Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Жария ету

Мүлікті жария ету

Легализация 

Легализация 


Мүлікті жария ету бойынша тамаша мүмкіндік тек 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес мүлікті жария ету 2016 жылдың 31 желтосанына дейін жүргізіледі.

Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.
Жария етілген мүлікті және акшаны кейіннен заңды түрде кез келген мақсатта пайдалануға болады.

Рақымшылық жария ету субъектілеріне келесідей кепілдіктерді береді:
- мемлекеттік органдар мүлікті жария етуге байланысты барлық ақпараттардың жабық болуын қамтамасыз етеді, сондай –ақ банктік, салықтық және қызметтік құпиялар сақталады;
- жария етілген мүліктер кофискацияға жатпайды;
- мүлікті жария еткен тұлғаларға мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан процессуалдық  іс әрекеттерді жасауға тыйым салынған.
Бұл, мемлекет мүлікке құқықты қабылдай отырып, рақымшылық етіп, Заңда анықталған тізімге сәйкес құқық бұзушылық жауапкершіліктерден босатады. Сәйкесінше, қылмыстық ітер қозғалмайды, ал қозғалған істер қысқартуға жатады.
Ақшаны жария ету акциясы азаматтар үшін де экономика үшін де тиімді. Жария етудың тиімді жақтарының бірі, әсіресе ақшаға қатысты,  табыс болып табылмайды, сондықтан оларға салықтық ауыртпашылық болмайды. Егер сіз ақшаны жария ету мақсатында арнайы банк шотына аударсаңыз, онда бюджетке 10 % алым төленбейді.

Сондай-ақ, бұрын ақшаны жария ету үшін оны банк шоттарында 60 айдан кем болмайтын уақытқа сақтайтын міндеттеме болған. Бүгінгі таңда ондай қажеттілік жоқ, жарияланған соң ақшаны өз қалауларынша жұмсауға болады.
ҚР аумағынан тыс жердегі мүліктерді жария ету үшін мелекеттік кірістер  органдарына жеке құжаттармен декларацияны тапсыру жеткілікті. Сонымен бірге,  жария ету субъектісінің өзімен анықталатын жария ететін мүліктің  құнынан 10 % алым бюджетке төленеді. Іспеттестікпен  10%-дық алымның төленуінсіз басқа тұлғаның немесе жария ету субъектісінің атына рәсімделген мүлікті жария етуге болады.

Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан Жарна – келешекте пайда болу табиғатын дәлелдей алмайтын мүлік пен ақшаны заңдастыруға нақты мүмкіншілік. Ашылуға қадам жасауға  және мүліктің қалай алынғаны туралы сұрақтың туындауынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, осы Жарнаны пайдаланған тұлғалар, жария етудің ерекшеліктеріне және қолжетімділігіне көздері жетті, осы Заң шыңайы жұмыс жасап, сенімділік қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді.

Осылайша, бүгінгі күні Өскемен қаласында мемлекетпен берілген бірегей мүмкіншілікпен 857 млн. 691 мың теңге заңдастырған 8 тұлға пайдаланды. Осымен бірге, бір тұлғамен шет елдегі жылжымайтын мүлік заңдастырылды.
Жоғарыда келтірілген деректер Сіздерге алғашқы қадам басуға бағыт болсын деп тілей отырып,  Шығыс Қазақстан аумағының тұрғындарын заңды айналымнан шығарылған ақша мен мүлік болған жағдайда, әшкереленуді тоспай, тез арада жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына кеңес алу және декларация табыс ету үшін жүгіну қажет.

Мүлік пен капиталдың түгенділігі және мүлтіксіз сақталуы Сізге байланысты!

Жария ету сұрақтары бойынша Тәуелсіздік даңғылы, 86, (402 каб), тел. 75-41-20, 75-19-16 (Өскемен қ. бойынша МКБ) немесе 24-47-93 (ШҚО бойынша МКД) жүгінулеріңізді сұраймыз.

Өскемен қаласында ақша мен мүлікті жария ету туралы

Асем ҚадырқызыАғымдағы жылдың 22 шілдесінде  ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Асем Қадырқызы Тұрлыбековамен өткізілген брифинг барысында мүлікті және ақшаны жария ету жөнінде, жария ету Заңындағы өзгерістер, жария ету субъектілеріңе берілетін кепілдіктер мен салықтық жеңілдіктер туралы түсіндірілді.
Асем Қадырқызының айтуынша, ақшаны жария ету процедурасы барынша жеңілдетілген: «Егер, жаңартылған Заңға өзгеріс енгізгенге дейін жария етілген ақша қаражаттары 5 жыл банктегі шотта сақталу тиіс еді, қазіргі уақытта жария ету субъектісі ақша заңдастырылған соң өз қалауы бойынша пайдалана алады. Әрине, бұл өзгеріс елді елең еткізді. Егер, бұрын мемлекеттік кірістер органдарына ақшаны жария етуге жүгінулер болмаса, ақшаны жария ету бойынша жеңілдетілген норма енгізілгеннен кейін ағымдағы жылдың 7 айында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жалпы сомасы  704 млн. 142мың теңгеге 7 декларация табыс етілді. Оның 6 декларациясы бойынша ақшаны банктік шотқа салу арқылы жария етті, бір декларация бойынша 500,0 мың теңге 10%-дық алымды төлеумен, яғни, банктік шотқа салмай заңдастырды.  Осылайша, жария ету субъектісі ақша қаражаттарды заңдастыруда өзіне ыңғайлы тәсілді қолданады».
Сондай-ақ, Асем Турлыбекова шет елдегі бір жылжымайтын мүлік заңдастырылғандығы туралы айтты.    
Брифингті қорытындылай келе, - «Егер жылжымайтын мүлік заңсыз алынса, құқық бұзушылық жасау арқылы алынған ақша, заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлкіңіз болса, онда Жарнаның жеңілдетілген нормаларын, кепілдіктерді пайдалану қажет. Мемлекет оларды жария ету арқылы «көлеңкеден» шығаруға мүмкіндік беріп отыр,  өйткеңі жалпыға ортақ декларациялау кезінде, мысалға,  оның заңдылығын түсіндіре алмайтын, немесе осындай объектіні сатып алуға табысыңыз сәйкес келмейтін,  өте қымбат тұратың объектіні анықтаса,онда сізбен құзыретті органдар айналысады. Осылайша, облыстың азаматтарына қазір ойланып, қажет болған жағдайда кідіртпей жария ету процедурасымен пайдалану қажет» деді Асем Кадырқызы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жария етудің орны

