oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есептік кездесуде сөз сөйлеу тезисі

«2012 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2013 жылға міндеттер туралы»

Өткен жылдағы оңды бастамалар мен қарқынды еңбек мемлекеттің қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттерін табысты іске асыруға негіз болды. Оларды жүзеге асыруға арналған шаралар кешені экономиканың тұрақты және үдемелі дамуы мен өскемендіктердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған Өскемен қаласының даму бағдарламасында белгіленді.   

2012 жылдың қорытындылары қала экономикасы дамуының төмендегідей нәтижелерімен сипатталады.

Өнеркәсіп және ауылшаруашылық

Өнеркәсіпте  өнім  өндірісінің көлемі 608,1 млрд. теңгеге былтырғы жылға 41,3 % өсіммен жетті.  Облыстық көрсеткіште қаланың үлесіне барлық өндірілген өнімнің 64,5 % тиеді, 2011 жылы оның жеке меншік салмағы 54 % құрады.

Өңдеуші өнеркәсіпте 568 млрд. теңге сомаға өнім, 45,1 % өсіммен өндірілді.

Өндірістің жалпы көлемінде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 91-ден 93,5 % өсті, бұл қосылған құны бар жоғары деңгейлі өнім өндірісінің артқанын байқатады.

Азық-түлік өнеркәсібінің өндірісінде 35,4 %, металлургияда – 43,8 %, машина жасауда – 46,3 %, жеңіл өнеркәсіпте 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда - 85,2 %, полиграфия (70,4 %), жиһаз дайындау (80,8 %), коммуналдық қызметтер өндірісінде электрмен қамтамасыз ету – 97,6 %, сумен қамту және суды бұру – 82,3 % төмендеу байқалуда.

Өндірістің өсімі есебінен мемлекеттік бюджетке 2011 жылға қарағанда салық 4,5 %  артық түсті, бұл 104,3 млрд. теңгені құрады.

Көп жағдайда өнеркәсіптік әлеуеттің өсіміне Үдемелі индустриалды-инновациалық даму Бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру ықпал етті.

Былтыр Қазақстанда баламасы жоқ жабдықты қолданумен «Востокмашзавод» АҚ шойын-болат цехын жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталды. Бұл бұдан кейінгі қазақстандық мазмұн үлесін арттыруға ықпал етті.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы «қазақстандық мазмұн» үлесінің мониторинг қорытындысы бойынша 68,55 % дан 70,02 % өсті, қарқынды өсім жалғасуда.

2011 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнім өндірісінің көлемі    5,8 % өсті және 5,3 млрд. теңгеге жетті.

Өткен жылда инфляция деңгейін белгіленген  106,1 %-да тұрақтандыруға қол жеткізілді, бұл 2011 жылға баға өсімінің екпінінен бір пайызға төмен.

Тұрғындардың әл-ауқат деңгейіне, әсіресе, әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын азаматтардың әл-ауқат деңгейіне баға өсімінің жағымсыз әсерін төмендету мақсатында атқарушы органдарымен нақты шаралар қабылдануда.

Баға өсімін тұрақтандыру мақсатында қалада 19 әлеуметтік бөлім жұмыс жасайды. Қосымша желтоқсан айында қаланың 6 базарында тұрақтандыру қорынан өнімді жүзеге асыру бойынша нүктелер (көкөніс, бакалея) ашылды.

2012 жыл бойында 27 демалыс күні жәрмеңкесі өткізілді, бұл облыстың шаруа және фермерлік шаруашылықтарына өткізудің қосымша нарығын ұсынуға, ал біздің азаматтар үшін – төмен бағамен өндірістік тауарларды сатып алуға мүмкіндік берді.

2013 жылы демалыс күні жәрмеңкесін өткізу жалғасын тапты.  6 қаңтарда қаланың 3 нүктесінде: ММС, «Сулпак» дүкені, «Заря» (ЖМҚ) базары жанында  ауылшаруашылығы өнімдерін, сонымен қатар тұрақтандыру қорының өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Қаланың 22 нан зауыттарымен меморандумдар бекітілді,  оған сәйкес 1 сорттағы ұннан жасалған нан бөлкесі тұрақтандыру қорынан 45 теңгеге, қала дүкендерінде 50 теңгеге сатылады.
«Ақсай нан» ЖШС  қаланың ірі дүкендеріне нанды 40 теңгеден сатса, олар дүкендерде 45 теңгеден асырмай сатады.

