Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Кәсіпкерлік және бизнес

Өндіріс

Өскемен қаласының аумағында базалық салалары ұсынылған көп салалы индустриалды кешен қалыптасты (металлургиялық өнеркәсіп өндірісі – 64% жалпы өндіріс көлемінен, жылу энергиясы, жылу, газ және су өндірісі және тарату 7,3 %, машина құрастыру – 19,9 %).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2016 жылғы 12 айда 948,7 млрд. теңгені құрады,  өнеркәсіп өнімнің ФӨК 98,9 %.
Баға өсу есебінен, соның ішінде мырыш, мыс және қорғасын, жыл аяғында жоспар-тапсырма орындалады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру үшін ай сайын өндіріс көлемінің төмендеуіне жол берген  кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі және қала әкімі жанындағы Экономикалық кеңесте өзекті мәселелер қарастырылады, көшпелі кеңестер өткізіледі.
2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жалпы өсімі қарқыны 12,0 млрд.теңгені құрады. ФӨК   - 103,1,0%.  2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша болжалды көлем 14,0 млрд.теңгеден төмен емес, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116% төмен емес өсімді құрайды.
2016 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша 88 млрд. тенге көлемінде капитал жұмсалымы алынды немесе 2015 жылға қарағанда 104,8%.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айында индустриаландыру Картасының жобалары бойынша инвестиция көлемі 1 млрд. теңгеден аса құрады, 60-тан астам жұмыс орны құрылды.
2017 жылы 1 жобас жүзеге асыруға жоспарлануда: «ТАГ-ТИН» ЖШС, осы жоба бойынша инвестиция көлемі 530 млн.тенгеден аса құрайды. Ағымдағы жылы ИИДМБ 2 Бесжылдығының жобалары бойынша 130-дан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Индустриаландыру Картасына енгізілген жобалардың санын арттыру мақсатында, 2016 жылы қалалық Үйлестіруші кеңесте ҚР индустриаландыру Картасына енгізу үшін қосымша 7 жоба қаралды және ұсынылды: 1. «KazWoodGroup» ЖШС 2. «Қазмырыш» ЖШС 3. «Құрылыс Гарант» ЖШС 4. «У-Ка Кирпич» ЖШС 5. «Вертекс-Восток» ЖШС 6.  «ТАГ-ТИН ЖШС; 7. «B.P. Group» (Б.П. Груп) ЖШС.
ҚМЖ көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айында 35,0 млрд. теңгені құрады, немесе 2015 жылғы кезеңге 92,2 %.
Жоспар-тапсырманы орындамаудың негізгі себебі құрылыс жұмыстарын қарастыратын, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу мерзімінің көшірілуімен байланысты («Азия-Авто» ЖШС, КазБалумСервис ЖШС), оларға қатысты емес себептермен – жер телімдерін рәсімдеу мен бөлу бойынша мерзімдерінің кешеулетуі, сонымен қатар  шағын бизнес субъектілерінде бос қаржылық қаражаттың шектелуіне байланысты.
Бизнес нысандарының құрылысында ҚМЖ көлемінің төмендеу бойынша сұрағы жеке кәсіпкерлермен пысықталатын болады.
Барлық меншік нысандары салушылардың есебінен пайдалануға 181 мың. шаршы метр тұрғын үй берілді, 2015 жылға қарағанда 129,1% өсіммен.

Өскемен қаласының аумағында базалық салалармен ұсынылған, көп салалы индустриалды кешен қалыптасты (металлургиялы өнеркәсіп өндірісі – жалпы қалалық өндірістің көлемінен – 64%, электроэнергия, жылу, газ және су таралуы мен өндірісі – 7,3%, машина жасау – 19,9%).

Өнеркәсіп

2014 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындармен өнім шығару  330,8 млрд. теңгені, ТИК – 101,3 % құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде 362,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, ТИК – 114,5% құрады. Азық-түлік өнім өндірісінде 12,3 млрд. теңге, ТИК – 97,2% құрады.

Азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған, өнімнің табиғи көлемді сүт өнімі 34,5%, тоқыма жоғарғы киімдер – 4,8%, ағашты каркаспен жиҺаздар – 24,6%, жеңіл автокөліктер – 2,1 есеге өсті.

Құрылыс саласында пластмассалық есіктер мен әйнектердің өсімі – 21,8%, керамикалық кірпіштер – 14,3%, цемент, бетон және жасанды тастардан басқа бұйымдардан – 24,2%, тауарлы бетон – 19,3% қамтамасыз етілуде.

Металлургиялық өнеркәсіпте олардың үлесіне қаланың барлық өнеркәсіптік өндірісінен 64% құрайды, тазартылған алтынның шығарылымы 14,1%, мыс – 29,2% ұлғайтылды.

Өнеркәсіптік әлеует және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін артуға МҮИИДБ жобасын жүзеге асыру әрекет етеді.

Қаланың базалық өнеркәсіптік саласы металлургиялық өнеркәсіп және металлды өңдеу болып саналады, ол экономика жағдайын облыс және қалада анықтайды. Өскемен қаласының өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі меншік салмағы 63,8 % құрайды. Облыс орталығының кәсіпорны Республикадағы мырыш, титанның, магнийдың жалғыз өндірушілері болып саналады, олардың үлесіне тазартылған мырыш және аффинирилинген алтынның 60%, 20% аффиниреленген күмістің шығарылымы кіреді. Саланың негізгі кәсіпорындары: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ болып саналады.

Машина жасау саласы «Востокмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ ұсынылған. Олар тау шахталы және байытылған жабдық, мұнай және құбыр өткізгіш арматураны, автокөліктерді, конденсаторларды шығарады.

Химия өнеркәсібі «Ульбафторкомплекс» ЖШС», «Казцинкинтех» ЖШС, «Орика-Қазахстан» ЖАҚ ерітінді, күкірт қышқылын, жаңа технологиялар бойынша эмульсионды жарылғыш заттарды шығарады. Электрлік және жылу энергиясының өндірушілері «АЭС Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен АЭС ЖЭО», «АЭС Согралық ЖЭО» болып саналады.

өндірістің 18 түрі, оның ішінде:
– ауылдық, орман және балық шаруашылығы – 0,23 %,
– өнеркәсіп – 28,5 %,
– құрылыс – 6,7 %,
– толайым және жекелей сауда; автокөлік және мотоциклдерді жөндеу – 7,0 %,
– көлік және қойма – 4,5 %,
– қойма шаруашылығы мен қосалқы көліктік қызмет – 2,8 %,
– почта және курьерлік қызмет – 0,5 %,
– тұру бойынша қызметтер мен тамақтану – 1,5 %,
– ақпарат және байланыс – 3,5 %,
– қаржылық және сақтандыру қызметі – 3,3 %,
– жылжымалы мүлікпен операциялар – 0,7 %,
– кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 2,8 %,
– әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету маңында қызмет – 2,9 %,
– мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамту – 14,7 %,
– білім беру – 12,4 %, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер – 8,8 %,
– өнер, демалыс және ойын-сауық – 1,3 %,
– басқа қызметтерді ұсыну – 1,2 %.

Бет өзгертілді: 06-02-2017