oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Менің атым Махамбет»

2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ  қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті. Оған қала мектептерінің 5-7 сынып оқушылары қатысты. Сайыс шарты бойынша әр мектептен «Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» тақырыбы бойынша 1 оқушы Махамбет өлеңдерін сахнада нақышына келтіріп орындау болса, 2-ші оқушы «Тартынбай сөйлер асылмын...» тақырыбында ой-толғау жазу тапсырылды. Жалпы қала бойынша 16 мектептен 5-7 сынып оқушыларынан 32 оқушы тапсырыс берді.

«Менің атым Махамбет» тақырыбында  ашылу салтанаты өтті. «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» жылдарындағы «Елім-ай» деп еңіреген елдің, хандар мен билердің әділетсіздігін, Махамбет сынды от тілді, орақ ауызды ақынның хандарға берген жауабын өте тамаша сахналық көріністе көріп, тарихқа сәл де болса шегігіс жасап, көрерменге ой тастады. Болашақ еліміздің патриоты саналатын кіші буынның «Мен қазақпын», «Қазақстаным» атты әндер шырқады. Сайысқа оқушылар жақсы дайындықпен келген.

Сайыс соңында әділ-қазылар топ жарған оқушыларға марапаттау қағазын беріп, сыйлықтар таратылды. «Мен Өтемістің баласы Махамбет» атты мәнерлеп оқу сайысына 16 оқушы қатысты. Сайысқа «Тартынбай сөйлер асылмын...» тақырыбында ой-толғау жазуға 16 оқушы қатысты. І орын – Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейдің 6-сынып оқушысы Шаріпова Табиғат, № 45 бейімделген орта мектебінің 6-сынып оқушысы Сейтханов Нурдаулет, ІІ орын – № 42 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Маукенов Азат, № 43 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Уразаева Ботагөз, № 27 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Тусупова Рамира, № 27 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Даулетхан Мадина иеленді. 
Оқушылар өз шығармашылықтары мен өршіл өлеңдері арқылы Махамбеттің рухына бас иді. Қалалық сайыс өте жоғары деңгейде өтті.

Бет өзгертілді: 28-04-2017

17.11.2017
Әр ұрпақ осы сұрақтардың жауаптарын іздейді?
24.08.2017
Ұйымдастырушылар – Өскемен қаласының әкімдігі, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.
22.06.2017
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 № 220 шілдедегі «2016-2018 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» қаулысын...
15.05.2017
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді.
12.05.2017
2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады.
28.04.2017
2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті.
12.04.2017
2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді.
10.04.2017
2017 жылдың 30 наурызында Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары негізінде «Жас техниктер станциясы» КМҚМ 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалақ семинар өтті.
29.03.2017
КМҚК «№ 100 балабақша – бөбекжайында» Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс- шаралар өтті.
10.01.2017
1 2 3