Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Экономика

Қаржы

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2017 жылғы 1 наурызға Өскемен қаласы бойынша жалпы сомасы 1 728,1 млн. теңге сомаға 53 конкурс өткізу жоспарланып, 710,4 млн. теңге сомаға 34 конкурс жарияланды, 1 017,7 млн. теңге сомаға 19 конкурс жарияланған жоқ.

 

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2016 жылға Өскемен қаласы бойынша нақтыланған бюджетті және тәсілдің өзгеруін ескере отырып жалпы сомасы 2 430,2 млн. теңге сомаға 144 конкурс жоспарланып, жарияланды, барлық конкурстар бойынша 2 288,5 млн. теңге сомаға шарттар жасалды, үнемдеу 141,6 млн. теңгені құрады.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу мониторингін, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алуды талдау нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі  27 162,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жүргізілігендер – 7 688,1 млн. теңге немесе 28,3 %.

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2015 жылға Өскемен қаласы бойынша нақтыланған бюджетті және тәсілдің өзгеруін ескере отырып жалпы сомасы 10 425,0 млн. теңге сомаға 111 конкурс жоспарланып, жарияланды, барлық конкурстар бойынша 10 369,4 млн. теңге сомаға шарттар жасалды, үнемдеу 55,6 млн. теңгені құрады.

 

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2015 жылғы 1 желтоқсанға Өскемен қаласы бойынша нақтыланған бюджетті және тәсілдің өзгеруін ескере отырып жалпы сомасы 10 540,1 млн. теңгеге 113 конкурс жоспарланып, жарияланды, олардың ішінде 139,3 млн. теңге сомаға 7 конкурс бойынша қорытынды шығарылуда, 10 349,9 млн. теңге сомаға 106 конкурс бойынша шарттар жасалды, үнемдеу 50,9 млн. теңгені құрады

 

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2015 жылғы 1 қарашаға Өскемен қаласы бойынша нақтыланған бюджетті және тәсілдің өзгеруін ескере отырып жалпы сомасы 10 372,9 млн. теңгеге 105 конкурс жоспарланып, жарияланды, 10 323,1 млн. теңге сомаға барлық конкурстар бойынша шарттар жасалды, үнемдеу 50,9 млн. теңгені құрады

 

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша ақпарат

2015 жылғы 1 қазанға Өскемен қаласы бойынша нақтыланған бюджетті және тәсілдің өзгеруін ескере отырып жалпы сомасы 10 372,9 млн. теңгеге 105 конкурс жоспарланып, жарияланды, 10 323,1 млн. теңге сомаға барлық конкурстар бойынша шарттар жасалды, үнемдеу 50,9 млн. теңгені құрады

 

Өскемен қаласы бойынша 2014 жылға  мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясыжүргізген бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Өскемен қаласы бойынша 2014 жылыШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызқа қарсы салалық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 20 тармағын орындау мақсатында қаланың 20 ұйымында тексеру жүргізді, оның 16-да төмендегі мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталды:

- біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін жеткізіп берушілерді негізсіз конкурсқа қатысуға жіберу («Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ);
- сатып алуды бір көзден сатып алу деңгейінде жеткізіп берушілерді біліктілік талаптарына сай деп негізсіз тану («Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);
- дезинфекцияға дейін жұмыстарды жүргізуге жеткізіп берушіде лицензияның болмау фактісі анықталмаған («Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ);
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде тауарлар олардың біртекті түрлері бойынша льготтарға бөлінбеген («Жас техниктер станциясы» КМҚК);
- мемлекеттік сатып алудың шарттарын қамтамасыз етуді уақытында енгізбеу («Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ);
- жеткізіп берушілерге банктік кепілдіктерді уақытында ұсынбау («Балалар өнер мектебі» КМҚК);
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормаларын қолданбастан 100 мәрте АЕК асатын сомаға біртекті тауарлар сатып алынған («Восток» футбол клубы» МКҚК);
- баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алуды қайталап өткізгенде сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі – бір көзден сатып алу әдісі дұрыс таңдалмаған («Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ);
- баға ұсыныстарын сұрату әдісімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бекітілген Номенклатураға сай отандық тауар өндірушілерден емес, жеке негіздемелерден сатып алу (КММ: «№ 11 мектеп-гимназия», «№ 24 орта мектебі», «№ 29 орта мектебі», «Психикалық дамуында тежеуі бар балаларға арналған № 61 мектеп-балабақша кешені», «№9 орта мектебі», «Спорт және дене шынықтыру бөлімі», «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Құрылыс бөлімі» ММ);
- баға ұсыныстарын сұрату әдісімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ҚР мүгедектер қоғамдық ұйымы құрған ұйымдардан емес, жеке негіздемелерден сатып алу (КММ: («Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі», «№ 11 мектеп-гимназия», «№ 24 орта мектебі», «№ 9 орта мектебі», «Жер қатынастары бөлімі» ММ).

