Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Кәсіпкерлік және бизнес

Инвестициялық әлеует

«Туған жерге тағзым» акциясының Өскемен қаласында жүзеге асырылу барысы туралы 2013 жылғы қазандағы жағдайы
бойынша ақпарат
*.doc 45.0 kB

Проект *.ppt 5.3 Mb

Қазіргі таңда Өскемен қаласында 2015-2019 жж. ИИДМБ аясында жалпы соммасы 11 жоба жүзеге асырылады, жүзеге асырылу басынан бастап 470 жұмыс орны құрылды, қуаттылыққа шығу 4900 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

Республикалық жоба 1 жоба  - «Азия Авто» АҚ және аймақтық маңызы бар 10 жоба:

Олардың ішінен, 5 кәсіпорынның жобалары жүзеге асырылды: «Ө ТМК» АҚ;  «Мелисса» ЖШС;  «Өскемен технологиялық қондырғы» ЖШС; «KazWoodGroup» ЖШС; «Вертекс-Восток» ЖШС .

  •  жоба 2017 жылы жүзеге асырылуға жоспарлануда: «ТАГ-ТИН» ЖШС
  •  жоба жүзеге асырылу стадиясында: «Өскемен Конденсатор зауыты»; «Казцинк» ЖШС; «B.P. Group» (Б.П. Груп) ЖШС; «Balum Kaz Service» ЖШС.

2016 жылы Аймақтың кәсіпкерлікті қолдау мен индустрияландыру картасыны Өскемен қаласынын 5 жоба қосылды.  (««B.P. Group» (Б.П. Груп)» ЖШС, «KazWoodGroup» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Вертекс Восток» ЖШС, «Таг - Тин» ЖШС).
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында  Индустрияландыру картасының жобалары бойынша инвестиция көлемі  1 млрд.теңге болды және 60-тан аса жұмыс орны құрылды.

2017 жылы жүзеге асырылуға 1 жоба жоспарланып отыр: «ТАГ-ТИН» ЖШС, аталмыш жоба бойынша түсетін инвестиция көлемі 530 млн.теңгеден аса. Биылғы жылы ИИДМБ 2 Бесжылдығындағы жобалар бойынша 130-дан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

ИИД МБ аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы

Өскемен қаласы бойынша 2010-2014 жылдар аралығында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында келесі кәсіпорындардың 18 инвестициялық жобалары жүзеге асырылды: «ӨТМК» АҚ-2 жоба, «Казцинк» ЖШС, «Востокмашзавод» АҚ, «Ақсай Нан» ЖШС, «ИртышТанурПлюс» ЖШС, «Посук Титаниум» ЖШС, «Мелисса» ЖШС, «Өскемен өндірістік арматура зауыты» АҚ, «Восток Молоко» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» ЖШС, «Согра ЖЭО АЭС» ЖШС, «Полиус «ҚРБК» ЖШС, «Өскемен технологиялық қондырғы зауыты» ЖШС, «Азия-Авто Қазақстан» АҚ, «Balum Kaz Service» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «Альжан Агро трейд» ЖШС.
2015-2019 жылдар аралығында ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығына 6 жоба өтті: «Азия-Авто Қазақстан» АҚ, «Мелисса» ЖШС, «Өскемен технологиялық қондырғы зауыты» ЖШС, «Balum Kaz Service» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «ӨТМК» АҚ.
2015 жылғы өзектендіру нәтижесі бойынша Индустриаландыру картасынан маусымдық сипатына байланысты, сонымен қатар ҚР инвестиция және даму Вице-министрі А.Раудың 2015 жылдың 11 тамыздағы №2/14189 хатына сәйкес «Альжан Агротрейд» ЖШС және «Иртыштанур» (өтініш берушінің хатына сәйкес). Қазіргі таңда ҚР Инвестиция және даму министрлігінен Индустриаландыру картасын өзектендіру қаулысы күтілуде.

2015 жылы қаланың Үйлестіруші кеңесінде «В. Р. Group (Б. П. Груп ) ЖШС және «Герат-ПВ» ЖШС кәсіпорындарының жобаларын ҚР Индустриаландыру картасына қосу бойынша қарастырылды және ШҚО Үйлестіруші кеңесінің жұмыс тобына қарастыруға жіберілді. Қазіргі таңда аталмыш жобалар бойынша салалық қорытындылау ҚР Инвестиция және даму министрлігінде орналасқан. Министрліктің оң қорытындысы болған жағдайда аталмыш жобалар аймақтық картаға қосылатын болады.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық Үйлестіруші кеңестің отырысында Индустриаландыру картасына немесе аймақтың кәсіпкерлігіне қолдау жасау картасына қосу бойынша 5 жоба қарастырылды және Шығыс Қазақстан облыстық Үйлестіру кеңесіне қарастыруға жолданды.