1 сорттағы ұнға бағаны тұрақтандыру бойынша 12 меморандумға қол қойылды.

Өтінімдерге сәйкес, қыркүйек-желтоқсан айларында  117,3 тонна ұн сауда кәсіпорындарына 48 теңгеге, қала дүкендеріне 53 теңгеге жеткізілді.

Тұрақты негізде тұрақтандыру қорындағы жеміс өнімдері мен бакалея тауарлары қаланың 40 сауда нысандарында сатылады.
«Шығыс-Самғау» ЖШС 2012 жылы қаланың сауда желілеріне 943,4 тн жеміс өнімдері, 346,8 тн бакалея тауарлары және 66,2 тн сиыр еті жеткізілді.

2013 жылға міндеттер:

  • Индустрияландыру картасы, қарқынды индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында 2012 жылы пайдалануға енгізілген нысандар бойынша 2013 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мониторингті жалғастыру;
  • Инновациялық құрамды ұлғайту есебінен жаңа жобалармен Индустрияландыру картасын толықтыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Қала кәсіпорындарында тауар, жұмыс және қызметті сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • Салық салу базасын және қосымша кіріс көздерінің қорларын іздестіру бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру бойынша қабылданатын шаралардың нәтижелілігін арттыру;
  • Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді жалғастыру;

Кәсіпкерлік

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 7463 шағын бизнес кәсіпорындары  тіркелген немесе 2011 жылға 104,8%, оның ішінде белсенділер 2011 жылдағыдай 2920 бірлікті құрайды.  

2012 жылға мемлекеттік бюджетке кәсіпкерлік субъектілерден 21,7 млрд. теңге немесе 2011 жылдың деңгейіңе 118,3 %, қалалық бюджетке 3,3 млрд.. теңге немесе 2011 жылдың деңгейіне 121 % алынды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласы бойынша жалпы құны 28,0 млрд. теңге болатын 75 жоба жүзеге асырылуда.  

2013 жылға міндеттер:

  • Бизнес қоғамында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды түсіндіру – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелрді қайта қаржыландыру, сондай-ақ,   «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен жүзеге асырылатын  «Бизнес-кеңесші» бағдарламасын түсіндіру бойынша жұмыстарды белсендіру;
  • Бизнесті дамыту Аймағы аумақтарында жаңа өндірістерді орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру;
  • Шағын бизнестің әрекетсіз кәсіпорындарын жою бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Инвестиция және құрылыс

   Қала экономикасына капитал құю 93,9 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 79,1 % құрады.

   Бюджеттік инвестицияның басым бөлігі құрылыстағы негізгі инвестициялық жобаларды іске асыруға, әлеуметтік сала нысандарын, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мен қайта құруға бағытталды.

   Барлық деңгейдегі бюджеттерден 2012 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 18,8 млрд. теңге бөлінді, бұл қала бойынша барлық капитал құюдың 20 % құрады.

2012 жылдың басынан бастап 91,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4 % артық. Дербес үй тұрғызушылармен 39,8 мың шаршы метр пайдалануға берілді, коммерциялық ұйымдармен 12,8 мың шаршы метр және құрылыстың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 38,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының аясында желтоқсанда төрт көп қабатты тұрғын үйлер  (1а, 2а, 3а, 5а позиция) яғни, 23,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 7,3 мың шаршы метрді құрайтын 80 пәтерлі екі жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша – 8,4 мың шаршы метрлі 114 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2012 жылға құрылыс-монтажды жұмыстардың көлемі 39,0 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың ұқсас аралығына 100,2 % құрады.

