Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

ТҮКШ және көлік

ПИК Ассоцияциясы

Қазақстан Республикасының Заңы Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1
ПИК қызметі бойынша қойылатын сұрақтар

ПИК мәселесі бойынша қала тұрғындарына ескерту

   Тұрғындардың құқықтары мен  міндеттері ПИК мүшесі ретінде мен  мына құқықтарға иемін:

  • ПИК басқармасына қатысу:Біз өз үйіміз бен ауламызда  ыңғайлы тұруымыз үшін ПИК не және қашан жасауы керек екенін анықтауымыз керек. Егер біз көршілеріміздің біреуі осы тапсырманы оңай шеше алады деп жауапкершілікке алатын болсақ немесе білсек, онда жалпы жиналыста өзімізді немесе ПИК- тің кез- келген мүшесін ПИК басқаруына немесе Тексеру комиссиясына кандидатураларын тарта алады.Басқару немесе Тексеру комиссиясының мүшесі ретінде біз бен сіздің ақшаларымыз қайда және дұрыс жұмсалып жатқанын бақылай және басқара аласыз;
  • Басқарумен  құрастырылған  Кесте бойынша өз ПИК- не келіп, кез-келген құжатты және оның қызметі туралы кез-келген ақпаратты қарастыру;
  • Біздің үйіміз бен ауламызды жақсы жағдайда ұстау үшін қажетті жұмыстарды орындауды ПИК-тен талап ету. Қажетті жұмыстардың тізімін ортақ жиналыста анықтауымыз керек, сондай-ақ біз қажеттіліктерімізді мүмкіншіліктерімізбен шатастырмауымыз керек- қанша төлей алсақ, сонша аламыз;
  • ПИК мүшелігінен еркін шыға аламыз, бұл жағдайда ПИК мүшелігіне барлық құқығымызды жоғалтамыз, бірақ үйді ұстау бойынша міндеттерімізден құтылмаймыз;
  • Егер ПИК жұмысы бізді қанағаттандырмаса ортақ жиналыстың шешімі бойынша сол ПИК- тен шығып, өзіміздікін құра аламыз;
  • Ай сайын мүшелік үстемелер және ортақ мүлікті ұстап тұру бойынша шығындарды төлеу;
  •  Меншік иелері құқығында өмір сүретін тұрғындардың саны жөніндегі мәліметтерді беру;
  • ПИК-тің ортақ мүлігіне  біздің кінәміз бойынша тиген шығындарды жабу, көршілерімізге жүктемей

ПИК-те қаржылық басқару.

ПИК-тің ағымдағы бюджетін дайындау,қаржы құралдарын басқарудың барлық жүйесінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру және өңдеу Басқарудың басты міндеті болып табылады.

ПИК қаржыларының жұмсалуын сенімді бақылауды және сенімді ақпаратты қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын басқарудың кешенді бағдарламасын дайындау керек.

Қаржылық басқарудың жүйесі мыналардан тұрады:

  • Бюджет процедурасының өңделуі.
  • Бухгалтерлік есебінің жүйесі.
  • Қаржылық есеп берулер.
  • Төлемдерді жинау процедурасы .
  • Ревизияны кезеңдеп өткізу.

  ПИК Басқаруының  Төрағасы:

  • ПИК ортақ басшылығын жүзеге асырады;
  • ПИК Басшылығының мәжілістерін шақырады және басқарады;
  • ПИК атынан арыз жасайды, биліктің мемлекеттік органдарында ПИК- тің өкілі болып табылады;
  • ПИК атынан сенім хатсыз әрекет ете алады;
  • ПИК Басқаруы мен ПИК Басқармасы арасында байланыс түйіні ретінде қызмет етеді;
  • Басқарушымен бірге Басқару үшін қызығушылық туғызатын сауалдардың сараптамасын жүргізеді;

Бет өзгертілді: 16-07-2015