Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қалалық «Абай оқулары» байқауы

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді. Шараның басты міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру. Бұл байқаудың мақсаты қазақ тілінің көркемдік келісімін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау, қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіріп, Абай шығармаларын тіл үйретудің тиімді әдісі ретінде таныту.

Байқауға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі №№ 10,13,20,30,37, орта мектептері, Ахмер орта мектебінің өкілдері қатысты.

Қалалық байқаудың жеңімпазы Белая Алина Павловна жүлдені қанжығасына байлап, облыстық конкурсқа қатысуға жолдама алды. 1-орынды Муртазина Анастасия Сергеевна, 2-орын Кочергина Юлия Сергеевнаға тиесілі болып, 3-орынды Аукштакальните-Грунэ Ирина Николаевна иеленді.

Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Городской конкурс «Абай оқулары»

 

Бет өзгертілді: 15-05-2017

Хабарлама

22.06.2017
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 № 220 шілдедегі «2016-2018 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» қаулысын...
15.05.2017
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылдың 12 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-де қалалық Абай оқулары байқауын өткізді.
12.05.2017
2017 жылы 12 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады.
28.04.2017
2017 жылдың 22 сәуірінде «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қалалық «Менің атым Махамбет» айдарында «Махамбет оқулары» өтті.
12.04.2017
2017 жылдың 12 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында қалалық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді.
1 2 3 4 5 6