2013 жылға міндеттер:

  • Ағымдағы жылы төмендегі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарлануда:
  • 674 пәтерлі Мемлекеттік Тұрғын үй Жинақ Банкінің желісі бойынша 7 көп қабатты несиелік үйлер;
  • 280 пәтерлі 4 жалдамалы тұрғын үй;
  • «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша 240 пәтерлі 3 тұрғын үй;
  • «Жұмыспен қамту Бағдарламасы-2020»  бойынша:

- 55 пәтерлі аз отбасылық жатахқана;
- 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй;
- 36 жеке тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау қажет.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, көріктендіру мен автомобиль жолдары
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жүйесінде Центральный және Пограничный көшелерінің сумен қамту желісін жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды. 
Меновной ауылының сумен қамту желісінің құрылысы бойынша,  КСС-27 ден КСС-30 Ертіс өзені арқылы канализациялық дюккерді жаңғырту бойынша, КСС-14 тен КСС-17 қысымды канализациялық коллекторды жаңғырту бойынша жұмыстар орындалды.  
15,8 мың ш. метр жалпы алаңшалы  40 млн. теңге сомасында көше және өтпе жолдардың шұңқырын жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Көшелердің орта жөндеуіне 245,1 млн. теңге сомасында қаражаттар бөлінді. Менделеев, 30-шы Гвардиялық Дивизия, Тимофеев, Добролюбов, Тәуелсіздік даңғылы көшелері, Сол жағалаудағы этносаябақ ауданындағы жолдар  бойынша жұмыстар орындалды. Карл Маркс даңғылының құрылысы жалғастырылуда.
Қаланың  20 магистарльді көшелерінде бағдаршам нысандарына ауыстыру жүргізілді.
Крылов-Солнечный көшелерінің қиылысында Үлбі өзені арқылы жол асты көпірді жаңғырту басталды.
ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 42 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге келісім-шарт жасалды, олардың 40-да жұмыстар аяқталды.

Демеушілік қаражаттар есебінен Қазақстанда ірі мешіттің құрылысы аяқталды.

Мемлекет жайлы жағдай туғызу бойынша мәселені шешуге көмектеседі.

Бір лифтінің жөндеу құны 7,5 млн. теңге немесе бір пәтерге 200 мың теңге. Бұл қаражаттарды тұрғындардан жию мүмкін емес болғандықтан, лифттерді коммуналдық меншікке өткізіп, бұдан әрі жөндеу мен қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Бюджеттік қаражаттар есебінен 2012 жылы лифт жабдығын толық ауыстырумен 15 лифт жөнделді.

  • ға міндеттер:
  • Сумен қамту және суды бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда;
  • 2 жоба сумен қамту бойынша: Октябрь ауданында сумен қамту желісін жаңғырту (51,5 млн. теңге), «Өскемен Водоканал» МКК арттыру қысымды станцияны жаңғырту (90,9 млн. теңге);
  • Суды бұру бойынша 7 жоба: Солнечная көшесі бойындағы КСС17 мен КСС25 қысымдық кәріз коллекторын жаңғырту (200,4 млн. теңге), КСС 17 жаңғырту (277,8 млн. теңге), 18 тұрғын ауданның канализация желісінің құрылысы (Үлбі тұрғын ауданы) (151,2 млн. теңге), тазарту қондырғыларын дамыту (923,2 млн. теңге), Үлбі ауданы, Сол жағалау мен Аблакетка ауданында кәріз станциясын жаңғырту  (247,3 млн. теңге).
  • 2013 жылы тұрғындарды жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Бұл бағытта Үлбі кентінің жылумен қамтамасыз ету құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталады. Жоғары тұрған бюджеттен 222,2 млн. теңге бөлінді.
  • Крылов-Солнечный көшелерінің қиылысында көпірдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл қаланың орталық бөлігінде қосымша көліктік желіні жүктен босатуға мүмкіндік береді.
  • 19 тұрғын ауданның жаңа құрылыс ауданында К. Маркс даңғылы – жаңа автомагистарль салынады, бұл қаланың Сол жағалау аудандарында көліктік қол жетімділікті арттырады.
  • Жазғы аралықта негізгі қаланың көшелері мен жолдарына жөндеу жоспарланды, көктем аралығында қанағатсыз техникалық  жағдай анықталады.  Бұл мақсатқа 308 млн. теңге бөлінді.
  • Апатты лифттерді ауыстыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда, бұл мақсатқа 44 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтау     

Қала  тұрғындарына медициналық көмекті 9 емхана ұйымдары, амбулаторлық-емханалық көмекті – 37 емхана, дәрігерге дейінгі көмекті – 3 фельдшерлік-акушерлік (ФАП) және 3 медициналық пунктер (МП) көрсетеді.

