Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 29.05.2017 жылдан 04.06.2017 жыл аралығында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылдады.

«Электрондық үкімет» веб-порталында болған техникалық ақауларға байланысты, өтініштерге өтініш иелерінің жұмыс орнынан және еңбекақы төлемдері туралы анықтамалары тіркелмей қалған.

Осыған байланысты, аталған кезеңде құжаттар өткізген жас отбасылар «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 201 кабинетіне қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) құжаттарды өткізу кезінде жұмыс орнынан алынып, техникалық ақауларға байланысты тіркелмей қалған келесі құжаттардың сол кездегі электрондық үлгісін қосымша ұсыну қажет:

  1. Өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;
  2. Еңбекақы төлемі туралы анықтама.

 

Бет өзгертілді: 23-06-2017

Хабарлама

23.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында
25.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 12 маусымда сағат 10.30-де Киров көшесі...
15.05.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады.
10.05.2017
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 26 мамырда және 12 маусымда сағат 10.00-де Киров көшесі...
12.04.2017
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
1 2 3 4 5 6 7