Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Кәсіпкерлік және бизнес

Ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша ақпарат

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Сіздердің мәліметтеріңізге 2011 жылдың 1 ақпандағы жағдайы бойынша Өскемен қаласының аумағында төлем карточкаларын қолданумен қолма-қол емес төлемдерді қабылдайтын 510 сауда кәсіпорындарында pos-терминалдары орналастырылғанын жеткіземіз.

POS-терминалдар – карточканың магнит жолағынан немесе микрочиптен ақпаратты оқуға және экранға хабар түрінде авторизация жүргізу мен чектің бірнеше данасын басып шығару үшін банкпен байланысуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

Төлем карточкасы - өзіңіздің банк шотыңызды басқаруға қол жеткізудің кілті болып табылатын құрал. Төлем карточкасы белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканың бетінде көрсетіледі.

Төлем карточкасының көмегімен:
қолма - қол ақша алу;
дүкендерде, супермаркеттер мен қонақ үйлерінде, басқа сауда және
сервис мекемелерінде сатып алынған тауар мен көрсетілген қызмет үшін есептесу;
банкмоттар арқылы төлемдер жүргізу және ақша аудару;
кредит лимитін алу;
«Карточкалық депозит» ашу;
өзіңіздің карт шотыңыздағы ақша қозғалысы туралы мобильдік
телефоныңызға түсетін SMS – хабары арқылы ақпарат алу;

Карточкамен есеп айырысу арқылы Сіз дүние жүзі бойынша ондаған миллион сауда нүктесі мен сервис орнының қызметін пайдалана аласыз. Карточка әмбебап валюта. Сіз қай елде жүрсеңізде, жасаған саудаңыздың ақшасы бірден сол елдің валютасына айырбасталады.

Сауда және сервис желісінде (дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер және т.б.) карточкамен есеп айырысу үшін Сізге келесі әрекеттер жасау қажет:
1. Карточкаңызды кассирге көрсетіңіз. Кассир Сізден жеке басын куәландыратын құжатыңызды сұрауы мүмкін.
2. Карточканы кассир POS-терминалға немесе импринтерге енгізеде, жасалған сауда ақшасының сомасын тереді.
3. POS-терминал келесі ақпараттары бар чекті басып шығарады: сауда орнының деректемелері, операцияның атауы, операцияны жүргізген күні мен уақыты, Сіздің карточкаңыздың нөмірі, жарамдылық мерзімі, Сіздің Т.А.Ә. (бұл ақпарат магнит жолағында болуына байланысты), операция сомасы, авторизация коды немесе бас тарту коды, қол қойылатын орын. Чек екі данада басылады. Есеп айырысу импринтер арқылы жүргізілетін болса, чек үш данада рәсімделіп, кассирмен жазбаша қолмен толтырылады.
4. Бұдан әрі Сіздің чекке қол қоюыңыз қажет. Қол қоймас бұрын, алдымен операцияның жасалған күні мен сомасын тексеріп алыңыз. Кассир карточкадағы қолыңызбен чекке қойған қолыңызды салыстырып тексереді. Егер бәрі дұрыс болса, чектің бір данасын Сізге береді. Чекті кемінде жарты жыл сақтаған жөн. Төлемге байланысты сауда, сервис орнымен мәселе туындаған жағдайда (артық сома ұсталып қалса, төлем екі рет жүргізілсе және т.б.) чек Сізге қажет болады.

Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі

Бет өзгертілді: 16-07-2015