Медицина мекемелерінің жұмыстарының қорытындысы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады.

Қала бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Сәби өлімі 1000 аман-есен туылғандарға 21,5-тен 15,8-ге дейін төмендеді. Бұл 2011 жылдың осы аралығымен салыстырғанда26,5 % төмен.

Туберкулезбен ауырғандар – 107,8, 100 мың тұрғынға 2011 жылдың   12 айына 112,9 жағдайға қарсы құрады. 2011 жылдың ұқсас аралығымен салыстыру бойынша балалардың ауруы 1,9 есеге төмендеді және 17,0 облыстық көрсеткіште 100 мың бала тұрғындарына 12,1 құрады.

Туберкулезден болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 13,8 % – 18,8 дан 16,2 төмендеді.

Қатерлі ісік аурулары 100 мың тұрғындарға 386,2 құрады бұл 2011 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 1,9 % жоғары және облыстық көрсеткіштен 40 % жоғары (ШҚО 275,7).

2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларынан болған өлім 5,6 % өсті және әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 197,5 құрады (2011 жыл 12 ай 187,0).

Қатерлі ісік ауруының ерте кезеңде анықталуы 87,2 %, облыстық көрсеткіште 83,3 құрады.

2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау жүйевсін дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру жалғастырылуда,  оның мақсаты «Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамыту қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту».
Үкіметтің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген, 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы окологиялық көмекті дамыту Бағдарламасы іске асырылуда, бағдарламаның мақсаты - онкологиялық аурулардан зардабынан тұрғындардың өлімін төмендету жолымен қазақстандықтардың өмір сапасы мен күтілетін ұзақтылықты арттыру болып саналады.

2013 жылға міндеттер:

  • Облыстық қан орталығы пайдалануға беріледі;
  • ЖМҚ 19 тұрғын ауданда көпсалалы қалалық емхана құрылысы;
  • Согра кентінде медициналық орталықтың құрылысын аяқтау қажет.

Білім беру

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің ұйымдар желісіне 94 бірлік, олардың 52-сі жалпы білім беру мектептері, олардың 8 қазақ тілінде оқытатын мектеп және 15-і аралас мектептер. 2011 жылдың қыркүйегінде Шығыс ауылында оралман-балалар үшін қазақ тілінде оқытатын № 33 орта мектеп ашылды.

2012-2013 жылы оқу жылы Ново-Явленка орта мектебі мен № 31 орта-мектеп лицей оңтайландырылды.

Аз қамтылған отбасының балаларына және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. 2012 жылы міндетті орта білім беру Қорынан оқушыларды тамақтандыруға – 87 млн. теңге, киім, аяқким алуға – 9,5 млн. теңге, балалар демалысы мен сауықтыруға – 12,5 млн. теңге бөлінді.
Ыстық тамақпен қамту 99,7 % құрады.
Материалдық-техникалық базаны бекітуге, 22 мектеп асханаларына асүй жабдығын алуға  13 млн. теңге бөлінді.

Қалада балалар санын қамту үшін № 26, 29 127 орынды мектепке дейінгі шағын орталықтар, № 24 орта мектепте 27 орынды мемлекеттік тілде оқу және тәрбиелеумен мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды. № 103 санаториялық балабақшаларында денсаулығы нашар балаларға 25 орынды бір топ ашылды. Жеке балабақшалар: «Лада» балабақшасы» ЖШС қосымша 78 орынға білім беруге тапсырыс анықталды, «Арина» балабақшасы» ЖШС 30 орынға анықталды. Сонымен 2012 жылы 287 орынды жаңа орындар ашылды.