Барлығы 6 283,1  млн. теңге сомаға бұзушылықтар (қорытындыға әсер ететін) жіберілген.
Дегенмен, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 5 605,5 млн. теңге сомаға мемлекеттік сатып алу бұзушылықтары бойынша бақылау нәтижесін ШҚО ауданаралық экономикалық сотында даулап алғанын атап өткен жөн.

Бұзушылық жіберген ұйымдарға бақылау барысында бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алу туралы заңның кейбір мәселелері түсіндірілді.
6 лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды, 10 ескертпе, 1 адамға ескерту жасалды.

2014  жылғы 1 желтоқсанға сайтқа ақпарат

2014 жылғы 1 желтоқсанға  Өскемен қаласы бойынша 21 817,7 млн. теңгеге сомаға 232 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 19 199,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 8 282,4 млн. теңге немесе 43,1 %.

2014  жылғы 1 қарашаға сайтқа ақпарат

2014 жылғы 1 қарашаға  Өскемен қаласы бойынша 21 516,3 млн. теңгеге сомаға 224 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 17 504,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 8 032,1 млн. теңге немесе 45,9 %.

2014 жылғы 1 қазанғасайтқа ақпарат

2014 жылғы 1 қазанға  Өскемен қаласы бойынша 21 456,5 млн. теңгеге сомаға 221 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу,оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 17 274,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 7 905,0 млн. теңге немесе 45,8 %.

Өскемен қаласы бойынша 2014  жылғы 1 қыркүйекке мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы жүргізген бақылау нәтижелері туралы ақпарат

2014 жылғы 1 қыркүйекке Өскемен қаласы бойынша 14 018,6 млн. теңгеге сомаға 187 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 16 096,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 6 394,5 млн. теңге немесе 39,7 %.

Өскемен қаласы бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы жүргізген бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Өскемен қаласы бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығына ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызқа қарсы салалық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 20 тармағын орындау мақсатында қаланың 18 ұйымында тексеру жүргізді, оның 14-де төмендегі мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталды:

  1. біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін жеткізіп берушілердің конкурсқа қатысуына негізсіз жол берілген («Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі», «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ);
  2. бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде жеткізіп берушілерді біліктілік талаптарға сай деп негізсіз тану («Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ);
  3. мемлекеттік сатып алу шарттарын қамтамасыз етуді уақытында енгізбеу («Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ);
  4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның нормаларын қолданбастан АЕК 100 мәрте артық сомаға біртекті тауарлар сатып алынған («Восток» футбол клубы» МКҚК);
  5. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату әдісімен бекітілген Номенклатураға сәйкес отандық тауар өндірушілерден емес, жалпы негіздемелерде сатып алу (КММ: «№ 11 мектеп-гимназиясы», «№ 24 орта мектебі», «№ 29 орта мектебі», «Психикалық даму бөгелісі бар балаларға арналған № 61 мектеп-балабақша кешені», «№ 9 орта мектеп», «Өскемен қаласының спорт бөлімі», «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ);
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату әдісімен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігімен құрылған ұйымдардан емес, жалпы негіздемелерде сатып алу (КММ: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі», «№ 11 мектеп-гимназиясы», «№ 24 орта мектебі», «№ 9 орта мектебі», «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ);
  7. баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайталап мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде сатып алуды жүзеге асырудың  бір көзі дұрыс таңдалмаған («Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ).