Сейльханова Роза ШакировнаҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментімен ұйымдастырлған «Азаматтық бақылау» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Мүлікті жария ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы маңызды құралдардың бірі» тақырыбында, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы  Сейльханова Роза Шакировна баяндама жасады.   
Конференция барысында, Роза Шакировна, жария ету туралы, оны өткізудің мақсаттары мен себептері, жария етуді жүргізу тәртібі, пайдасы мен тиімділігі, мүлік пен капиталды заңдастырудың қарапайым тәсілдері, жария ету субъектілеріне кепілдіктер мен салықтық жеңілдіктер жайында айтты.    
Өз баяндамасында, тақырыпқа қатысты, Роза Сейльханова келесіні мәлім етті:
«Елбасы айтқандай: «Жа­рия ету – бұл соңғы мүмкіншілік, осыдан кейін ешқандай жеңіл­діктер болмайды. Жария ету – бұл жалпыға бірдей декла­рацияны енгізу алдындағы соңғы мүмкіндік».
Өз алдына, заң, біріншіден, шет елдегі шоттар бойынша мәліметті жасырғаны үшін әкімшілік жазаның қатаңдауын ұйғарады, екіншіден, шет елдегі мүлікті міндетті түрде декларациялау. 
Демекші, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері келесі жылдың басынан бастап мүліктерін декларациялай бастайды. Жалпыға бірдей декла­рацияға көшудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, көлеңкелі экономиканың белсенділігін төмендету, сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру деңгейінін толық  көрінісін алу.  
Әзірше, 2016жылдың 31желтоқсанына дейін әр қайсымызда өз мүлкімізді, бағалы қағаздарды және ақшаны заңдастыруға уақыт бар. Сондай-ақ, бұл жарна тұрғын ұй, оған жалғастыра құрылыстар салған, заңсыз иелікте  сая-жай үйлері, гараждары бар жеке тұлғаларға арналған.   
Мемлекет қолдап, мүмкіндік беріп отырғанда осы мүмкіншілікті пайдалану қажет, өтйкені, мысалға, маңызды сомаға алынған, сіздің қаржылық есептеріңізде көрсетілмеген мүлікті анықтаса, сізбен сәйкес органдар айналысатын болады. Онда айыппұлсыз болмайды. Бүгінде, егер декларация табыс етуге міндеті бар азамат қандай да бір мүлікті жасырып қалса, онда бірінші айыппұл  жыл ағымында 250 АЕК құрайды. Егерде тағы да бір дерек анықталса, мысалға, ақшадан басқа қандай да бір жылжымайтын мүлікті декларацияда көрсетпесе, онда әкімшілік айыппұл сомасы екі есеге көбейеді, және 500 АЕК кұрайтын болады. Бірақ, азамат оның барлығын заңды түрде келгенін дәлелдей алса, әрине, ондай адамға жария ету қажет емес. Жария ету салық салудан бір нәрсені жасыруға негізі барларға керек.    
Осылайша, жалпыға бірдей декларацияны енгізген соң, фискалды органдарда субъектінін қандай да бір мүлкінің пайда болу табиғатының заңдылығы жөнінде сұрақтар туындамау үшін, облыстың азаматтарына қазір ойланып, қажет болған жағдайда кідіртпей жария ету процедурасын пайдалану қажет».

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Мүлікті заңдастыру акциясы

Заңдастыр да жайлы өмір сүр!

 

 

 

Жария ету имущества
     
Жария ету имущества
 
Жария ету имущества
 

 

 

  Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *. doc 38 KB
  Жария ету өздігінен әлемдік тәжірибеде жаңалық емес *. doc 27 KB
  Мүлікті жария ету туралы шағын ақпарат *. doc 26 KB
  Жария ету, соның ішінде ол - мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету *. doc 30 KB
  Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы *. doc 26 KB
  Мүлікті жария ету азаматтар үшін де, ел үшін де тиімді *. doc 26 KB
  Жауапкершілікке тартылудан қорқынышсыз мүлікті жария ету *. doc 26 KB
  Жария ету - 2014 – айырмашылықтары *. doc 28 KB
  Елдегі өткен жария ету қорытындылары *. doc 28 KB
  Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету *. doc 34 KB
  ШҚО тұрғыны шетелдегі мүлкін заңдастырды *. doc 30 KB
  Тұрғындардың назарына!!! *. doc 32 KB
  Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *. doc 38 KB
  Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ *. doc 94 KB
  "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы *. doc 111 KB

 

Бет өзгертілді: 22-12-2016