Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ келесіні хабарлайды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау 29.05.2017 жылдан 04.06.2017 жылды қоса алғандағы аралықта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру баллдық жүйе ескеріле отырып (ең көп балл саны бойынша) жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау төмендегілерге жүзеге асырылады:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында 37/2 позицияның тұрғын үйіндегі 90 пәтерге, оның ішінде:
бір бөлмелі – 45 пәтер
екі бөлмелі – 27 пәтер
үш бөлмелі - 18 пәтер;
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында
58/2 позицияның тұрғын үйіндегі 198 пәтерге
бір бөлмелі – 36 пәтер
екі бөлмелі – 117 пәтер
үш бөлмелі - 45 пәтер;

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, Бағдарламаның барлық қатысушылары өздерінің жеке кабинеттерінде ақпаратты қараулары қажет. Тұрғын үй алған жағдайда, қатысушының жеке кабинетіне «ҚТҚЖБ» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама жіберіледі.
Бағдарламаның қатысушылары жолдама жеке кабинетіне келіп түскен күннен бастап  күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде ҚТҚЖБ берілген төлем қабілеттілігін растау туралы хабарламаны ЖАО  ұсынуға тиіс.
Бағдарлама қатысушысына төлем қабілеттілігіне теріс баға берілген жағдайда, сондай-ақ жолдама жеке кабинетіне келіп түскен сәттен бастап белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, ЖАО қалған Бағдарлама қатысушыларының арасынан басқа Бағдарлама қатысушысын іріктеу жүргізіледі.

Кезекке қою үшін жас отбасыларға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;
  2. Кемінде екі жыл некеде тұрған, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде) жас отбасы, сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы жас отбасыларға арналған тұрғын үй алуға үміткерлер болып табылады;
  3. өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы;
  4. отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;
  5. тұру мерзіміне қарамастан тұртын үй алуға үміткер қатысушының елді мекендегі тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелімінің бар болуы;
  6. Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:

әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;
осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

  1. өтініші берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.
  2. тиісті табыстармен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

Кезекке қою үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш;
  2. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
  4. Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Өскемен қаласында тұратынын растайтын, тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
  5. Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама (Н-1);
  6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
  7. Өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;
  8. Егер отбасы құрамына ерлі-зайыптылардың жұмысқа қабілетсіз ата-аналары қосылған жағдайда, онда ата-аналарының жеке куәліктерін және ерлі-зайыптылардың туу туралы куәліктерін ұсыну қажет.
  9. Отбасында мүгедектер немесе ҚР Үкіметпен бекітілген тізбеге сәйкес кейбір созылмалы ауырулардың ауыр түрлерімен ауыратын тұлғалар болған жағдайда, отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы ауырулардың ауыр түрлерімен ауыратындығын растайтын анықтама.
  10. Еңбекақы төлемі туралы анықтама.
  11. Өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) "кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар" мәртебесін растауына арналған құжаттар.

Назар аударыңыздар! 04.06.2017жылдан кейін ұсынылған өтініштер мен құжаттар қабылданбайды.

 

Бет өзгертілді: 10-05-2017

Хабарлама

23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4 5 6 7