Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

ТҮКШ және көлік

Жылумен жабдықтау

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ

Байланыстық ақпарат:
Қазақстан Республикасы,  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61
Тел.: 8 (7232) 26 95 43
Факс: 8 (7232) 26 93 43

Кәсіпорын тарихы

Өскемен қаласын Орталықтандырылған жылумен жабдықтау 1950 жылы ЖЭО басталды.
«Өскемен жылу жүйелері» кәсіпорыны 1982 жылы 19 қарашада құрылды. 1983 жылы тамызда «Өскемен жылу жүйелері» құрамына жылу жүйелері және жер асты байланыстар цехы енді.

1997 жылға дейін Өскеменде тұрғындарды және кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ету мәселелерімен бірнеше жылу жабдықтау ұйымдары айналысқан еді: «Өскемен жылу жүйелері» ЕАҚ, «Востоктеплоэнерго» МК, «Металлургжилсервис» МК, «Эско» ЖШС, «Облтеплокоммунэнерго», олар 1997 жылы бір жүйеге бірікті. Осы жылы Алтай энергожүйесіне AES корпорациясы келіп, 1998 жылдан бастап кәсіпорын осы компанияның басқаруымен жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі және Солжағалау ауданындағы, Аблакетка ауданындағы, Меновной ауылындағы және Әуежай мен Промбаза шағын ауданындағы пештер бірыңғай «Өскемен жылу жүйелері» акционерлік қоғамы болып біріктірілді. 

Техникалық сипаты

  • Негізгі қызметі   – өндіру, жылу энергиясын тарату және жабдықтау;
  • Кәсіпорын қарамағында 340 км жылу жүйелері, 5 айдап қотару сорап станциялары және 11 орталықтандырылған жылу пункттері, сондай-ақ 7 пеш бар;
  • Пештердің орнатылған қуаты  – 289 сағ/Гкал;
  • Сатып алынған жылу энергиясы (Өскемен ЖЭО) – 2 228 мың Гкал/жыл;
  • Өндірілген жылу энергиясы– 110 мың Гкал/жыл;
  • Тұтынушылар (заңды тұлғалар) – 2 617;
  • Тұтынушылар (жеке тұлғалар) – 97 226;
  • Қызмет көрсетілетін аймақ – 195 шаршы. км;
  • Қызметкерлер саны - 600 .

Жетістіктері

  • 2008 жылғы 13 ақпанға «Өскемен жылу жүйелері» АҚ бастапқы капиталы 263 633 мың.теңгені құрды, ал 2010 жылғы 1 қыркүйекке  1 475 950 мың. теңгені құрды, осылай бастапқы капиталдың өсуі 1 266 077 мың. теңгені құрды.
  • Акция санының және Бастапқы Капиталдың өсуі 2010 жылғы 12 мамырда ҚР қаржы нарығын реттеу және қадағалау бойынша Агенттігінде тіркеуден өтті. Акциялар 2010 жылғы 8 тамызда орналастырылды.
  • Ақырғы оқыс оқиғадан кейін кәсіпорында 4 миллион адам – сағат өндірілді, бұл ұшін «Өскемен Жылу Жүйелері» АҚ естелік сертификат табыс етілді. Бұл Өскемен Жылу Жүйелері қызметкерлерінің Қауіпсіздік саласындағы кәсібилігінің үлгілі көрсетікіші. 
  • Кәсіпорын ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттары бойынша сертификат алды.
  • «Өскемен Жылу Жүйелері» АҚ табиғатпен пайдалануға рұқсат алды.

Әлеуметтік жауапкершілігі

«Өскемен Жылу Жүйелері» АҚ коммерциялық бөлімі тұтынушылардан олардың пікірін және жұмысты жақсарту мақсатында жыл сайын сауалнама жүргізеді.

Болашақ даму

  • Дамбыны өсіру  -  240 000 мың. теңге;
  • Севастопольская көшесінде жылу жүйелері аумағындағы пенополиуретанмен оқшауланған құбырларды ауыстыру  - 160 000 мың. тенге;
  • Өскемен ЖЭО-нан Мостовая көшесіне дейін ТМ800 магистраліндегі жылу оқшаулауды ауыстыру;
  • Сәтбаев, Абай даңғылындағы сорап станцияларында және № 2 пеште жиілік желімен жабдықталған сораптар орнатылған.;

Инвестициялық бағдарламалар аясындағы іс-шаралар:

- Құрал-жабдықтар жұмысының сенімділігін арттыру;
- Тиімді және энергия үнемдеуші технологияларды енгізу;
- Жылу энергиясының нормативті шығындарын төмендету.

«АЭС Согра ЖЭО» ЖШС

Мекен-жайы:
Жаңа-Согра кенті
Өскемен қаласы, 070017
Шығыс-Қахақстан облысы

Қабылдау бөлмесі:
Тел: 8 (7232) 203-359
Факс: 8 (7232) 203-236

Эксплуататцияға кіргізу мезгілі:- 1961 жылдың желтоқсаны
Продукция түрі: жылу және электроэнергиясы
Қуат күші:
Жылу – 232 Гкал/сағ
Электр  - 75 МВт

Орнатылған жабдықтар:

  • әрқайсысы 160 тонн өндіретін 3 бу қазаны
  • әрқайсысының қуаттылығы 25 МВт 2 турбина

Жылу энергиясының негізгі тұтынушылары:«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Жылы жайлар комплексі» ЖШС және де басқа заңды тұлғалар; Жаңа-Согра кентінің тұрғындары, Солнечный кенті, Радужный кенті (3827 абонент)

Негізгі элект энергиясының тұтынушысы: басқа заңды тұлғалар.