oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Діни экстремизм – ғасыр індеті

Жау жоқ деме, жар астында

Соңғы жылдары бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан елдің берекесі қашты. Себебі осы уақытқа дейін шет ел жаңалықтарынан ғана көріп, жанымыз түршігіп, жағамызды ұстап, сыртқы қауіп-қатер ретінде ғана қабылдап жүргенімізде терроризм бізге де келіп жетті. Жарылыс, атыс, қақтығыстардан қаншама адамдар зардап шегіп, ел дүрлікті.

Оның да себебі бар. Әсіресе, Қазақстанның батыс аймағын-дағы діни экстремизм мәселесі өз алдына бөлек күрделі тақырып. Себебі батыс аймақ – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақ-стан, Маңғыстау облыстарының жергілікті басқарушы би-лік органдары бұл тақырыппен бетпе-бет кездесті. Яғни, мәселе қоғам бетіне шығып, жұрт-шылықтың мазасын қашырды.
Төмендегі кестеден  Қазақ-стандағы 2011 жылғы діни-әлеуметтік ахуалды байқауға болады (кестеге қараңыз).
Бірнеше террорлық әрекет байқалған Қазақстанда діни экстремизм тақырыбын күн тәртібіне қойып талқылап қарастыру, шегерілмейтін шаруаға айналды.
Елдегі діни ахуалды 90-шы, тіпті 2000-шы жылдардағы жағдаймен салыстыруға кел-мейді. Өйткені 15 жылдан астам уақыт ішінде шет елдерден жеткен діни ағымдар қазақ қоғамына еніп, айтарлықтай тәжірибе жинап, тамырын жайып үлгерді. Бұрын-соңды көрмеген сақалдылар, балақтылар, киім-киістері өзгеше ер жігіттер мен қыздар қаптай бастады. Әрине, көпке топырақ шашайын деген ой жоқ, олардың да арасында мөлдір мұсылман жолымен жүргендері бар болар.
Бүгінгі таңда жекелей аймақтардағы діни ахуалды бөлек-бөлек зерттеу қажеттілігі туып отыр.

Діни экстремистік ұйымдарға кірудің алдын алу
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң бесінші ғимаратында студенттер мен оқытушылар қауымы, университет проректоры Слямбек Оразалин, қоғамдық ұйым өкілдері, ШҚО дін істері агенттігінің бас маманы Айдын Астаев, ШҚО ІІД діни экстремизммен күрес басқармасының бастығы Ғалым Оразбаев, Өскемен орталық мешітінің бас имамы Нұрлан Қажы, шіркеу қызметкерлері бас қосып, «Жастардың діни экстремистік ұйымдарға кіруінің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Аталмыш іс-шара алдағы уақытта өткізілетін халықаралық жастар форумы аясында өткізіліп отыр.
Бірінші болып сөз алған ШҚМУ-ң азаматтық құқық кафедрасының төрайымы Асыл Сәбитова діни экстремизмге қарсы күресте ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер заңының рөлі тақырыбында сөз қозғады. Ол өткен жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданғанын, оның тармақтарына ел аумағында емін-еркін жүрген миссионерлерді бақылауға алып, оларды және діни ұйымдарды тіркеуге мүмкіндік берер дегенді тілге тиек етті. Ал ШҚО дін істері агенттігінің бас маманы Айдын Астаев:
– Аймақтарда діни экстремистік ағымдардың белең алуы бірінші кезекте жер-гілікті билік өкілдерімен дін қызметкерлерінің салғырт-тығынан орын алады, – деді.

Насихатшыларға 100 АЕК (МРП) көлемінде айыппұл ШҚО ІІД Діни экстремизммен күрес басқармасының бастығы Ғалым Оразбаевпен сұхбаттасқанымызда ол:
– Біздің жұмысымыздың басты мақсаты тұрғындардың діни сауатын ашып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Облыс-тағы діни ахуал тұрақты. Біз мұсылмандар діни бір-лестігімен тығыз қарым-қаты-нас жасаймыз. Негізі салафиттерге, вахабистерге қарсы заң жоқ, тыйым салынбаған. Дегенмен де олармен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Және жаңа қабылданған заң күшіне енгелі көшелердегі діни ағымдардың насихатшыларына шара қолдана алатын болдық. Енді оларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал осы уақытқа дейін біздің облыста нақты діни ағымдардан зардап шегіп, шағым түсірген ешкім жоқ, – деген мәлімет берді.
Бірақ облысымызда діни ағымдардың өкілдері салафиттер мен вахабистер жоқ емес. Оларды өзіміз де көшеден көріп қалып жүрміз. Бірақ осы ағымдарды ауыздықтап, бетін кері қайтарып жіберетіндей біздің заңның күші жоқ. Жастардың діни экстремистік ұйымдарға кіруінің алдын алудан бастауымыз жөн-ақ. Осы орайда сөз жүзінде емес, іс жүзінде нақты іс-шаралар өткізіп, жастардың мұ-сылмандық пен салафит, вахабизмнің аражігін ажырата білетіндей діни сауаттарын ашса, бұл сұмдықтың да соңы көрінер.

Діни экстремизм деген не?
Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың іс-әрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм – діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда – терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқығын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әр-түрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды.
Кінәлілер айыптаушыларды – надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу – діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңды-лықтар да жатады.

 

«Өскемен» газеті

 

 

Бет өзгертілді: 19-12-2014

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11