oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады. Бұл шара заманауи мектептердің жай-күйін танып-біліп, ондағы шәкірттердің қалай біліп алып жатқандарына бейжай қарамайтын қазақстандық әр отбасыны айналып өтпеуі қажет-ақ. 

Ата-аналардың көбісінің мектеп жиналыстарына қатыспайтыны жасырын емес. Бұл, өз кезегінде, ата-аналардың балаларының болашағына немқұрайлы қарауына әкеп соқтырып жатады. Сол себепті де ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күніне барынша мән-мағына беріп, бұл күні барлық ата-ана жаппай мектептерге келіп, балаларының сыныптарын аралап, олардың қалай сабақ өтіп жатқандарын өз көздерімен көріп, сынып етекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікірлесулеріне жағдай жасауға тырысып отырмыз.    
Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгеріс бар. Еліміздің барлық қаласы мен ауылдарында бір мезгілде өткізілетін шара барысында осы мәселелер туралы сөз болады. Осыған орай балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр.  

Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді. Алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын болады. 

Биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады. Сондай-ақ қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасының ажырауын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы бастау алды. 
Ата-аналар жиналысында мектеп әкімшілігі Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқыламақ. Осы және басқа да маңызды сұрақтарға жауапты ата-аналар жиналысынан білулеріңізге болады.    

Құрметті ата-аналар, бұл күні сіздер өз еріктеріңізбен мектеп кітапханаларына көмек қолын созуларыңызға да болады. Оқуға пайдалы деген кітаптарыңызды өздеріңізбен бірге әкеліп, мектеп кітапханаларына өткізсеңіздер, бұл да бір жарқын іс болары сөзсіз. Өйткені, бұл жерде сіз бен біздің балаларымыздың білімі мен болашағы тұрғанын ұмытпайық. 
Ал біздің болашағымыз – балалар!

Бет өзгертілді: 12-05-2017

10.01.2018
2017 жылдың 28, 29 қараша күндері Алматы қаласында «Өрлеу» БДҰО және «Micrоsoft» компаниясы өткізген «SMART – педагог: кәсіби табысқа жол» атты байқаудың республикалық туры болып өтті.
17.11.2017
Әр ұрпақ осы сұрақтардың жауаптарын іздейді?
24.08.2017
Ұйымдастырушылар – Өскемен қаласының әкімдігі, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.
22.06.2017
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 № 220 шілдедегі «2016-2018 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» қаулысын...
15.05.2017
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді.
12.05.2017
2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады.
28.04.2017
2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті.
12.04.2017
2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді.
10.04.2017
2017 жылдың 30 наурызында Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары негізінде «Жас техниктер станциясы» КМҚМ 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалақ семинар өтті.
29.03.2017
КМҚК «№ 100 балабақша – бөбекжайында» Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс- шаралар өтті.
1 2 3