oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойыншаақпарат

Өткізілу мерзімі: 2017 жылғы 27 сәуір
Өткізілу уақыты: сағат 10.00 мин.
Өткізу орны: Қазақстан к., 102, Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхана

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкені өткізу мақсаты: мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту, жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина ашты. Жәрмеңкеге қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Шайзадақызы Екібасова, мүгедек әйелдер қоғамының төрағасы Мағиза Мүбаракқызы Мирзаветдинова, жұмыс берушілер атынан – Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары Светлана Геннадьевна Рахман құттықтау сөз сөйледі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қала экономикасының әр түрлі саласында-ғы 20 кәсіпорын қатысты, олардың арасында: «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК,  «Құндыз» ЖШС, «Ертіс концерт» КМҚК,  «Мегастрой-Өскемен» ЖШС,  «Асыл алтын бесік» балабақша-бөбекжайы» мектепке дейінгі мекемесі, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми тәжірбиелік орталығы, «Alan Motors» ЖШС,  Өскемен «Алма ТВ» ЖШС филиалы, № 11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы, Өскемен «Гелиос» ЖШС филиалы, «Шыгыс Алтай Сауда» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты музей-қорығы» КМҚК, «Қазақ саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі және басқа, олармен 40 кәсіп бойынша: инженер-экономист, инженер-жобалаушы, стандарт бойынша инженер, инженер-технолог, цех мастері, жүйе әкімгері, клиенттермен жұмыс жасайтын маман, кассир,  бейнежазба операторы, бензин құю операторы, тәрбиеші, мұғалім, делдалдармен жұмыс істейтін менеджер, сауда өкілі, көгалдандырушы, темірден жасалынған бұйымдар слесарі, жихаз жинаушы және басқа бос орындар ұсынылды.
Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын таныстырды, жұмыс іздеушілермен әң-гімелесу жүргізді, жұмысқа қабылдау шарттары туралы айтып берді, дербес мәлі-меттерін жазып алды.
Іс-шара ағымында жәрмеңкеде консультациялық орталық жұмыс істеді, онда жәрмеңкеге қатысушыларға тұрақты және жұмысқа орналасу, оқытудан, қайта оқытуды және біліктілікті арттыруда жұмыспен қамту қызметінің жолдамалары арқылы өту тәртібі түсіндірілді, сонымен бірге алдағы уақытта талап етілетін мамандықтар туралы айтылды.
Керекті мәліметтер бойынша мына сұрақтарға: жұмысқа орналасу,  қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру – 32 адам, тұрғын үй көмегін тағайындау және «Өрлеу» жобасына қатысу – 16 адам, ҚР ДСжӘДМ ШҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің өкілдерінен зейнетақылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша - 10 адам консультация алды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері шағын несиелендіру тиімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мәселелелері бойынша – 12 адамға консультация берді.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында «Азина», «Алтын Ай», «Belisima» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен шығарылатын өнімдерінің көрме-саудасы ұйымдастырылды.
А.С. Пушкин атындағы кітапханамен көргісі келетіндерге кітапханада экскурсия және арнаулы әдебиет  бойынша көрме ұйымдастырылды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеуге 90-нан астам адам келді, барлық жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтті. Жәрмеңке  барысында жәрмеңкеге қатысқан 32 кандидат жұмысқа орналасуға таңдалып алынды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойыншаақпарат

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойыншаақпарат

Бет өзгертілді: 28-04-2017

28.12.2017
2017 жылғы 27 желтоқсанда сағат 11.00-де Оқушылар шығармашылық Сарайында соғыс және еңбек ардагерлеріне, каланың аға ұрпақ белсенділеріне (барлығы 84 адам) Жаңа жылдық мереке өтті.
30.10.2017
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастайды.
24.08.2017
2017 жылғы 23 тамызда Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау мақсатымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
31.05.2017
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен.
25.05.2017
2017 жылы 24 мамырда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру белгісімен бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесі өткізілді.
19.05.2017
2017 жылдың11 мамырында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, Оқушылар шығармашылық сарайында жылдық қалалық сайыс отбасылар жарысы өтті
17.05.2017
Жұмыссыздарды 2017 жылғы 24 мамырда сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін Киров көшесі бойындағы «Жастар» саябағында өткізілетін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесіне қатысу үшін шақырамыз.
04.05.2017
Өскемен қаласының Жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмыстар жоспарының VI бөлігін жүзеге асыру аясында «Жас Отан» жастар қанатын және Қаланың жастар ресурстық орталығымен «Жұмыссыз жастар үшін ашық есіктер күні» республикалық акциясы өтті.
28.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойынша ақпарат
21.04.2017
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз азаматтарды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады.
1 2 3 4