Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Тұрғын үй қатынастары туралы»

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін өтініш иелері ақпаратты түзету үшін Қазақстан көшесі, 27 мекен-жайында орналасқан «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2 қабатында орналасқан 207 кабинетке хабарласу қажет.

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін кезекке тіркелген азаматтар келесі құжаттарды жаңарту қажет:

  1. жеке куәлігі (сәйкестендіру үшін);
  2. неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;
  3. аумақтық әділет органынан анықтама (өтініш иесінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқықтарына тиесілі тұрғын үйдің барлығы немесе жоқтығы туралы)
  4.   мекен-жайлық анықтама;
  5. халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын азаматтар өтініш иесінің халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындығын растайтын құжат ұсынады;
  6.  мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымның қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан қосымша анықтама ұсынады.

 

Бет өзгертілді: 12-04-2017

Хабарлама

12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
13.03.2017
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласында оң жақ бұрылыстарды жасай отырып, қиылыстарды қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласында Меновной ауылынан Ахмер ауылына дейін Өскемен-Семей автомобиль жолын қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.
05.01.2017
«ШҚО Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылымен қиылыстарда оң жақ бұрылыстарды жасай отырып, Жібек жолы көшесін қайта жаңарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін жауапты «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады, байланыс телефоны 8 (7232) 25-72-06.