oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді

Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Discovery Networks CEEMEA, серіктесі — "Қазтелерадио" Акционерлік Қоғамымен бірлесе отырып, Қазақстанда жаңа — Discovery Showcase HD арнасын (№126 HD және №102 SD сапада) іске қосады.   Арна  "OTAU TV" жерсеріктік хабар тарату желісінің «Толық» ақылы арналар топтамасында қол жетімді болмақ.
Discovery-дің ең үздік саналатын – Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra секілді телеарналарының қызықты оқиғалар, зерттеулер мен эксклюзивті материалдар, сүйікті шоулар, теңдесі жоқ, ең үздік танымдық-ойын-сауық бағдарламаларын HD сапада Discovery Showcase HD арнасынан мемлекеттік тілде көруді ұсынамыз. 
Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында ұсынылады (18:00-ден 24:00-ге дейін). Жыл бойы қазақ тіліндегі бағдарламаларының үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс және ағылшын тілдерінде көруді таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне "Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану", "Таңғаларық мұхит", "Аляска: ормандағы отбасы", "Кит аулауға қарсы соғыс" сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады.
"Біз абоненттерімізге қазақстандық нарығы үшін бірегей жобаны ұсынғанымызға қуаныштымыз. Енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісі  жаңа телеарнаны көрермендерге бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде шамамен 120 теле,- радио арналар ұсынылған, ай сайынғы жазылу құны 2500 теңгені құрайды, сондай-ақ 17 наурызға дейін акция ретіндебазалық топтаманың абоненттері үшін де "Discovery Showcase"(№102) телеарнасы тегін хабар тарататын болады", - деп атапөтті Евгений Галкин, "Қазтелерадио"АҚ коммерциялық директоры.

 

Бет өзгертілді: 28-02-2017

16.10.2017
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді.
17.09.2017
17 қыркүйек күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Өскемен қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман Республикалық Фестивалі өтеді.
12.09.2017
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 11.00-14.0
24.08.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында...
03.08.2017
Өскемен 1.08.2017 ж. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты
26.07.2017
Бүгін 2017 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
28.02.2017
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
1 2 3 4 5 6 7 8