oskemen.vko.gov.kz / Білім беру
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Білім беру

Білім беру бағдарламалары және орталықтар

«Өскемен қаласы әкімдігінің №15 балалар өнер мектебі» КМҚК

Мекен-жайы:
Өскемен қаласы, Севастополь көшесі 6;
Тел. 8 (7232) 55-85-95 директор

Негізін қалаған жылы: 1989 ж.
Қатысушылар саны: 1820 қатысушылар
Педагог қызметкерлерінің саны: 39
Қызмет түрі: балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру

Директоры: Лариса Евгеньевна Санталина

1970 жылы туылған.
Білімі: Өскемен қаласы музыкалық училище – 1989 ж., ШҚМУ – 1993 ж.
Мамандығы: фортепиано мұғалімі, сүйемелдеуші
№15 балалар өнер мектебі 1989 ж. қазанында хор студиясы базасында негізін қалаған. 2005 жылдан бастап қосымша білім беруді жүзеге асыру мақсатында, №15 балалар өнер мекетебі «Өскемен қаласы әкімдігінің №15 балалар өнер мектебі» КМҚК болып өзгертілінді.
2005 жылдың қаңтарынан бастап «№15 балалар өнер мектебі» КМҚК №7, №8, №15, №37, №40, №29, «№11 мектеп-гимназия»  ММ жалпы білім беру мектептерінің отбасыларымен тығыз байланыста жұмыстарын атқарады.

Келесі бөлімдер бойынша оқытуды жүзеге асырады:

  • хореография
  • вокальды-хор
  • театр
  • бейнелеу өнер бөлімі
  • сәндік қолөнер бөлімі
  • фольклор бөлімі
  • оркестр бөлімі
  • жалпы эстетикалық факультет

Өнер мектебінің тағайындаулары:  әр баланың бойындағы басталып келе жатқан шығармашылығын ояту, оны еңбекке баулап, шығармашылықта алғашқы қадамын жасауға көмектесу.

№15 балалар өнер мекетебінің педагогикалық ұжымы 39 мұғалімдерден тұрады. Олардың 70 пайызы кәсіби білімі бар мұғалімдер, 62 пайызы жоғары және бірінші санаттаға мұғалімдер.
Мұнда мұғалімдердің көбі өздерінің жеке авторлық бағдарламаларын жазады, әрқашанда балалармен әртүрлі жаңа және қызықты жұмыстармен ізденісте болады.
Мектептің ең маңызды мақсаты – балалар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылықтары, бірлескен шығармашылық процессіне ата-аналарды тарту. «Отбасы» және «Ойын-сауық» мақсаттық бағдарламалар әзірленген, отбасы және отбасылық салт дәстүрлерді жаңғырту.
Өнер мектебінің ерекше мақтанышы – ол өзінің шығармашылық ұжымы, әркімнің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.

Олар - «Жаворонок» хор ұжымы (жет.Солтанова Л.К.), «Рандеф» және «Алакай» хореографиялық ұжымы (жет. Чуйкова Ю.А. және Рындина Ю.А.),  «Шанс» би студиясы (жет. Тюлюкова Ж.Н.), «Новый день» вокалдық студия (жет. Рязанова Г.А.), «Радуга» вокалдық ұжым (жет. Андреева А.А.), «Подснежник» би ансамблі (жет.Трошина Ж.В.), «Андате» (жет. Рафикова Э.Р.). Театр ұжымы қарқынды дамып келеді: «Мы артисты» және «Пилигрим» (жет. Тюменцева Л.М. және Матвеева Л.Г.), қазақ халық аспаптар оркестрінің жеткешілігімен Сағдолдина Г.С.
№15 өнер мектебінің оқушылары – бірнеше қалалық, облыстық және республикалық сайыстардың жүлдегерлері: «Сыңғыр дауыс», «Би ырғағы», «Дарындылар кемпірқосағы», «Шығыс жұлдызы», «21 ғасыр дарындылары» және т.б.
Олар көптеген концерттерге қатыса Өскемен қаласының тұрғындарына қуанышты минуттар сыйлайды, ҰОС ардагерлеріне арналған, тыл ардагерлеріне, балалр үйі интернатының тәрбиенушілері үшін қалалық алаңда қайырымдылық іс-шараларын өткізу мерекелеріне қатысады.

Балалар өнер мектебіне өз еркілерімен келеді. Бұл олардың таңдауы, олардың талаптануы. Көптеген тәрбиеленушілер үшін өмірлерінің болашақтарындағы сүйікті пәні.  Біздің 27 пайыз мектеп түлектері өздерінің білімдерін жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарында жалғастыруда, олар өнер мектебін бірген соң кәсіби әншілер, бишілер, музыканттар, актерлар және мұғалімдер қызметін атқарады.

Өнер мектебінің мұғалімдері өздерінің жетістіктерін ғана емес өздерінің тәжірибелік білімдерін беруге, баланы тұлға ретінде жетілдіруге талпынады, қорықпай алға қадам басуға ұмтылады. Олар ішкі бостандықты сезуге, әлем мен адамдарға жақсы көзқараспен қарауға, жеке адамгершілікке тәрбиелеуге сенеді.  

Бет өзгертілді: 19-12-2014