Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Өнеркәсіп

«Казцинк» ЖШС

Мекен-жайы:

Промышленная көшесі, 1
070002 Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы
Сайт:www.kazzinc.com
e-mail:uk_office@kazzinc.com
тел. +7 (7232) 291001
факс. +7 (7232) 291355

Казцинк – мыс, бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, негізінен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. 22 мыңнан астам адам кен қазу, байыту, металлургия салаларында, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен машина жасау өндірісінде еңбек етеді.

Компания Шығыс Қазақстанның үш ірі түсті металлургия өндірушілердің активтерін біріктіру арқылы 1997 жылы құрылды. Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде.

2004 жылы Казцинк ISO 9000-2000 Жалпыға бірдей Сапа Менеджменті халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын алды және 2006 жылы ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттар мен ОНSAS 18000 спецификациясы талаптары бойынша сапа менеджментін, экологияны және қауіпсіздік техникасын қамтыған интеграцияланған менеджмент жүйесін өндіріске енгізді.


Бет өзгертілді: 19-12-2014