Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Өнеркәсіп

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізуге құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

«Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізуге құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамына кіреді.

Кәсіпорын 1992 жылы Ұлттық Банктің мемлекеттік тапсырыстарын орындау және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұлттық валюта монеталарын және мемлекеттік наградаларды шығару үшін құрылған.

Кәсіпорынның негізгі өнімі еңбекті мұқият ұйымдастыру мен жұмысшылардың жоғарғы біліктілігін қажет ететін бұйымдарды жасау болып табылады. Кәсіпорынның өнімі Республика ішінде кең танымал, сондай-ақ шетелде жоғары баға алды. Кәсіпорынның тұрақты тапсырысшыларына – Президент Әкімшілігі, Үкімет, Ұлттық Банк, министрліктер мен ведомстволар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммерциялық фирмалар, банктер мен оқу орындары кіреді.

Қазақстан теңге сарайында ISO-9001:2008 стандарт талаптарына сәйкес, сапа менеджмент жүйесі енгізілді. Кәсіпорында «TUV CERT Thuringen e.V.» халықаралық сертификаттау ұйымымен берілген, монеталар, монета дайындамаларын, ордендер мен марапаттау медальдарын, лауазымдық тұлға және ведомстволар белгілерін, растау таңбаларын өндіруге сертификаты бар.

Теңге сарайы түсті металдардан ұсақ монеталармен Қазақстанды толығымен қамтамасыз етеді, жоғары сапалы «proof» алтын және күмістен жасалған коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығарады, сондай-ақ салмағы 1 кг диаметрі 100мм сапасы «proof» бірегей күміс монеталар, сапасы «proof» алтын жалатылған және эмальды монеталарды дайындайды. Қазақстан монеталарының жоғары сапасы және оның әлемдік стандарттармен сәйкестігі Берлин, Германия және Пекин, ҚХР қалаларында жыл сайын өткізіліп тұратын ең абыройлы монета сарайы көрмелерінде сарапшылардың растауын бірнеше рет алды.
Қазақстан теңге сарайымен дайындалған мемлекеттік наградалар – ордендер, медальдар, белгілер, дәл осындай зергерлік өнердің лайықты үлгісі болып табылады және ең жоғары әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

Негізгі өнімнен басқа Теңге сарайы естелік және мерейтой медальдар, белгішелер, айрықша кәдесыйлар және бағалы металдардың шағын құймалар, күш құрылымдардың формалық киімдері үшін фурнитуралар, растау таңбаларын шығарады, компьютерлік жобалау және пресс-форм, нақыштап өңдеу жабдықтарында мөртаңба және ұяқалыптарды дайындауды жүзеге асырады.

Қазақстан теңге сарайы өз тапсырыс берушілеріне жоғары сапа мен өнімнің уақытында жеткізілуіне кепілдік береді.
Теңге сарайынан шығарылатын естелік монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарынан алуға болады. Медальды-белгі, кәдесый өніміне тапсырыс беруге және тікелей кәсіпорыннан алуға болады.

Шығарылатын өнімдер:
Түсті металдан жасалған ұсақ және естелік монеталар
Алтын және күмістен жасалған коллекциялық монеталар және «proof» сапалы медальдар
Түсті және бағалы металдардан жасалған монета дайындамалары
Ордендер мен медальдар
Медальдар, белгішелер, кеуде белгілері
Кәдесыйлар
Металл фурнитуралар
Зергерлік бұйымдар
Афинирленген алтын мен күмістен жасалған шағын құймалар
Таңбалар мен мөрлер

Сатып алынатын өнімдер:
Металл илегі (қара, түсті)
Бағалы металдар (күмі, алтын)
Химиялық материалдар (заттар, реагенттер, хим. ыдыстар)
Аспап (металл кескіш, слесірлі,қайрақты)
Зергерлік бұйымдар дайындау үшін материалдар
Резіңке және резіңкелі-техникалық бұйымдар
Әр түрлі бұйымдар үшін орам

  Деректемелер:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізуге құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қазақстан Республикасы, 070005, Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қ., Абай д., 102/1
Факс (8-7232) 75-15-80
Тел (8-7232) 75-33-50, (қыбылхана), 75-28-77 (сату бөлімі)
E-mail: admin@kmd.kz
Сайты: www.kmd.kz

Бет өзгертілді: 16-07-2015