ТҮКШ және көлік

Сумен жабдықтау

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны туралы ақпарат

  ДиректорАубакиров Ержан Майданұлы

 Кәсіпорынның мекен-жайы:
Өскемен қаласы, Шекарашылар к., 59
тел. 8 (7232) 53-17-70 факс 8 (7232) 53-17-30

Меншік түрі – 100 пайыз мемлекеттік меншік.
Құрылтайшылары – Өскемен қаласы әкімдігі
Кәсіпорынның тіркелу күні: 2002 жылғы 1 қазан, 14712-1917-ГП мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Жарғылық капитал, негізгі қорлар құны:
Тіркелген жарғылық капитал – 837 664 146 теңге
2010 жылғы 1 қаңтарға жалпы жарғылық капитал – 3 344,3 млн. теңге.

Қызметтің негізгі түрі:

ОКЭД классификациясы бойынша: 360011 – суды жинау, тазалау және бөлу
37001 –  ақаба суларды жою және өңдеу
ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Заңы бойынша: сушаруашылық және канализациялық жүйе қызметтерін көрсету.

Жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша ақылай негізде жүзеге асыру кәсіпорынға рұқсат етілген қызметтің басқа да түрлері:

  • «Өскемен Водоканал» МКК қатысты емес, сумен қамту және канализация желілері мен имараттарында арнайы жұмыстарды орындау (апатты шеттету, желілердегі қосулар және хлорлау, канализациядағы бітелістерді шеттету және т.б.);
  • мамандандырылған транспорт және жол-құрылыс техника қызметтерін көрсету;
  • суларды, ағындарды, алкогольдық және алкогольсыз сусындарға зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
  • сыртқы суқұбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету (өз желілерінде жұмыстың қандай да бір түрлерін жүзеге асыру үшін абоненттерді уақытша өшіру және қосу);
  • суқұбыр және канализациялық шаруашылық жабдықтарын жөндеу (сорғы агрегаттары, өрт гидранттары, ысырмалар және т.б.);
  • сумен қамтудың үйішілік жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
  • өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс нысандарының құрылысы және қайта конструкциясы (технико-экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау);
  • тауарлы-материалдық құндылықтарды жүзеге асыру;

Негізгі тапсырыс берушілер: қаланың жеке және заңды тұлғалары

Сумен қамту бойынша: тұрғындар жүзеге асырудың жалпы көлемінен 57 пайызды алады
заңды тұлғалар – жүзеге асырудың жалпы көлемінен 43 пайыз
Канализация бойынша: тұрғындар жүзеге асырудың жалпы көлемінен 72 пайызды алады
заңды тұлғалар – жүзеге асырудың жалпы көлемінен 28 пайыз

Бет өзгертілді: 16-07-2015