Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Сақшылар сайысы

Ішкі істер органында қызмет жасау мықты денешынықтыру дайындығын талап етеді. Саламатты өмір салтын ұстанып, спорттық дайындықтарын жетілдіру үшін Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында жоспарланған спорттық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы мерекеге байланысты 12 наурызда ерлер арасында волейболдан турнир өткізілді. Оған ШҚО ІІД ардагерлері, Өскемен қ. ІІБ полиция бөлімдері: айдауыл қызметі, Үлбі ПБ, Ертіс ПБ, Солжағалау ПБ қатысып, жарыста бақ сынасты. Жарысқа қатысушылардың көңілдері көтеріліп, қызықты да тартымды ойын өтті. Басқарма жанында өткізілетін кез келген іс-шараға ат салысудан қашпайтын ІІО ардагерлері бұл жолы да ерекше белсенділік танытып, жарыстың қызықты өтуіне үлестерін қосты.

Өз басым спортты, соның ішінде әсіресе волейболды бала кезімнен жақсы көремін. Волейбол дене шынықтырумен қатар ой-өрісінді де жаттықтыруға себебін тигізеді. Өйткені қандай қарсыласқа қандай ойын тәсілін қолдану керек, қарсы команданың қандай осал тұстары бар, қалай ойынды ұйымдастыру керек сияқты ойын барысындағы тактикалар басты роль атқарады. Осындай мерекелік шаралар жиі өтіп тұратын болса, біздер үшін таусылмас қызықты да тартысты кеш,-деп жарысқа деген қуанышын Өскемен қ. ІІБ белді ойыншысы Асхат Мұтағалиев жасыра алмады.

Жүлделі 1-орынды Жол патрульдік полиция батальоны қанжығаларына байлады. Қалған екі жүлделі орынды Өскемен қ. ІІБ құрама командасы мен Үлбі полиция бөлімінің жігіттері өзара бөлісті. Жеңімпаздар ішкі істер басқармасында өткен салтанатты іс-шара барысында марапатталып, басқа да қызметкерлерге үлгі болды.

Kuss квартеті мен Миша Майский ЭКСПО-2017 алаңында бірлескен концерт береді

Kuss квартеті мен Миша Майский ЭКСПО-2017 алаңында бірлескен концерт береді

Өскемен қ. ІІБ Баспасөз қызметі

Бет өзгертілді: 18-03-2017

Хабарлама

22.05.2017
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалык көрме-конкурсы туралы»...
19.05.2017
Қазақстан нарығында ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты шетел компанияларының ұсыныстары таралуда.
19.05.2017
Қазақстан көшесі, 27 кабинет №405 менкен жайы бойынша 2017 жылғы шілденің 13 күні «Өскемен қаласының Жаңа Согра кентіндегі «№23 орта мектебі» МКМ-не қосымша корпус салу» жобасы бойынша ашық жиналыстар жүзінде қоғамдық тыңдаулар өтізіледі.
18.05.2017
Қалалық қажеттілік шеңберінде қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ескірген және жарамсыз автобустарды істен шығаруды есепке алумен), сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі – ЭКСПО-2017)
17.05.2017
Астана қ. 2017 жылғы 16 мамыр. Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми хост-бродкастері «Қазақстан» РТРК» АҚ болды.