  1. «KazWoodGroup» ЖШС- Ағаш ұнтақтарын терең өңдеу арқылы экологиялық таза, жоғары техгологиялық композитты  материалдарды өндіру бойынша көпсалалы зауыт құру (бағасы 0,548 млрд. теңге.),
  2. «Mayralift» ЖШС- «Өскемен қаласында жеделсаты құрау зауытын құрау»,  (бағасы 0,3 млрд. теңге),
  3. «Казцинк» ЖШС- «ЗТКК ОФ № 1 (1,2,3 қатар) секциясында мырышты-пиритты айналымында байытудың технологиялық  көрсеткіштерін дамыту және флотацияның қуаттылығын келтіру мақсатында РИФ-25, РИФ -16 флотациялы машиналарды ауыстыру», «ЗТКК ОФ ұңғыту аймағында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу»,(бағасы 5,0 млрд. теңге),
  4. «Таг-Тин» ЖШС- «Тәулігіне қуаттылығы 200 тонна шикізатты өндіре отырып, майлы мәдениетін қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды енгізу бойынша зауыт», (бағасы 0,526 млрд теңге).
  5. «Вертекс Восток  ЖШС-«Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорынның технологиялық және өндірістік жаңаландыру» (бағасы 0,5 млрд.тенге).

Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ағымдық жағдайы

Индустрияландыру картасы, Бизнестің жол картасы аясындағы жобалар 2010 жылдан бастап 2010-2014 жылдарға ҚР Мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновационалдық бағдарламасына және «2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. «2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық ставкаларды қайта қаржыландыру жүзеге асырылады, сонымен несиелерді алуда банктің алдында кепілдік ұсынады.

ҮИИД картасына Өскемен қаласы бойынша 257,2 млрд. теңгеге жалпы сомасы 15 жобалар кірді. Олардың 2013 жылға дейін енгізілген – 9 жоба, жүзеге асыру аралығында – 6 жоба, оның ішінде 2 жоба республикалық деңгейде.

МҮИИДБ жүзеге асыру жылдарында көрсеткіш қорытындыға қол жеткізілді: 2011 жылдың тамызынан Қазмырышта катодты мысты шығару, ТМК титанды ерітінділер мен кесектерді өндірісі, Арматура зауытында өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықтар ұлғайтылды.

Көрсетілген жобаларды жүзеге асыру мыс өндірісінде шикізат бағытынан кетуге мүмкіндік берді, титаннан жоғары қосылған құнмен өндірісті ұлғайтуға, ассортиментті ұлғайту мен экспортқа бағытталған тасымалдау көлемін (ЧПУ станоктар мен өңдеуші орталықтар, дәнекерлеуші автоматтар, лабараториялық нәтижелерді өткізу үшін жабдықтар).

2012 жылы жоғарыда көрсетілген үш кәсіпорындар бойынша былтырғы жылға қатысты 40% өндірістің көлемі ұлғайтылған. Өндірісте жұмысшылардың саны 157 адамға ұлғайтылды. Еңбекақы төлем қоры – 19% құрады. Ортаайылқ еңбекақы төлемі 16% дан 23% өсті. Сәйкесінше жеке табыс, әлеуметтік салық бойынша бюджетке көлемдер 18% ұлғайтылды, мүлікке салықтың өсімі 70% құрады. Инвестицияның барлық көлемі мен ҚМЖ бұл жобалар бойынша 2011-2012 жылдарға есепте ескерілген.

Қуаттылықтарды игеру бойынша:Бүгінгі күнде 100% жобалық қуаттылыққа Арматура зауыты, Согралық ЖЭО, 2013 жылдың аяғына дейін Ақсай-Нан-Өскемен шықты. 2013 жылға жоспарланған 75% қуаттылық көлемде «Қазмырыш» ЖШС (2014 жыл – 100%). «Востокмашзауыт» АҚ қуаттылықтарды игеру ағымдағы жылы ескерілмеген (өнім сертификация сатысынан өткен жоқ). Титанды кесектер мен ерітінділер өндірісі 2013 жылы 80% шықты.

2013 жылға дейінгі пайдалануға енгізілген 9 жобалардан 3 бойынша жоспарлы өсім индикаторлары қол жеткізілмеді:

1) жеміс сақтау қоймасын ұйымдастыру бойынша жоба – вентиляциялық жетпейтін жабдықты алу үшін қаржыландыру мәселесі шешілмеді;

2) жылу қысымды өндірісті ұйымдастыру бойынша жоба – қуаттылықтың тек қана 5 пайызы игерілді.

3) пәстерленген сүтті ұйымдастыру бойынша жоба – аяқталмаған. Жобалық қуаттылыққа шығу 2014 жылдан өндіріс үшін шикізатпен қамту мәселесі шешілген жағдайда күтілуде.

Ағымдағы жылы ҮИИД картасына 2012 жылдан «Айтас МП» ЖШС жүзеге асыратын шұжық бұйымдар өндірісі бойынша цехтың құрылысы жоба енген. Жобаның құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Бизнестің ЖК бойынша 420 млн. теңгеге жобаның қаржыландыру мәселесі шешілген.

2013 жылдың маусым айында ШҚО әкімдіктің өңірлік ҮИИД Картасына үй құрылыс комбинаттың құрылысы бойынша жоба (ДСК «Стройинновация» ЖШС) және тау шахталы машина және жабдық зауыты («Balum Kaz Servis» ЖШС) 4 млрд. теңгеден астам инвестицияның жалпы көлемімен жобаны кіргізу туралы қаулы қабылданды.

