Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сіздің мәліметіңізге келесі ақпаратты жолдайды

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
11-баптың 2-тармағы бойынша облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастыруға рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

Облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады (ҚР Салық кодексінің 78 тарауы – сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін). Тиісті құжаттарсыз жарнама объектілерін орналастыруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 528-бабының 3-тармағы бойынша тиісті рұқсат құжаттары болмай бюджетке төлем сомасын өндіру мен енгізуге сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін іс жүзінде орналастырылуы негіздеме болып табылады.

Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 333 қаулысымен бекітілген «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16 және 17-2 баптары негізінде сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы жарнама туралы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлейді.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілерін фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы бақылаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.

Сәулет және қала құрылысы бөлімімен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілерін фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы тексерулер тұрақты түрде жүзеге асырылады, кейіннен ақпарат Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына рұқсат құжаттарынсыз іс жүзінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бюджетке төлем сомасын өндіру және енгізу үшін жолданады.

Жоғарыда айтылғанның барлығын ескерумен сәулет және қала құрылысы бөлімі жарнама туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға қадала сұрай отыра ұйғарым жасайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу мәселелері бойынша кеңесті немесе қосымша ақпаратты алу үшін Киров көшесі, 33  ғимарат, 23 кабинетке жүгіну қажет.

 

 

Бет өзгертілді: 13-03-2017

Хабарлама

12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
13.03.2017
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласында оң жақ бұрылыстарды жасай отырып, қиылыстарды қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласында Меновной ауылынан Ахмер ауылына дейін Өскемен-Семей автомобиль жолын қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылымен қиылыстарда оң жақ бұрылыстарды жасай отырып, Жібек жолы көшесін қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.