oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Шығыс Қазақстан облысында "ШОБ топ-менеджментін оқыту" жобасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Құрметті Өскемен қаласының кәсіпкерлері! Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Даму" Қорының Аймақтық филиалында "Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту" жобасына қатысуға өтінімдерді жинау басталды.
Жобаның мақсаты – табысты бизнес құрудың жаңа үлгілерін енгізу, әрекет етуші кәсіпорынды тиімді басқарудың дағдыларын дамыту және стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шетелдік оқыту орталықтарын шақырумен, "Назарбаев Университеті" Жоғары бизнес мектебінің негізінде шешу.

Шағын және орта бизнес топ - менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең: Топтағы үш күндік аудиториялық сабақтар  .
2 кезең: 3 онлайн- семинар
3 кезең: Бизнес жоспарлар жасау және бағалау
Жобаның аяқталуынан кейін кәсіпкерлерге Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлескен Назарбаев Университетінің оқытуын сәтті аяқтау туралы сертификат беріледі. Кейін кәсіпкерлер "Іскерлік байланыстар" жобасы бойынша шетелде тағылымдамадан өтуге қатысуға бизнес-жоспарларды ұсына алатын болады.

«Шағын және орта бизнес топ - менеджментін оқыту»: жобасының қатысушыларына қойылатын талаптар:
Өтінішкер кәсіпорында жоғары немесе орта буындағы жетекші қызметін атқаруы тиіс.
Кәсіпорын шағын және орта бизнес субъектісі болуы тиіс.
Кәсіпорынның  ағымдағы қызметі "Бизнестің жол картасы - 2020" Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының Экономиканың басым секторлары тізімі аясында іске асырылуы тиіс. Оқытудан өту кезінде жүретін жол мен тұру ақысы меншікті қаражат есебінен қаржыландырылады.

Қатысушыларды оқыту бойынша шығындарды төлеу республикалық бюджет есебінен іске асырылады.
Толық ақпаратты алу және қатысуға өтінім ұсыну үшін Өскемен қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, мекен-жайы: Жеңіс даңғылы, 6, тел.: 8(7232) 560-590, ішкі 3407 және Семей қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, мекен-жайы: Абай к., 5, тел.: 8 (7222) 600-050 жүгіну қажет.

 

Бет өзгертілді: 23-05-2017

15.12.2017
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды.
15.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
14.12.2017
2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
14.12.2017
2017 жылдың 13 желтоқсанында Орталық балалар кітапханасында (М. Горький к-сі, 54) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «С чего начинается Родина» атты сурет байқауы өтті.
14.12.2017
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам өміріндегі ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың Ортақ векторын анықтайды.
13.12.2017
Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
13.12.2017
Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
13.12.2017
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамға етене араласуы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
06.12.2017
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
29.11.2017
Бүгінде біз барлық қазақстандықтармен бірге - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11