2014 жылдың 1 жартыжылдығындағы бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6 179,6 млн. теңгеге бұзушылықтар (қорытындыға әсер ететін) жіберілген.
Бұзушылықтарды жіберген ұйымдарға бақылау  кезінде бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың кейбір мәселелері түсіндірілді.
5 лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды, 4 ескертпе, 1 адамға ескерту жасалды.

2014  жылғы 1 шілдеге сайтқа ақпарат

2014 жылғы 1 шілдеге  Өскемен қаласы бойынша 13 548,0 млн. теңгеге сомаға 177 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 12 817,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 4 813,1 млн. теңге немесе 37,5 %.

2014  жылғы 1 мамырға сайтқа ақпарат

2014 жылғы 1 мамырға Өскемен қаласы бойынша 11 722,8 млн. теңгеге сомаға 129 жоба бойынша конкурстар өткізілді және қорытындылар шығарылды.

Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізеді, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алу талдауы нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 8 317,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жүргізілгендер – 2 691,2 млн. теңге немесе 32,4 %.

2013 жыл бойынша сайтқа ақпарат

2013 жылы Өскемен қаласы бойынша 16 532,3 млн. теңге сомаға 93 жоба бойынша конкурстар өткізілді және шарттар жасалды.
Өскемен қаласының қаржы бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алу мониторингін, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерге бейімделетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізеді. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары өткізген мемлекеттік сатып алуды талдау нәтижесінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 16 218,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жүргізілігендер – 7 054,2 млн. теңге немесе 43,5 %.

2013 жылғы Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындары бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында шарттар тізілімінде жалпы сомасы 3 724,4 млн. теңгеге 10 793 мемлекеттік сатып алу туралы орындалған шарттар орналастырылған, олар бойынша қазақстандық мазмұн 66,3 % құрады.

Өскемен қаласы бойынша 2013 жылға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы жүргізген бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Өскемен қаласы бойынша 2013 жылға ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызқа қарсы салалық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 20 тармағын орындау мақсатында қаланың 38 ұйымында тексеру жүргізілді, оның 12-де төмендегі мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталды:

  • мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принципін бұзушылық («Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімі» ММ) – лоттарға оларды көрсету орындары бойынша қызметтерді бөлмеу, «Өскемен-Водоканал» ШЖҚ КМК – потенциалды жеткізіп берушілерге тепе-тең мүмкіндік бермеу, «№ 15 балалар көркемөнер мектебі» КМҚК - лоттарға түрлері бойынша тауарларды бөлмеу;
  • уақытында жеткізбегені үшін жеткізіп берушіден тұрақсыздық өнідірілмеген («№ 42 орта мектебі» КММ, «№ 45 «Болашақ» балабақша-бөбекжайы» КМҚК);
  • жеткізіп берушілерде СТ-КZ сертификаттарының болмауынан қазақстандық мазмұн жөніндегі есепте мемлдекеттік сатып алудың веб-порталында шарттардың орындалуы бойынша қате мәліметтер көрсетілген («№ 5 орта мектебі» КММ, «№ 27 орта мектебі» КММ, «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназия» КММ);
  • мемлекеттік сатып алудың веб-порталында хабарландырулар қате орналастырылған («№ 15 балалар көркемөнер мектебі» КМҚК);
  • тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату әдісімен заңнамамен бекітілген тізімге сәйкес отандық тауар өндірушілерден емес, жалпы негіздерде сатып алу («№ 6 мектеп-балабақша кешені» КММ, «№ 2 мектеп-гимназия-балабақша кешені» КММ, «№6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайы» КМҚК, «№20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы» КМҚК);
  • тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдардан емес, жалпы негіздерде сатып алу («№ 5 орта мектебі» КММ);
  • шарт жобасының қол қою мерзімдері сақталмаған («Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу Өскемен қалалық орталығы» КММ).

2013 жылға бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 929,8 млн. теңгеге бұзушылықтар (қорытындыға әсер ететін) жіберілген.
Бұзушылықтарды жіберген ұйымдарға бақылау кезінде бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың кейбір мәселелері түсіндірілді.
5 лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды, 10 ескертпе, 2 адамға ескерту жасалды.
ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша қаржылық бақылау комитеті анықтаған аса жиі жіберілген бұзушылықтар Өскемен қаласының тапсырыс берушілерінің назарына жеткізілді.

Бет өзгертілді: 15-03-2017