Мунира" ЖШС директоры- Ягудина Мунира
e-mail:cinema_uka@mail.kz
"Юбилейный" кинотеатрында халықаралық прьемераға ие болған әлемдік деңгейдегі ленталар көрсетіледі

"Юбилейный" кинотеатры – бұл киножобалық көрсетілім үшін арнайы құрылған күрделі инженерлік ғимарат. 1967 жылы құрылған кинотеатр бірден қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналды және кинопрокат аясында көшбасшылыққа ие болды. Бүгін "Юбилейный" кинотеатры  - бұл қала зиялылығының символы,  интернационалды достықтың символы мен рухани сауығудың белгісі.
Соңғы 5 жыл ішінде "Мунира" ЖШС өткізілген бірнеше реконструкция кинотеатрға халықаралық сапа стандартын қамтамасыз етті. "Юбилейный" кинотеатрында бүгінгі күнде "Лукас Фильм" лабораториясымен мақұлданған ең мықты  кинотеатрлық жабдық қойылды:
Dolby Digital Surround EX дыбыс жабдығы – қатысу эффектін сезінуге мүмкіндік беретін цифрлы дыбыстың жеті тәуелсіз каналы. Perlux 180 киноэкраны – жоғары дәрежедегі жарық  шағылыстырушы құрылғы лентасы, Harkness Hall (Лондон) компаниясына арнайы тапсырыспен жасалған.
Кинотеатралдық креслолар (581 орын) Lino Sonego (Италия).
Mundokolor Ilumination Tecnika жарық жолдары (Испания).

"Эхо" кинотеатры

Мекен-жай: ШҚО, Өскемен қаласы, Киров көш., 54
Президенті:
Насов Джон Эдуардович, тел.8 (7232) 26-14-81
Администраторы- Вишневская Галина Георгиевна, тел. 8 (7232) 26-14-95
- орын саны -189,
- күніне болатын сеанс саны - 5;
- Dolby Digital дыбыс шығаратын аппаратурасы;
- Dolbi Digital 650 процессоры – бір мезгілде аналогты және сандық фильм дер үшін; Репертуар туралы анықтаманы мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7232) 24-34-60

"Эхо" мәдени-көңіл көтеру комплексі
"Эхо" пиццериясы
жұмыс тәртібі – тәулік бойы,
анықтаманы мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7232) 26-48-91
 

"Kinoplexx"  кинотеатры

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 43
Тел: 700000
Ресми сайт: www.me100.kz
Кинофильмдер сеансы бойынша ақпаратты

«Kinoplexx»  кинотеатры екі ыңғайлы килозалдан тұрады: 504 орны бар үлкен зал және 91 орны бар кіші зал.
Көрініс проекциясы Harkness Hall Perlux 140 құбылмалы түсті қара мақпалмен көмкерілген арнайы экран арқылы жүргізіледі.
Кинозалдар Dolby Digital Surround EX кеңістік дыбыс шығару системасымен жабдықталған. Дыбыс шығару сапасы аса мінсіз болуы үшін кинозалдар акустикалық материалдармен қапталған. Ол арнайы дыбыс жұтқыш қасиеті бар Ecophon атты минералды-талшықтық тақтайшалар.
Екі залда да амортизаторы бар ыңғайлы креслолар орнатылған, сондай-ақ, бұл креслолар көрермендердің жайлылығы үшін жазылмалы  шынтақ тіреуіштерімен жабдықталған.
Үлкен залдың киноаппарат бөлмесінде Christie CP2000-ZX - ксенон шамының қуаттылығы 3кВт, ал кіші залдың киноаппарат бөлмесінде Christie CP2000-M сандық проекторлары орнатылған. Кинофильмдердің сақталуы мен көрсетілімі арнайы Dolby DSS-100 сандық аппараты және Dolby DSP-100 плеері арқылы жургізіледі. Үлкен залда Christie Cine-IMP 2K конвертері орнатылған. Ол үлкен экраннан кинофильмдердің корсетілуін ғана емес, сондай-ақ DVD роликтерін, теледидар бағдарламаларын және компьютер презентацияларының көрсетілуін мүмкімдік етеді.
Дыбыс декодерлеуі Dolby CP-650 дыбыс процессорларының көмегі арқылы жүргізіледі. Дыбыс системасы Моно, Dolby Stereo, Dolby Digital, Dolby Digital Surround EX форматтарының шығарылуын қамтамасыз етеді. Кинофильм дыбысы таза болуы үшін «Crown» және «Electro Voice» күшейткіштері қолданылады.
Залдағы жарықтың баяу сөніп және қосылуы үшін «Светогор» атты жарық көлегейлегіштері қолданылады.
  
Билет бағасы:
Сағат 19:00ге дейін : үлкен кісілерге – 550 тг.; балаларға – 300 тг.; студенттерге – дүйсенбі, сейсенбі күндері – 350 тг.; қалған күндер – 550 тг..
Сағат 19:00ден кейін : үлкен кісілерге – 700 тг.; балаларға – 350 тг.; студенттерге – дүйсенбі, сейсенбі күндері – 350 тг.; қалған күндер – 550 тг..
Билет сатып алған кезде әр-түрлі акциялар мен жеңілдіктер жүргізіліп тұрады.
Кинофильмдер сеансы бойынша ақпаратты www.me100.kz сайтынан жане де 700000 телефон арқылы біле аласыздар.

Бет өзгертілді: 16-07-2015