2020 Бизнестің Жол картасы бағдарламасы бойынша 32 млрд. теңге сомаға 96 жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

Жаңа өндірісті құру, жаңа өнімнің түрлерін игеру, жаңа өндірістік нысандардың құрылысына 12 жоба 16,9 млрд. теңге сомаға бағытталды. Ұлғайтуға, жаңғырту мен қолданыстағы өндірісті 10 жоба 2,6 млрд. теңгеге бағытталды. 5,2 млрд. теңге сомаға 64 жоба жабдық, ғимарат, көлік және қолданыстағы бизнесті ұлғайту үшін бағытталды.

Жаңа өндірісті орналастыру үшін мүмкіндіктер

Өскемен қаласында инженерлік коммуникацияны өткізумен бизнесті дамыту аймағы құрылды, онда жаңа өндірісті құруға болады.
– жер телімінің жалпы алаңшасы – 26,6 га;
– өндірістік аймақ 176105 ш.м.;
– жалпы пайдалану аймағы – 89942 ш.м.;
– сумен қамту желісінің ұзындығы – 2, 574 км (жалпы – 1100 м куб/ тәулігіне, 90 м куб/сағ);
– канализация желісінің ұзындығы – 1,8 км (1148 м.куб/тәулігіне, 95,6 куб/сағ);
– жылу желілерінің ұзындығы – 1, 018 км (жалпы – 1442 Гкал/сағ, олардың 1219 – жылу, 0, 223 – ыстық су);
– электрмен қамту желінің ұзындығы – 1, 267 км (орнатылған қуаттылық – 2 Мвт/а немесе 20 кіші станцияны 100 квт/а қоюға болады).

Қаржыландыруды талап ететін әлеуметтік инфрақұрылымның жобалары:
1) Бүгінгі күнде Өскемен қаласының жылумен қамту сызбасы әзірленуде ол өзіне ТЭН және Сол жағалау ЖЭО құрылысын кіргізуде. Жылумен қамтуды дамытудың сызбасы 400 Гкал/сағ көлемінде жылу энергиясының тапшылығын жабуды ескереді және қаланың алыстанған аудандарында шағын қазандықтарды жабу есебінен экологиялық жағдайды жақсартады (Аблакетка, Аэропорт, Меновной) және негізгі жылу магистральдарды тегіс таратады. Шамаланған ТЭН әзірлеу бойынша жобаны жүзеге асыру мен Сол жағалау ЖЭО құрылысына 300 млрд. теңге қуаттылық қажет.
2) Өскемен қаласы дамуының Бас жоспарына сәйкес Қан орталығы ауданда (Сол жағалау, ЖМҚ) денсаулық сақтау нысан кешеннің құрылысына жер телімі бөлінді. Балалардың қалалық емханасына 200 төсек (шамаланған құны 4,4 млн. теңге, жер телімі 5 га)
3) Сәтпаев даңғылы бойынша спортта дарынды балалар үшін интернаттың құрылысы.
4) 19 тұрғын ауданда Жастар сарайының құрылысы
5) Қаладағы қаңғыбас жануарлар үшін үйлерді ұстау мен құрылысы
6) Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй алуға жоғары кезекшілік (3,7 мыңнан астам). Қаржыландыруда қажеттілік 5,5 млрд. теңге.
7) Санитарлық-қорғалған аймақтан тұрғындарды көшіру үшін (3,8 мың адам) тұрғын-үйдің құрылысына қажеттілік 16,8 млрд. теңге.
8) Көліктік байланыстың жеткіліксіздігі мен көпірлердің апатты жағдайы.

Қажет:
– бар көпір өтпелерін жаңғырту (Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы Қазақстан көшесінің қиылысында Ертіс өзені арқылы), қаржыландыруда қажеттілік 7700 млн. теңге.
– «Өскемен – Таврия – Семей» автокөлікті трассаға шығумен Виноградов көшесінің қиылысында өтпе көпірдің құрылысы мен жобалау, қаржыландыруда қажеттілік 30 600 млн. теңге.
– «Сәтпаев – Жібек жолы – Есенберлин» көліктік байланысты жаңғырту, қаржыландыруда қажеттілік 740 млн. теңге.
– қаладағы 5 жүргіншілер өтпесінің құрылысы. Қаржыландыруда қажеттілік 770 млн. теңге.
– К. Маркс даңғылынан «Южный» магистральныа дейінгі нөсерлі канализациямен Сәтпаев даңғылың құрылысы. Қаржыландыруда қажеттілік – 663,3 млн. теңге.
– су көздерінің тапшылығына және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Жаңа-Өскемен су құдығы» құрылысы мен жобалау қажет. Қаржыландыруда қажеттілік 2000 млн. теңге.
– туристік кластер мен көшпелі және ішкі туризмді дамыту үшін қонақжай кешен мен сәйкес инфрақұрылым нысандардың құрылысы қажет.

Бет өзгертілді: 06-02-2017