Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының  2 – ші маусымы бастау алды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен  өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаты - біздің көпұлтты елімізде тұратын халықтардың тілдерінде, балаларға арналған жаңа әндер арқылы балалар музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.
«Бала дауысы» байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерті, 13- ші мамырдан  29- шы қазанға дейін созылатын республикалық шығармашылық марафонның бастауы болады.

Жобаның идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы мен Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы «Бала дауысы - 2017» байқауына бастау береді. Мәдениет сарайы сахнасында кең байтақ еліміздің түкпір – түкпірінен келетін бірінші маусымның 23 финалисті өнер көрсетеді. Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастауын алуы кездейсоқ емес. «Бала дауысы - 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая.

13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар мен жобаға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Ал, музыка пәні мұғалімдеріне арнайы баларға арналған жаңа ән жинақ тапсырылады. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2 – ші қыркүйек пен 21- ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі - КТК арнасының эфирінен көрсетіледі.

Күз айында еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек» Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды.

27, 28 және 29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың Супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалисттерінің қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.
Толық ақпарат www.baladauysy.kz сайтында.

 

Бет өзгертілді: 15-05-2017

Хабарлама

02.05.2017
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы 12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
26.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Баспасөз хабарлама
28.02.2017
Ұйымдастырушылары - қалалық білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК 
28.02.2017
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды.
17.02.2017
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің жас мұғалімдері Қайранов Данияр Мұратбекұлы, Нурмухамбетова Алуа Кенжегалиевна, Еркін Қуаныш өз оқушыларының өнерін ортаға салды.