Өнеркәсіп

«ВНИИцветмет» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:
070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 1; телефон: 50-34-60, факс: 75-37-71, 75-37-73
Web Site:http://vcm.ukg.kz
E-mail:vcmnauka@mail.east.telecom.kz

«Қазақстан Республикасының минералды шикізаттарын кешенді түрде қайта өңдеу бойынша Ұлттық Орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Шығыс ғылыми-зерттеу түсті металдар тау-кен иниституты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны минералды шикізаттарды шығару және өңдеу мәселелері бойынша ғылым және жобалау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. 

Институт мемлекеттік лицензиялар негізінде ғылыми-техникалық өнімді жасай отырып, тау-кен ісі, байыту, металлургиялық өндіріс, экология саласында кәсіпорындарға жобалар әзірлейді және әзірлемелерді енгізу бойынша  және ғылыми-техникалық сүйемелдеуді орындайды.

ВНИИцветмет 16 мың м2-қа жуық ауданы бар 4 лабораториялық корпуста орналасқан.  Жылумен, жарықпен, сумен және зиянды ағындылардын тазартатын құрылғылармен, канализациямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ құрал-саймандарды, әр түрлі материалдар мен реактивтерді сақтауға арналған қойма бөлмелері бар.

Институтта стандартты емес құрылғылар мен құрал-саймандарды әзірлеу және оларды жөндеу жұмыстарынан өткізу бойынша шеберханалар, машиналар, құрылғылар, есептеу техникасы және бағдарламалық қастамасыз ету бар.

ВНИИцветметте Жапонияда әзірленген әлемдік деңгейдегі құрал-саймандармен, автоматтандандыру және компьютерлік қамтамасыз етудің құралдарымен жабдықталғантәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғы бар. Қондырғы толық зерттеу кешенін қарастырады, онда ауқымды масштабта әр түрлі құрамдағы минералды шикізаттарды өңдеу бойынша барлық байыту-гидрометаллургиялық операциялар жасалынады.

Қазақстан Республикасының аккредитация Жүйесінде техникалық құзіретіне тағайыsндалған «ВНИИцветмет» ЕМК Сынақ Орталығы, түсті металлургия өнімдерін сертификациялық сынақтар бойынша Орталық бар.

Бет өзгертілді: 16-07-2015