Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

ТҮКШ және көлік

Электрмен жабдықтау

«Шығысэнерготрейд» жауапершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Ворошилов к., 156

Тұтынушыларға арналған CALL орталығы 700-555 
Байланыс телефоны:8 (7232) 78 37 91
Факс:8 (7232) 78 37 98

Кәсіпорын тарихы

9.07.2004 ж. № 588-ІІ ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 25 б. сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды.Негізгі қызметі – электр энергиясымен жабдықтау. «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны, оның 100 % акциясы мемлекетке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 460 000-нан астам тұтынушыларға қызмет көрсетеді, оның ішінде 16 000-нан астамы заңды тұлғалар.

Кәсіпорынның қалыптасуындағы негізгі оқиғалар:

  • 2004 жыл– кәсіпорынның тіркелуі. «Шығысэнерготрейд» ЖШС ҚР «Электр энергетикасы туралы»  Заңының 25 б. сәйкес электр энериясын өткізу қызметін атқару міндетін мойнына алды. 
  • 2005 жыл– ұжымды қалыптастыру бойынша жұмыстың аяқталуы, тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді есептейтін бағдарламаның іске қосылуы; 
  • 2006 жыл- кәсіпорынға барлық тұтынушылар тобы үшін бірыңғай тариф бекітілді;
  • 2007 жыл– кәсіпорында сертификаттау бойынша дайындық шараларын әзірлеу және жүзеге асыру; 
  • 2008 жыл–кәсіпорынды  ИСО 9001:2000 сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау; 
  • 2009 жыл– босатылған электр энергиясын есептеу және оның төленуін бақылау бойынша жаңа бағдарламалық өнімді әзірлеу және ендіру, төлемнің баламалы тәсілдерін белсенді түрде ендіру;
  • 2010 жыл- энергия тасымалдаушыларға бағаны түбірлі реформалау жылы. ИСО 9001:2008 сапа сертификатын растау

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің құрылымы 3 кеңсеге бөлінген:

  • Front office - Front office тікелей тұтынушылармен жұмыс істейді, екі өңірге бөлінген – Шығыс және Семей.  Өңірлердің құрамына Өскемен, Бұқтырма, Оңтүстік, Риддер, Аягөз бөлімшелері мен Семей бөлімшесі кіреді; 
  • Middle office - мердігерлермен жұмыс істейді және кәсіпорынның қаржылық және сату қызметі үшін жауап береді. Оның құрамына бухгалтерия, аудит және қаржы бөлімі, баға белгілеу және өзара есеп айырысу бөлімдері, сондай-ақ келісім-шарт бөлімшесі мен диспетчерлеу және теңгерім бөлімі кіреді.
  • Back office – кәсіпорын қызметіне қолдау көрсетеді. Оның құрамына: заңгерлік, қызметкерлер құрамымен жұмыс істейтін және жұртшылықпен байланыс жасайтын, сапа менеджменті жүйесі бойынша, клиенттермен жұмыс істейтін, еңбекті қорғау және ҚТ, әкімшілік-шаруашылық бөлімшелері кіреді. 

Бас директор–Майкл Гленн Джонаган,
Атқарушы директор– Глибина Ирина Геннадьевна.

«Шығысэнергтрейд» ЖШС-нің 2010 жылғы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:   

2010 жылы «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушылары үшін 2 264 646 000кВт*сағат сатып алынды.   
2011 жылы 6 ай ішінде "Шығысэнерготрейд" ЖШС тұтынушыларына 1 337 703 597 кВт*сағат  сатып алынды.

Әлеуметтік жауапкершілік:
2010 жылы әлеуметтік жобаларға 1 942 825 теңге жұмсалды. Жобалардың негізгі бағыттары: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек, ШҚО балалар үйіне көмек.
2011 жылы 6 ай ішінде әлеуметтік жобаларға 3 362 310 теңге жұмсалды. Жобалардың негізгі бағыттары: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек, ШҚО балалар үйіне көмек.

Келешекке арналған даму

Компанияда жұмыстың тиімділігін арттыру бағдарламасының шегінде төмендегі жобалар іске асырылуда:

«Тәулік аймақтары бойынша шегерме ақылы тарифті енгізу есебінен табыстылығын арттыру»

Мақсаты: шегерме ақылы тарифті енгізу арқылы кем алынған кіріс пайызын төмендету.  
«Хабарлама-шоттарды жеткізу сапасын сақтап, жұмсалатын қаражатты азайту»

Мақсаты: клиенттерге қызмет көрсету деңгейін сақтап, хабарлама-шоттарды жеткізу үрдісін оңтайландыру.  
«Төлемнің баламалы әдістері»

Мақсаты: банктер мен төлем жүйелеріне төлем қабылдағандары үшін комиссиялық сыйақы төлеуге жұмсалатын қаражатты азайту    
«Заңды тұлғалармен келісім-шарт жасасуды оңтайландыру»

Мақсаты: келісім-шарт жасасуға кететін уақытты азайту, келісім-шарт бөлімінің қызмет көрсету сапасын арттыру
«Ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражатты оңтайландыру»

Мақсаты: басып шығаруға жұмсалатын қаражатты 2010 ж. шығыннан 15 % мөлшерінде азайту   
«Шағымдарды қарастыру үрдісін оңтайландыру» 

Мақсаты: шағымдармен жұмыс істеуге кететін жұмыс уақытының шығынын азайту   
«PR әдістердің көмегімен дебиторлық берешек айналымдылығының мерзімін азайту»

Мақсаты: сатылған электр энергиясы үшін алынатын алымдардың тиімділігін арттыру  
Қызмет көрсету сапасын жақсарту – энергиямен жабдықтау ұйымының басты міндеттерінің бірі. «Customer care» қызметі (клиентке қамқорлық) бұл бағытта көп жұмыс атқарып келеді: дербес қызмет көрсету орталығы ашылды және call-орталық штаты айтарлықтай көбейтілді, енді бұл қызмет облыстың басқа да қалаларында қол жетімді, электр энергиясы үшін төлем бойынша тұтынушылар белсенділігін арттыру жөнінде шаралар кешені әзірленіп, енгізілуде.  Соның ішінде, хабарлама шотты әлемнің кез келген жерінен электрондық пошта арқылы алуға болады. Тұтынушылар «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қызметтерін банктерде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан ұтқыр терминалдардың көмегімен де төлей алады. Жалпы кәсіпорын жұмысы Шығыс Қазақстан өңірін сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелерін уақытлы шешуге бағытталған.     

Бет өзгертілді: 16-07-2015