Қорытындылай келе, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағда бойынша   2 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі бағдарламамамен қамту 98,6 % құрады.
2012 жылы ЖМК шағын ауданы, «Металлург» кенті, Меновной ауылдық округі үшін қазақ тілінде оқытатын балаларға арналған Асыл Мұра өнер мектебі ашылды. Ново-Явленка ауылында жаңа үлгідегі балалар мен жасөспаірімдер клубы, Мектепаралық дене шынықтыру орталығы, оқушылар шығармашылығының Сарайы ашылды.

2013 жылға міндеттер:

Білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында:

  • 12 жылдық орта білім беруге көшуге мектептерді дайындау мақсатында         2013 жылы жергілікті бюджеттен 83,8 млн. теңге қаражат бөлінеді.
  • 8 компьютерлік сынып, 4 лингафонды-мультимедиялық және арнайы физика, химия және биология пәндік кабинеттер, 4 ағашты өңдеу бойынша технологиялық кабинеттер, 37 мектептердің азық-түлік жабдығы үшін 45 бірлік технологиялық жабдық, 36 мектептерде видеобайқау жүйесі орнатылды.
  • Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерін дайындауға 250 млн. теңге бөлінді:
  • Оқушылар шығармашылығының Сарайын жөндеу бойынша жұмыстар аяқталады және үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыру бойынша арнайы салалық жұмыстар басталмақ;
  • аз қамтылған отбасының балаларының тамақпен, киіммен қамтамасыз етілуін, санаторийлерге  жолдама беруді жалғастыру қажет. Осы мақсатқа 122,6 млн. теңге бөлінді;
  • қалалық бюджеттің қаражаты есебінен айына 1,5 мың теңге есебінен күндізгі оқу бөліміндегі кәсіптік және арнайы лицейлердің, университеттер мен колледждердің студенттері үшін жол жүру құны жартылай төленеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс

Жалпы, 2012 жылдың қаңтар-қараша айларына қала бойынша орта айлық еңбекақы 2011 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 14,3 % өсті және 92666 теңгені құрады.

Әлеуметтік салада жұмыссыздар саны 334 адамды, 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 41,2 % құрады.  Тұрғындардың экономикалық белсенді қатарына кіретін тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,2 % (2011 жылдың 1 қаңтары – 0,5 %).

2012 жылға 6065 жаңа жұмыс орындары құрылды (2011 жылдың ұқсас кезеңіне 95,7 %).

Жұмыспен қамтамасыз ету органдары арқылы 3700 адам жұмысқа орналастырылды, яғни өтініш берушілердің 77,2 % қамтылды.  

Қоғамдық жұмыстарға 1263 жұмыссыз бағытталды. Кәсіптік оқытуға 480 адам, жастар тәжірибесіне – 125 адам жіберілді.

Тұрғын үй көмегі 13,7 млн. теңгеге 938 аз қамтылған отбасыларға көрсетілді, мемлекеттік атаулы көмек – 10,5 млн. теңге сомаға 152 отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік көмек 5,8 млн. теңге сомасында 563 балаға 278 отбасыларға төленді.
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар кедейшіліктің төмен шегінде тұратын тұлғалардың санын 1710 адамға дейін төмендетті.

«Жұмыспен қамтамасыз ету Бағдарламасы-2020» бойынша жүзеге асырылды:
1 бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарға 921 адам, жастар тәжірибесіне – 552 адам, арнайы дайындыққа 1520 адам, оқуларын 1274   адам аяқтады, жұмысқа орналасқаны 506 адам.

2 бағыт бойынша 128 млн. теңгеге 14 несиелік серіктестік қаржыландырылды.

Осылайша, «2020-Жұмыспен қамту» Бағдарламасын іске асыру тек қана жұмыссыздықты төмендетуге емес, сонымен қатар экономикалық дамудың төмен әлеуетімен елді мекендерден еңбек ресурстарын тиімді бөлуге бағытталды.

2013 жылға міндеттер:

1) «Жұмыспен қамту–2020 Бағдарламасының жаңа бағдарлама жүзеге асыруы жалғастырылады. Басымды қолдау бағдарламаның екінші бағыты бойынша несиелер беруде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар бойынша қолдау көрсетіледі.

