oskemen.vko.gov.kz / НовостиНовости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Назар аударыңыз  аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:
Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

Комсомол көшесінде, № 37/2 үйдің маңында гараждарды салу және орналастыру үшін әрқайсысының ауданы 0,0024 га 6 жер учаскесі, әрқайсысының бастапқы бағасы - 120000тг, салық 334 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 3 (үш) жылға жалға алу құқығы:

Жібек Жолы көшесінде оңалту орталығының маңында көпқабатты тұрғын үйлерді жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 6,0га жер учаскесі, бастапқы бағасы  9969624тг., жалдау 979668 тг/жыл.          

Жер учаскелерін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

Промышленная көшесінде № 1 учаскенің маңында автотұрақты жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,077 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 650000 тг., жалдау 11859 тг/ж.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бағасының 5 пайызын құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Ауыртпалықтар (шектеулер): Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; инженерлік коммуникацияларды қорғау аймағын сақтау, оларды жөндеу және  қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:
аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеленеді.
Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер салығын немесе жалдау сомасын уақытылы төлеу.
Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.
Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқару органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады) қабылданған күнен бастап бір жұмыс күннің ішінде ішінде жасасылады.

Аукционды ұтып алған тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.
Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі KZ860705034981501001. КБе 16, КНП 171

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда: «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі де, аукцион басталуынан 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар үшін телефондар: 8 (7232) 26-26-72, 26-34-64.

 

Бет өзгертілді: 25-05-2017

19.10.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 6 қарашада және 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Киров көшесі, 33 мекенжайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:
07.09.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап,
06.09.2017
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бағыттарын іске асырады.
11.08.2017
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
11.08.2017
Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар!
23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4