Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қалалық «Тілдарын» олимпиадасы

2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді. Шараның басты міндеті – Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Бұл байқаудың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтап оларды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін және көп тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халқтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуді үйрету.

Байқауға ҚАЕУ колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ШҚМТУ студенттері, Қазақстан Корей колледжінің кәріс тілі мұғалімі қатысып, ҚАЕУ колледжінің 3 курс студенті Серікқалиқызы Жанна бас жүлдені қанжығасына, облыстық конкурсқа қатысуға жолдама алды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Амиргазин Али Ақылбекұлы – 1 орынды, ШҚМТУ 1 курс студенті Манакова Айгерим Сериковнаға – 2 орынды, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Бутышева Рината Бауржановна – 3 орынды иеленді.

Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Қалалық «Тілдарын» олимпиадасы

Бет өзгертілді: 12-04-2017

17.11.2017
Әр ұрпақ осы сұрақтардың жауаптарын іздейді?
24.08.2017
Ұйымдастырушылар – Өскемен қаласының әкімдігі, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.
22.06.2017
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 № 220 шілдедегі «2016-2018 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» қаулысын...
15.05.2017
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді.
12.05.2017
2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады.
28.04.2017
2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті.
12.04.2017
2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді.
10.04.2017
2017 жылдың 30 наурызында Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары негізінде «Жас техниктер станциясы» КМҚМ 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалақ семинар өтті.
29.03.2017
КМҚК «№ 100 балабақша – бөбекжайында» Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс- шаралар өтті.
10.01.2017
1 2 3