oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Алғашқы суықтың түсуіне байланысты өз үйлеріңіздің қауіпсіздігін ойластырыңыздар

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы 2011 жылдың басынан бастап 263 өрт болған, онда 8 адам қаза болып, келтірілген залал 4041196 теңгені құрағана.

- Жыл сайын күннің суытуына байланысты өрттердің саны күрт өседі. Әдетте, тілсіз жаудың пайда болуының бірден-бір себебі – адамдардың электр құралдарын пайдалануда немқұрайлылық таныту болып табылады. Тұрғындардың көбісі жылыту үшін қолдан жасалған құралдарды пайдаланады, дегенмен зауытта шығарылған құралдар толығымен қауіпсіз деуге болмайды. Біріншіден, зауыттан шыққанда ақаулы болады, екіншіден, әр құралдың өзіндік пайдалану мерзімі бар, ол орташа есеппен 10 жылды құрайды. Оларды белгіленген мерзімнен артық пайдалану қатерлі жағдайға әкеледі. Қызыл жалыннан өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіру үшін электр құралдарын пайдаланумен байланысты барлық талаптарды орындау қажет. Өскеменде «пеш» өрттері санының көбеюіне қарай біздің қаламызда пеш қоры тек сөз жүзінде ғана жарамдылығын байқауға болады. Бәрімізге мәлім, кірпіштің өзіне тән қасиеті бар, өйткені пеш қабырғасында тұрғанда оған күш түседі. Уақыт өте тіпті ең сапалы кірпіштің өзі де үгітіле бастайды, - дейді Өскемен қаласының ТЖБ бас маманы Тимур Дидахметов.
- Пешпен байланысты өрттер негізінде екі себепте болады, - деп жалғастырды Тимур Дидахметов, - пешті жағу барысында қараусыз қалтырудан, бақыламаудан (пайдалану ережесін бұзу) және пештің өзін, яғни құрылысын дұрыс қаламаудан (пештің дұрыс қаланбауы немесе оның құрылымының қирауы). Пешті пайдаланып, жаққан кезде оның жағу ауызшасының есігі жабылуы қажет, өйткені одан түскен шоқ өртке әкелуі мүмкін. Және де пешті жанғыш сұйықтықпен жағуға болмайды.   

Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі шаралары:

  • Өз үйіңізде электр тартылымдарының дұрыстығын қадағалаңыз, бір розеткаға бірнеше энергия құралдарын қоспаңыз.
  • Тіпті аз уақытқа бөлмеден шықсаңызда, қосылған жылытқыштар мен басқада электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
  • Желіде артық жүктеу болғанда автоматты ажыратқыштарды бар ұзартқыштарды қолданыңыз.
  • тек зауыттан шыққан электр құралдарын қолдану және олардың вилкалары мен розеткалары жарамды жағдайда болуы тиіс;
  • құралдарды жанғыш заттардан (перделер, жиһаздар) 1,5 мертден кем емес арақашықтықта орналастыру;
  • 2 айда бір рет түтіндіктерді жиналған күйеден тазалау;
  • пеш алдына 70х50 см. көлемде  темірден жасалған кесікті қою;
  • шатырдағы түтіндік құбырына сылақ және  әктеу жүргізу;  
  • пешті жағуда жанғыш сұйықтықтарды қолданбау; жанып жатқан пешті қараусыз қалтырмау керек.
  • моржаға ұшқын сөндіргіш орнату.
  • балаларға көңіл бөлу, бөбектерді қараусыз қалдырмау.  
  • белгіленген орындарда ғана темекі шегу. Естеріңізде болсын, жатын орнында темекі тарту, әсіресе мас күйінде өрттің шығуына әкеледі.

 

 

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының ақпараты


 

Бет өзгертілді: 19-12-2014

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11