Мүгедек-балаларды оңалтудың жаңа бағыты – иппотерапия алады. Оның аясында Винный ауылында атты манеждің ұстау ескерілді (98,9 млн. теңге).

Мәдениет және спорт

Өскемен қаласы әкімдігімен Елбасының спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру –сауықтыру шараларын, салауатты өмір салтын  белсенді дамыту үшін Жарлығын іске асыру бойынша міндеттер қатары  шешілді. Біздің алдымызға 2020 жылға дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың 30 % тарту міндеті  қойылған.

Спортпен бұқаралық айналысу үшін төсемді жабынмен 28 футбол алаңшалары жұмыс жасайды (оның ішінде 2 стандартты), 14 хоккей қораптары, олардың 4 қаланың шағын аудандарында, мектеп аулаларында – 10, жабық хоккейлі модульдер – 2.
Бүгінгі күнде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 32 мың адамды құрайды, бұл қала тұрғындарының 28 %. Мектептің оқушылары спорттың 25 түрлері бойынша спорттық секцияға қатысады. Өскемен қаласы үшін жерлесіміз Ольга Рыпакованың Лондондағы Олимпиадада иеленген алтын медалі спорттағы үлкен жетістікке айналды, бұл  жастарды спортпен шұғылдануға тартудың жарқын үлгісі болып табылады.

2013 жылға міндеттер:

1) Тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен бұқаралық айналысу үшін спорттық инфрақұрылмның қол жетімділігін кеңейту мәселесін шешу. Осыған байланысты «Восток» стадионның жаттығу кеңістігін жөндеу қарастырылуда (269,5 млн. теңге).

2) Жасанды төсеммен 4 спорттық алаңшалардың құрылысын бастау (бюджетен 44,8 млн. теңге бөлінді).

Қоршаған ортаны қорғау

Экология мәселесі қала тұрғындарының әр қайсысын толғандырады.

Қалалық әкімдіктің жанында экология мәселесі бойынша қоғамдық комиссия жұмысын жалғастыруда, оған ірі мамандар – экологтар, қоғамдық қызметкерлер, мемлекеттік органдардың басшылары, экология мәселесімен жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындар орынбасарлары, қалалық әкімдіктің жұмысшылары кірді.

Қала көшелерінің асфальтты төсемін жақсарту, автокөліктік ағымды тәртіпке салу, Үлбі өзені арқылы көпір асты жолын салу, МАИ қызметкерлерінің автокөліктік қаражаттардың шығарылымын қатал бақылауға алуларының есебінен автокөліктерден шығатын қалдықтардың барынша қысқаруына қол жеткіздік.

Комендатка өзенінің арнасын жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды.

ТМД аумағында экологиялық мониторинг қызмет етеді, ол атмосфераға зиянды заттардың шығуын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

2013 жылға міндеттер

1) Комендатка өзенінің түбін жаңғыртудың үшінші кезегіне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді яқтау;
2)  Мал қорымының құрылысын аяқтау есебінен эпидемияға қарсы шараларды  жүзеге асыру (30 млн. теңге)
3)  Қалада қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы бойынша жобаның жүзеге асырылуын бастау.

Ішкі саясат мәселелері

2012 жылы өткізілген іс-шаралар кешені қаладағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтысақтауға өз ықпалын тигізді.
Стратегиялық құжаттарды, мемлекеттік саясатты  насихаттау және түсіндіру бойынша құрамында 72 адам бар барлық деңгейдегі 8 ақпараттық-насихаттық топ  халықпен ақпараттық жұмыс жүргізді. Халықтың әр түрлі санаттарымен барлығы 3000 кездесу өткізілді, 185 000 астам адам қамтылды.  Әлеуметтік бағыттағы 671 баннер әзірленді.
Тоқсан сайын қалалық әкімдік жанындағы барлық кеңес беруші органдарының отырыстары өткізілуде. Ежеквартально проходят заседания всех консультативно-совещательных Жыл басынан бастап Кеңестің діни бірлестіктермен байланыс бойынша 5 отырыс, ҮЕО қарым-қатынас бойынша – 4 отырысы, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат бойынша 4 Комиссия, жастар істері бойынша Үйлестіруші кеңестің 5 отырысы өткізілді. Ақсақалдар кеңесінің, ардагерлер кеңесінің, зейнеткерлер мәселелерін шешу бойынша жұмыс топтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жыл көлемінде 2,5 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді: конференциялар, Форумдар, көрмелер, кездесулер, талқылаулар, жиналыстар, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдығының аясындағы, ҚР Қарулы күштерінің 20-жылдығының аясындағы, 160 мыңнан астам өскемендіктерді қамтыған, алғаш рет мерекеленген   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнінің аясындағы концерттер.

