«Интернет қызметтері» бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Өскемен қаласы наурыз 2014 жыл
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29Интернет қызметтерін бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
- Сатып алуға бөлінген қаржы : 251462,30 (Екі жүз елу бір мың төрт жүз алпыс екі) теңге (30) тиын.
- Осы тәсілді пайдаланудың негіздемесі:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 31-бабының 5-тармақшасы және қаржы бөлімі басшысының 2014 жылғы 14 ақпандағы № П-42 «Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы» бұйрығы.
- Жеткізушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі: техникалық сипаттамалар бойынша ұсынылған құжаттар сұралған құжаттарға сәйкес. Баға ұсыныстары өтінімге сай.
- Шарт жасалатын жеткізушінің атауы және орналасқан жері, мұндай шарттың бағасы: «Казахтелеком» АҚ, 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 67. Шарттың жалпы сомасы: 251462,30 (Екі жүз елу бір мың төрт жүз алпыс екі) теңге (30) тиын.
- Эксперттерді қатыстыру, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат – қатысқан жоқ.
- Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ШЕШТІ:
- 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 67, «Казахтелеком» АҚ жеткізушіден қызметтер сатып алынсын.
- Тапсырыс беруші «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, 2014 жылғы 19 ақпанға дейінгі мерзімде «Казахтелеком» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.
- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына (www.oskemen.kz) жолдасын.
Өскемен қаласы қаржы
бөлімінің басшысы К. Бұқабаева