Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

ТҮКШ және көлік

Көлік

Өскемен қаласындағы көлік жұмысы туралы ақпарат

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының аумағында жолаушыларды және жүкті тасымалдау автомобиль, темір жол, су, ауа және электр көлігімен жүзеге асырылады.

Қаладағы темір жол көлігі «Қазақстан Темір Жолы» РМК Алматы темір жолының Защита бөлімінен және 150 орынға арналған теміржол вокзалынан тұрады.
Қаланың ауа тасымалдауларын «Өскемен Әуежайы» акционерлік қоғамы жүзеге асырады және оның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.

 Су көлігі қазіргі уақытта көлік саябағының және инфроқұрылымның жоқтығынан іске асырылмайды.
Қаланың электр көлігін «Тахами путь» ЖШС кәсіпорыны жүзеге асырады.
Өскемен қаласында негізгі тасымалдаушы автомобиль көлігі болып табылады.  

Қаладағы жолаушыларды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру бойынша бақылау Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзіретіне кіреді.

 Автобус және шағын автобустардың қозғалысын технологиялық басқаруды «Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» КМК орталық диспетчерлік қызметі жүзеге асырады.  Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және әр автобоус пен шағын автобустардың қоғалысын қадағалауға мүмкіндігі бар. 
Өскемен қаласының бағыттық желісі 2006 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандарымен әзірленген қалалық көлік жүйесін қайта құру жобасының негізінде құрылды. 

 Қазіргі уақытта Өскемен қаласында 57 автомобиль қоғамдық транспорттары қызмет етеді, оның ішінде 12 шағын автобустар және 45 автобус. Күн сайын қала маршруттарына 300 автобус және  100 шағын автобус шығады.

Бет өзгертілді: 16-07-2015