Дінтанушылар, діни конфессиялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дін, діни ағымдардың мәні туралы 200-ден астам іс-шаралар, 100-ден астам көшпелі кездесулер, 25-тен астам дөңгелек үстелдер, жиындар, семинарлар өткізіледі. 
2012 жылдың тамызында Өскемен қаласының орт алық мешітінің салтанатты ашыуы өтті, бұл мешіт ШҚО ең үлкен және Қазақстандағы «Хазрет Сұлтан» мен «Нұр-Астана» мешіттерінен кейінгі үшінші үлкен мешіт ретінде мойындалған.
Қала тұрғындарына толеранттылық, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын сіңдіру және түсіндіру бойынша 30-дан астам көрме өткізілді. Жыл сайын «Рождество», «Масленица», «Сабантуй», «Дожинки», «Құрбан айт», «Бір шаңырақ астында» форумы, «Славян базары», қаламызда тұратын барлық этностар белсенді қатысатын Қазақстан халқының бірлігі Күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізіледі. 2012 жылы Сол жағалауда орналасқан этноауылда толеранттылық мектебі ашылды, онда апта сайын әр түрлі этномәдени бірлестіктердің концерттері өткізіледі.
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі», «Жастар іс-тәжірибесі», әлеуметтік бағдарламаларының аясында іс-шаралар сәтті жүзеге асырылып, студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары мен  «Жасыл ел» жасақтарының қозғалыстарын дамыту жалғасуда. СҚЖЕЖ 2012 жылы 888 адам, «Жасыл ел» жасақтарына 180 адам, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасына 207 адам қатысты.
2012 жылы наурызда жастарға арналған әлеуметтік қызметтер байқауы өткізілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 5, 250 млн. теңге бөлінді.
Отанға оралған қандастарымызды қаланың қоғамдық өміріне жұмылдыру мақсатында Шығыс ауылында әкімшілік-қоғамдық орталық ашылды, онда Қазпошта, балалар-жасөспірімдер клубы, спорт және акт залы, кітапхана, әлеуметтік орталық, акушерлік-фельшерлік пункт жұмыс істейді.

2012 жылға міндеттер

1) Үкіметтік емес сектордың қаланың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге тартуды жалғастыру;
2) Конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында барлық мүдделі мемлекеттік және құқыққорғау органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынасын жүзеге асыру;
3) Қала тұрғындарын Мемлекеттік бағдарламалардың және атқарушы биліктің қызметі жайлы ақпараттандыру жөніндегі жұмысты  жалғастыру.
Өскемен қаласының алдағы кезеңге қойылған міндеттері Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиялық Жолдауында айқындалған. 
Елбасы Жолдауы жаңа жетістіктерге бағындыруға жаңа серпін береді. Жолдауда өмірдің жаңа стандарттарына нақты қадамдар анықталған. Қойылған міндеттер ел дамуына жаңа серпіліс беретініне кәміл сенемін. Елбасымен Стратегияда белгіленген бағыттар бойынша қазіргі уақытта бірлескен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа сапалы мазмұнға қол жеткізіп, жаңа жобаларды, жаңа бетбұрыстар бойынша жұмыс істеу кезеңі туды!

Еліміздің индустриалдық дамуына мүмкіндік туғызатын ЕXPO-2017 көрмесінің өткізілуі осының жарқын көрінісі болып табылмақ.

 

Бет өзгертілді: 19-12-2014

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11