oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Назар аударыңыз  аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

  1. Жібек Жолы көшесі, «Арзан» сауда орталығы-ның қарсысында халыққа қызмет көрсету әкімшілік ғимараты жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,60 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  18645500 тг., салық 83376 тг/жыл.
  2. Самар тас жолы, № 77 учаскесі әкімшілік ғимараты жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,0620 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  1717000тг., салық 8436 тг/жыл.
  3. Буров көшесінде, № 25/1 үйдің маңында жиналмалы-жиылмалы құрылымдарынан дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін (№ 1 учаске)  ауданы 0,0205 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  840800тг., салық 2967 тг/жыл.
  4. Буров көшесінде, № 25/1 үйдің маңында жиналмалы-жиылмалы құрылымдарынан дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін (№ 2 учаске) ауданы 0,0184га жер учаскесі, бастапқы бағасы  755000тг., салық 2663 тг/жыл.
  5. Қабанбай батыр көшесінде, № 124, 128 үйдің маңында оңай алынатын құрылымнан сүт өнімдерін сататын дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,0260 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  1066400тг., салық 3764 тг/жыл.
  6. Қ. Сәтпаев атындағы даңғылда, № 41 үйдің маңында гараждарды салу және орналастыру үшін әрқайсысының ауданы 0,0026 га 2 жер учаскесі, әрқайсысының бастапқы бағасы - 120000тг, салық 361 тг/жыл.

Жер учаскелерін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

  1. Бажов көшесінде, № 331/5 учаскенің маңында сауда киоскісін орналастыру үшін  ауданы 0,0015 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  121000тг., жалдау 234 тг/жыл.
  2. А.Молдагулова көшесінде, № 15/1 учаскенің маңында сауда киоскісін орналастыру үшін  ауданы 0,0015 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  121000тг., жалдау 684 тг/жыл.
  3. 19-шы тұрғын ауданда, 14-позиция спорт-сауықтыру кешенін  жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 1,0 га жер учаскесі, бастапқы бағасы  3800000тг., жалдау 166752 тг/жыл.

Жер учаскелерін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

  1. Айналма тас жолы өндірістік базаны жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 1,07га жер учаскесі, бастапқы бағасы 7645500 тг., жалдау180903 тг/ж.
  2. Самар тас жолы, № 2 учаскенің маңында қоймаларды жобалау, салу және орналастыру үшін  ауданы 0,16га жер учаскесі, бастапқы бағасы 886500 тг., жалдау 26124 тг/ж.
  3. Самар тас жолы, № 12 учаскенің маңында қоймаларды жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,2га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1107800 тг., жалдау 32656 тг/ж.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бағасының 5 пайызын құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; инженерлік коммуникацияларды қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; жер пайдаланушы 6 кВ кәбілдік желіні шығаруды жүзеге асыруы қажет; санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру жобасы жасалсын.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:
аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеленеді.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер салығын немесе жалдау сомасын уақытылы төлеу.
Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.
Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқару органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады) қабылданған күнен бастап бір жұмыс күннің ішінде ішінде жасасылады.

Аукционды ұтып алған тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.
Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі KZ860705034981501001. КБе 16, КНП 171

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда: «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі де, аукцион басталуынан 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар үшін телефондар: 8 (7232) 26-26-72, 26-34-64.

 

Бет өзгертілді: 11-05-2017

19.10.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 6 қарашада және 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:
07.09.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап,
06.09.2017
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бағыттарын іске асырады.
11.08.2017
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
11.08.2017
Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!
23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4