Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді ол.
Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей алады.
Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

 

Бет өзгертілді: 31-05-2017

Хабарлама

30.10.2017
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастайды.
24.08.2017
2017 жылғы 23 тамызда Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау мақсатымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
31.05.2017
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен.
25.05.2017
2017 жылы 24 мамырда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру белгісімен бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесі өткізілді.
19.05.2017
2017 жылдың11 мамырында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, Оқушылар шығармашылық сарайында жылдық қалалық сайыс отбасылар жарысы өтті
17.05.2017
Жұмыссыздарды 2017 жылғы 24 мамырда сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін Киров көшесі бойындағы «Жастар» саябағында өткізілетін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының және мамандықтардың жәрмеңкесіне қатысу үшін шақырамыз.
04.05.2017
Өскемен қаласының Жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмыстар жоспарының VI бөлігін жүзеге асыру аясында «Жас Отан» жастар қанатын және Қаланың жастар ресурстық орталығымен «Жұмыссыз жастар үшін ашық есіктер күні» республикалық акциясы өтті.
28.04.2017
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнаулы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізу қорытындылары бойынша ақпарат
21.04.2017
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз азаматтарды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады.
09.02.2017
2017 жылғы 9 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.
1 2 3 4